“Ерім аман болса, болды” Жас келіншек мәһірден бас тартыпты

Мәһірден бас тартқан әйелдің видеосы қызу талқылануда. Әлеуметтік желіде неке сыйынан мүлде бас тартқан жас келіннің видеосы қызу талқыға түсті,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы ztb.kz-ке сілтеме жасап. 

Елімізде соңғы кезде Мәһір (неке сыйы) өзекті тақырыптардың біріне айналды. Қыздардың бірі мәһірге құны қымбат автокөлік сұрап жатса, енді бірі жеке ұшақ қалап, айды аспанға шығаратыны жасырын емес.

“Мен мәһірді міндетті деп қабылдамаймын. Бастысы, ерімнің амандығы болса болды. Қалғанының бәрі Алланың қалауымен болар”,- деп жауап қатты қыз.

Видеода әйелінің жауабына күйеужігіт ризашылық білдіріп, ал жанында отырғандар қыздың жауабына қолдау білдірді. 

Айта кетейік, АХАЖ қызметкерінің алдында ғана емес, шариғат талаптарына сай да неке қию ұғымы бар. Мәһір - дәл сол неке қиғанда әйелге берілетін сый. Мәһірді бірден беруге шамасы жетпесе, күйеужігіт оның бір бөлігін алдын ала, қалғанын кейін бере алады.