ҚҰРБАН ЕТІН САТПАҚ БОЛҒАН МЕДРЕСЕ ҰСТАЗЫ ӘШКЕРЕ БОЛДЫ

22-25 шілде аралығы әрбір мұсылман жұрты үшін қасиетті ай болып саналатын Құрбан айт мерекесі өтті. 

Құрбан шалып, жаратқанның разылығын алуға тырысқан әрбір мұсылман қайырымдылық жасауға тырысып бақты. Осындай жақсылық жасайтын ізгі мереке кезінде де жеке бас пайдасын ойлайтындар қарасы бар екен. Қызылорда өңірінде медресеге апарған құрбан еті өз иелеріне жетпеген. Сол жердегі Мұхтар есімді ұстаз құрбан етін базарға апарық сатқан мыс. Бұл ақпарттың шын екендігіне видеоматериалдан көз жеткізе аламыз. Бір құрбан еті ғана емес, медресеге садақа, ақшалай көмек берілетіні сөзсіз. Бұны кім бақылайды? “Аңқау елге арамза молда”,- деп қазақ бекер айтпаса керек.