Дәрігерлерге жанында қамқоршы ер адамы жоқ әйелдерді қарауға тыйым салды

Ауған билігіндегі «Тәліптер» радикалды қозғалысының (Қазақстан мен әлемнің көптеген елінде Біріккен Ұлттар Ұйымының ұйғаруымен террористік қызметі үшін насихаты мен әрекетіне тыйым салынған – ред.) Газна провинциясына қарасты Мұқыр ауданындағы ресми тұлғалары дәрігерлерге жанында қамқоршы ер адамы жоқ науқас әйелдерді медициналық мақсатта тексеруге тыйым салды.

 Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Ауғанстанның денсаулық сақтау органдарындағы дерек көзіне жөн сілтеген Etilaatroz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тәліптердің басшылық ету және жалдау жөніндегі комиссиясы жариялаған мәлімдемеде айтылғандай, жанында қамқоршы ер адам жоқ әйелдердің медициналық мекемелерде өз бетінше қаралуы заңсыз әрі өнегесіз болып табылады, осыған байланысты медицина қызметкерлеріне мұндай пациентті қараудан бас тартуды талап еткен. Бұл тыйым өзге аудандарда да қолданысқа енгізіледі.