"Дінге кеткен бе?" Сақал өсіріп алған Димаш Құдайберген сөзге қалды

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген сақал өсіремін деп көптің талқысына түсті. Оның жаңа образын оғаш қабылдап жатқандар көп, деп хабарлайды Экспресс К.

Димаш Құдайберген достарымен демалып отырған видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда әнші ойын ойнап отыр.

Арасында белгілі актер Артур Төлепов те бар. Алайда әншінің жаңа образы көптің сынына қалды. Сақал өсіріп алған Димашқа түрлі пікір жазып жатқандар көп.

"Уақытыңды қызықты өткізіп жатқаныңа қуаныштымын. Біздің де жай-күйімізді, сағынғанымызды ескеріпсің. Әлде өзің сағындың ба?", "Димаш, сақал өсіріп дінге кетейін дедің бе? Достарымен жақсы демалып жатыр екен", "Бәрі жақсы болсын, Димаш әлемді мойындатқан қазақ. Біз сенімен мақтанамыз", "Димаш, жақсы демал! Достарыңмен көңіл көтергенің жақсы болған екен", — деп жазды желі қолданушылары.