Уақытша неке – исламға жат

«Неке» – екі жастың арасындағы бір-біріне деген беріктік пен адалдық шарты. Қазақ мұны «ақ неке» деп ардақтайды, «ақ некелі жарым» деп мақтанады. Жас жұбайлар шаңырақты уақытша емес, ғұмыр бойы бірге тұру мақсатымен көтереді. Исламда ғұмырлық ақ некеден басқа неке жоқ. Бұл анық және айқын.