Шынайы діни ахуалмен интернеттегі діни ахуалдың байланысы

Қазіргі таңда Қазақстандағы діни ахуалдың бірқатар оңтайлы негіздері қалыптасқан, тұрақты, қоғамдық келісім мен бейбітшілік қағидаларына сүйенетін азаматтық қоғам қалыптасқаны белгілі.

Сонымен қатар, деструктивті діни ағымдардың қоғамға әсері түрлі деңгейде ықпал етуде, интернеттегі белсенділік пен шынайы діни жағдайдың салыстыруында бірнеше бағыттар бойынша айырмашалықтар орын алуда. Сирия мен Ирак аймақтардан «Жусан» гуманитарлық операциясы аясында елге қайтарылғандар арасында деструктивті көріністер қоғамға әліде әсер етуде, ағымдағы жылы Батыс өңірімізде орын алған оқиға соның негативті көрінісі болғаны анық.
«Global digital 2022» деректері бойынша интернет желісін пайдаланушылар қатарында Қазақстан Республикасында 15,4 млн. қамтылған.
​Әлеуметтік желідегі діни ахуалдың нарративтері бірнеше бағыттармен өрбуде: діни ағымдардың жекелеген уағызшылары дәстүрлі исламның ұстанымдарын сынап, өзгеше бағыттарын насихаттауға тырысуда:
- діни атрибутикадағы кейбір элементтерді (тәспі санау, мазарларға зиярат орындау, бейіт-кесенелерде құран бағыштау) жоққа шығарып, қате түсініктер деген айыптарды жариялауда;
- интернет пайдаланушының сандық жағынан артуы, ақпараттың жылдам таратылу факторларын ескергенде желідегі жастардың санасын арбауға кері әсері бар;
- отбасылық және күнделікті өмірдегі психологиялық тренингтер мен түрлі курстардың танымалдығын пайдаланып (aффирмация, жасанды интеллект әдістері т.б.) жақтастардың санын көбейтуге тырысуда.
Интернет желісінде әсіресе «ю туб», «инстаграмм» желілерінде жекелеген діни топтардың өкілдері ретінде танымал болғандардың (жазылған саны 100 мыңнан астам) ресми діни бірлестіктерден бөлек іс-әрекеттері ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес келмесе, жекелеген адамдар миссионерлік қызметпен немесе басқа да рұқсат алынбаған діни қызметпен айналысуына тыйым салынады.
Интернеттегі жекелеген, «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» сияқты бірігей діни бірлестіктің мешіт пен медреселерінің ұстаздары болмаған, діни топтардың өкілдері есептелетін дәстүрлі исламға қайшы келетін ұстанымдарды насихаттауға жол берілмеуі тиіс. ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің» 489, 490 баптарында көрсетілген әкімшілік айыппұл шаралары қарастырылған. Мемлекеттік құрылымдар, ғылыми сарапшылар, белсенді азаматтық қоғам өкілдерінің атсалысуымен әсіресе интернеттегі діни ағымдардың әрекеттеріне қатаң бақылау орнатудың маңыздылығы артуда.