«Әлемдік Бауырластар Одағы» жайлы естуіңіз бар ма?

Бұл ТМД елдерінде тыйым салынған, елімізде тіркеуден өтпеген деструктивті сипаттағы діни ұйым. Аталмыш ұйымның басты мақсаты - адамдарды алдап-соғу. Ең сорақасы бұлар адамдарды өз-өзін өлтіруге итермелейді деген қауіп бар.

Қазақстанда бұл ұйым өз әрекетін бастап кетті. Олар өз қатарларын қандай әдіспен толықтырып жатқандығын жәбірленуші Тұрсын Жолдыбайдан сұрап білдік. Жас жігітке белгісіз біреулерден «Әлемдік бауырластар ұйымына» кіруге ұсыныс түскен.

Елімізде тіркеуден өтпеген, белгісіз, деструктивті сипаттағы діни ұйымдардың арбауынан сақ болуға шақырамыз! Егер сізде дін саласына қатысты сұрақ туындаса 109 байланыс телефонына хабарласыңыз.