Ақтауда есірткі сатумен айналысқан Ресей азаматы ұсталды

Ақтауда есірткі сатумен айналысты деген күдікпен Ресей азаматын полиция ұстады, деп хабарлайды Arbat.media.

Маңғыстау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтауда 5 шағын аудан аумағында есірткі затын сатумен айналысады деген күдікпен 20 жастағы РФ-ның азаматын ұстады.

ІІМ телеграм-арнасының жазуынша, тексеру кезінде күдіктінің қалтасынан 2 дана изолентаға оралған синтетикалық есірткіге ұқсас ұнтақ, діни кітап, тәсбих және жалдап тұрып жатқан үйіне тінту кезінде арабша жазылған діни парақша мен діни мазмұндағы әдебиет тәркіленген. 

Қазір аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде қылмыстык кодекстің  296-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелген. Қозғалған қылмыстық іс шеңберінде тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейін тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр.