Ислам экономикалық қатынастарының ерте кезеңдері

Кез-келген исламдық қатынас тарихын қарастыруда Мұхаммед пайғамбардың өмір сүрген кезеңінің орны ерекше. Өйткені, бүкіл мұсылмандық ұстанымдар мен дүниекөзқарастың қалыптасуы осы кезеңнен бастау алады. Тақырыптың өзегі болып саналатын ислам экономикасының да алғашқы тәжірибелік көрінісі пайғамбар дәуірімен және ол өмір сүрген Мекке және Мәдине қалаларымен тығыз байланысты. Сондықтан тақырыпты ашу үшін аталмыш кеңістік пен кезеңге ерекше тоқталу маңызды болмақ.

Мұсылман дереккөздерінде Мекке қаласы ислам діні әлі қалыптаспаған кездің өзінде үлкен сауда орталығы ретінде сипатталады. Сонымен қатар Мекке қаласы көптеген көпқұдайшылдар мен жалғызқұдайшылдардың қасиетті орталығы ретінде де танылған. Қазіргі қағбаның сол кезде де қасиеттілігі арқылы рухани аураны қалыптастырушы рөлі болған. Арабтардың әр тайпасы Меккеде жеке пұттарын орналастырылып, табыну объектісіне айналадырады. Шет-шеттен жиналған араб тайпалары осы Меккеде түйісіп, діни рәсімдерден кейін сауда жүргізді. Кейін ислам діні орнағаннан соң да Меккенің қасиеттілігі артпаса кеміген жоқ. Сондықтан пайғамбар дәуірінде Мекке сауда мен қатар қасеиетті орталық ретінде маңызы мен өз статаусын сақтай алды. Алайда, бұл пікірмен танымал зерттеуші О.Г. Большаков толық келіспейді. Ол Мекке тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ерекше жағдай, қажылық айларында әртүрлі тайпалардың адамдарының көп жиналуы оны сауда орталығына айналдыруға көмектесті деп санайды. Сонымен қатар О.Г. Большаков «Құрайштардың коммерциялық іс-әрекетін дамытуға Меккенің сауда жолдарының қиылысындағы ыңғайлы позициясы ықпал етті деген идея шындыққа сәйкес келмейді: мұндай орталық Қызыл теңіз жағалауындағы керуен жолының басқа бөлігінде де дами алар еді. Тіпті аумақтың қол сұғылмаушылық (қасиетті) мәртебесінің өзі де Меккенің сауда орталығы ретінде дамуын қамтамасыз ете алмады: егер осындай мәртебе болса, Құрайштан бұрын Каабаның айналасында сауда орталығы болған жоқ. Шамасы, 5-6 ғасырдың аяғында Құрайштарға әлемдік саудаға қатысуға және қасиетті орынды пайдаланып гүлденуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін экономикалық байланыстардың бағытында осындай өзгерістер болды» деп ой түйсе, зерттеуінің жалғасында «Сауда меккеліктердің әл-ауқатын жақсартуға, олардың санын көбейтуге және Меккені қала ретінде дамытуға күшті серпін болды» деп пікірін білдіреді [1, 43-44-б.]. Жалпы, О.Г. Большаковтың Меккені бұрыннан бері сауда орталығы ретінде санамаса да V және VI ғасырларда аталмыш аумақтың сауда және қасиетті орталық ретінде қуаттағандығын аңғаруға болады.

Саудаласу барысында нарықтық және қаржылық жүйеге тән көптеген қатынастар мен қағидаттар сол кезде де көрініс тапты. Әртүрлі керуендердің сауда жүргізуі және керуен саудасының орын алуы керуенді бастап келе жатқан адамның өзін ғана емес, оны керуенге қатыспаған сырттағы адамның қаржыландыруымен іске асты. Зерттеуші Хамуд Сарни Хасан «соғыс кезінде Құрайштар өсімнен түске пайданы соғыстың керек жарақтарына пайдаланған яғни өсімнен түскен пайдаға соғыстың керек жарақтарына қамтамасыз етіліп отырды» деп пікір айтады [2, 135-бет]. Сонымен қатар Құранның 2-сүресі (Бақара) 275-280 аяттарында Исламға дейінгі арабтардың арасында Рибаның кең жайылғандығы және оны тоқтату туралы сілтемелер мен толыққанды мәліметтер келтіріледі. Сүренің түсіндірмесіне сәйсек құрайш және тақив руылары, сонымен қатар Еврей тайпалары да қарызға үстемақы пайызбен берілетін Рибаны кең қолданғандығы келтірілерді.

Құрандағы Рибаны қолдану тәжірбиелеріне сілтеме жасай отырып Хамуд Сарни Хасан өзге де авторлардың сөзімен ақшаны жалға беретіндердің көбісі ақшалардың үстем ақысы ретінде 12% құрағандығын келтіреді [3, 11-бет]. Исламдық қаржыландыру жүйесін зерттеуші Монзер Кахф пен Тарикулла Хан жоғарыда келтірілген уәждерді алға тарта отырып исламға дейінгі кезеңде мударабадан көрі риба тәсілі қоғамдық экономикалық қатынаста маңызды рөл атқарғандығын және жиі қолданғандығын қорытындылайды. Мударабаның мәні саудадан түскен пайданы екі тараптың тең бөлініп алуы екендігін атап өткен дұрыс. Ислам фақиһтары муддараббаның басы Мұхаммед пайғамбар мен оның жұбайы Хадишаның арасындығы келісімі мен сауда қатынасы нәтижесінде өмірге келді деген қорытынды жасайды. Осыған қарап Мудараба теориясының немесе консепциясының негізі пайғамбармен және оның жұбайы арасындағы сауда саттық қатынасында дүниеге келді деп толық айта аламыз. Мұны аша түсу үшін пайғамбар мен Хадишаның оқиғасына тоқтала кеткен жөн. Мұхаммед пайғамбар миссионерлік қызметін бастамай тұрып әртүрлі сауда керуендерін бастап, саудамен айналыса бастайды. Бірде жас Мұхаммедке жесір, бірақ бай әйел Хадишадан керуеніне басшылық жасау туралы ұсыныс түседі. Ұсынысты қабыл алғаннан кейін Хадишаның керуенін сәтті әрі адалдықпен жүргізіп әкелген Мұхаммедке Хадиша ризалығын білдіреді. Соңы екеуінің отбасы құруымен аяқталады.

Мәдинаның ауыл шаруашылық өмірінде өнімді ортақ қолданатын «музарада» және «мусаха» тәсілі қолданылған. Музарада ашық жерде өсетін жемістермен түрлі түрлі көкөністерге қатысты қолданылған. Ал, мусаха жеміс бақтарына оның ішінде ағашта өсетін жеміс бақтарына қатысты қолданылған. Көп жағыдайда ол пальма бақтары болып келген. Музарада тек қана жер, ал мусахада жер және жердегі жеміс екі серіктестің жалға алынған кездегі негізі құралы болып табылады. Сондықтан келісім негізінде ешқандай қаржыландыруды нақты төлемді жасамастан, серіктес алынған жерге өзінің егінін немесе соған қатысты жасалынылатын өңдеу жинау жұмыстарын жасай береді. Мусахада да музарада да соңғы жиналған өнімді бөлу шарт және өнім жиналғанға дейінгі барлық операциялардың шығындарын келісімді түрде бөлуі мүмкін.

Мұхаммед пайғамбар тұсында да қарызға сатылу әрекеттері орын алған. Әртүрлі заттардың қарызға алынған жөнінде пайғамбардан дәйектемелер мен хадистер бар. Мысалыға, Абдулла ибн Әбу Раби «Пайғамбар бір еврейден қарызға азық-түлік алды, ал сол еврейге оған кепіл ретінде сауытын берді» [4]. Әбу Хурайра Мұхаммед пайғамбар хадисін келтіріп, пайғамбар бірде еркек түйені қарызға алғандығын дәйектейді. Жорғарыда келтірілген мысалдар қарыз алу тұтынушылық қажеттілікті өтеу үшін қолданылғандығын, сонымен қатар өндіріс немесе болашақта өнім беретін іс үшін де қарыз алынып, сол қаржымен кәсіптің әр түрі қаржыландырылғандығын айғақтайды. Қарыз алу –несиелеу формасы, мұнда қандайда бір қарапайым қарыз алудың бұл түрі «салам» деп аталады. Арабтарда маусымдық шаруалармен және ауыл шаруашылық өнімнің саудаға түсу себепті алдын ала жеткізуде салам қолданылған. Сондықтан бұл олардың өмірінде кеңінен қолданылған. Бұхари жинағында пайғамбар Мұхаммед «Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Мадинағ келген кезде, адамдар арасында құрма үшін бір жылға (немесе: екісіне) алдын-ала төлем жасау әдеті болған және  ол: «Кімде-кім құрма үшін алдын-ала төлейтін болса, белгілі өлшем мен белгілі бір уақыт үшін төлейді» деген хадисті жеткізеді [4]. Сахаба Әбу Ауфа хадис келтіре отырып: «Алла елшісінің өмір сүрген кезінде, сондай-ақ Әбу Бәкір мен Омардың кезінде де біз әдетте бидай, арпа, мейіз және кептірілген құрма үшін алдын ала төлем жасадық» [4]. Фақиһтер бұл мәселеге қатысты бірнеше көзқарасты ұстанады. Бәй әл-салам пайғамбар Мұхаммедпен заңды деп танылған, өйткені, ол экономикалық қатынастар мен адамдардың түрлі қажеттіліктерін сезіп оны жеңілдетеді. Дегенмен, бұл негізінен жалпы қабыл- данған сатылымның тиым салынған түрінің бірі болып табылса да мұны пайғамбар дұрыс деп есептеген. Сондықтан бұл қаржыландыру жүйесіндегі бір ерекшелік деп қабылдасақ болады. Бәй салам арқылы өндіріспен айналысатын адамдардың өз өндірісіндегі қажетті құрал жабдықтары мен әртүрлі материалдық қажеттілігін қамтамасыз етуге, оның ішінде еңбек ақы және шикі зат сатып алуға деген қаржыны қамтамасыз етуге болады. Бұл тәжірбиені пайғамбар Мұхаммед заманында Мадинада ауыл шаруашылық секторында қолданылды. Риба түріндегі қаржыландыру – бұл тиым салынған және пайғамбар дәуірінде мұсылман қоғамынан қаржыландырудың бұл түрі қоғамнан барынша аластатылған. Хадисте «Алла пайыз алатын адамдарды, пайыз төлейтіндерді және осындай келісімшарт жасасатындарды және осындай келісімшарттың куәгері болғандарды, олардың барлығы бірдей күнә жасайды» делініп, ақшаны өсімге беруге қатаң тиым салады [5]. Сондықтан қаржыландырудың мудараба қарыз беру, қарызға сату, мусака, бай әл-салам осы кезде кең қолданыстағы қаржыландыру тәсілдері ретінде қалыптасты.

Танымал мұсылман ғұламалардың пікірінше исламдық қаржыландырудың ортаға шығуы мен қаржыландыру қажеттілігі әр түрлі уақфтық қорлардың ерекшеліктермен қоғам қажеттіліктеріне қарай туындаған. Қаржыландырудың қажеттілігінің бұл негіздемесі көптеген фиқһ мектептерінде бар. Мысалы, фиқһ ғалымдары қаржыландырудың түрлерінің ішінде мударабаның қоғам үшін тиімділігін айтады. Ақшаны иеленушілердің барлығы бірдей сауда жасауды жақсы игермеген болуы мүмкін сол себепті оның саудасымен ақшасы оған пайда бермеуі және жақсы сауданы игерген адамға қаржы жетіспеуі мүмкін. Сол себепті екі жақтық қосылғанда тиімді экономикалық қатынас пайда болады деп түйіндейді [3, 13-бет]. Орта Азия ғалымы Әл Марғинани мұны кеңірек ашып көрсетеді: «көп адамдар ақшаға немесе материалдық жоғары деңгейге ие болуы мүмкін дегенмен оны игеретіндей ақыл парасатпен немесе әр түрлі дағдыларды жақсы меңгермеген болуы мүмкін,  не ахлағы жоғары болуы мүмкін бырақ құр алақан (кедей) болуы  мүмкін» деп ой түйеді. Яғни, ғалымдардың бұл пікірлері қоғамдағы бай немесе кедей, ақылды немесе материалды жоғарғы адамның немесе саудаға епті не епсіз адамдардың қоғамда бірігіп әркімнің қолда бар дүниесі арқылы экономи- калық тұрғыдан мүмкіндіктері ретінде мударабаны көрсетеді. Сондықтан қоғамдағы әртүрлі қабаттардың пайда болуы табиғи қаржыландыру жүйесінің бірізділікпен іске асу дағдысын қажет етті. Осы тұста фиқһ ілімі мударабаның іске асыру барысының өзге де екі сәтті тұсын көрсетіп кетеді. Біріншіден заттарды алмастыру немесе сауда саттық – ол барлық тарап үшін қажетті дүние деп қарастырады. Әсіресе, бұл араб тайпаларының сауда орталығы болған Мекке халқы үшін сауданың орны ерекше болды. Ислам діні келмей тұрып та, ислам діні орнағаннан кейінде Мекке өзінің рөлін жоғалтан жоқ керісінше одан да асыра беделі арта түсті. Ислам экономикасының ерте зерттеушісі Имам ибн Қазм бойынша Меккедегі саудалық бәсекенің жоғарлығы мен сауданың қарқындылығына сәйкес ол жердің тұрғындары мен саудаға келген адамдардың барлығында бірдей қаржының жоқ болу себепті қандайда бір қаржыландыру көзіне мұқтаж адамдартың тобы мен біліктілігі немесе физикалық қысымға шыдай алмайтын және сауда қиыншылығына төтеп бере алмайтын бай ауқатты адамдар тобы да кездесетін. Сондықтан Мекке тұрғындары арасында қандайда қаржыландыру көздеріне немесе қаржысын игеретінін адамға зәру тараптардың болуы олардың бірігіп жұмыс атқару қажеттілігін ортаға шығарды. Өз кезегінде бұл Ибн Қазм қаржыландыруды тек қана серіктестік негізінде нәпақа табу ғана емес, пайда көруге деген құштарлық деп бағалайды [3, 14-бет]. Қаржыландыру арқылы кіріс алу мотивтерін пайғамбар сахабаларының мысалдары арқылы дәйектеуге болды. Жетімдердің дүние мүліктеріндегі қаржыларды пайдалану арқылы көбейтіп қолдану жөнінде тәжірибе туралы бірнеше риуаяттарда айтылады. Мұхаммед пайғам-бардың жұбайы Айшаның қамқорлығында жетім балалар болған. Деректерде Айшаның қамқорлығындағы жетімдердің қаражатын мудараба негізінде қарызға беретіндігі келтіріледі. Сонымен қатар ислам халифатының екінші халифасы Омардың жетімдердің қаржыларын мударабамен қарызға беруге қолданғандығыда кездеседі. Қаржыландырудың ислам ғұламалары айтқан екінші мотивтері мұсылмандардың өздерінің әл ауқатын арттыруға деген ниеті құштарлығы. Әрине, адамзат тарихына көз жүгіртетін болсақ көптеген адамдар өзінің қаржылық экономикалық жағыдайларын күшейтуге тырысқан, жақсы өмір сүруге және өз өмірін барынша материялдық тұрғыдан қамтамасыз етуге күш салғандығын көре аламыз. Сондықтан осы тұстан фақиһтердің бұл пікіріне келіспеуге болмайды. Ибн Қудамаға сәйкес табиғатта өсу процессі бар әр түрлі жеміс жидектермен өсімдіктер немесе жан жануарлар оның ішінде үй жануарлары, әсіре адамдар азық ретінде қолданатын төрт түлік сияқты белгілі бір адамдардың байлық мөлшерін көрсететін жануарлармен өсімдіктер олар қандайда бір қаржыға қарағанда өздігінен өсіп пайда қоса береді. Ал, нақты бір алтын күміс не соған дәл келетін нақты бір қаржыны білдіретін ақшалар не монеталар олар саудадағы айналымға түсу арқылы ғана көбейе түседі. Сол себепті адамдар өз қаржысын қандайда бір жолмен көбейтуге тырысты. Осы тұста пайғамбардың ислам шариғатына сәйкес рибаның қарызға беру арқылы пайызбен көбейтуді тиым салуна байланысты қаржы иелерінің өзге жол арқылы қаржыларын көбейтуге деген құштарлығын арттырды. Яғни, рибадан өзге пайда табу жолын іздеуге итермелелді. Ибн Қудама мұсылмандардың өз қаржысын көбейтуге деген тырысушылығын қаржылық, ақшалық қаражатты нақты өндірістік активтерге салу арқылы көбейтуге болатынын түсіне бастағандығын назарға алады. Танымал фиқһшы Ал Сарахси өсудің осы контексінде адамдардың дағдыларымен материялдық ресурстардың бірге үйлесімділік жұмыс істеуінде деп бағалайды. Жалпы алғашқы мұсылман қоғамындағы қаржыландырудың екі мотивінің негізінде адамдардың іскерлік дағдыларымен қаржыландыру көзінің бірге үйлесімді жұмыс жасауы жатыр. Яғни, іскер азаматтарға қаржыландырушы жақтың қолдау білдіруі немесе іскер азамат қаржыландыру көзді өзі іздеп тауып, бірге жұмыс жасауды ұсынуы кіреді. Әрине, бұл жердегі шарттар екі тарап арасында нақты түрде бекітілетін болған.

Мұхаммед пайғамбар қарызға ақша берумен қарызға заттар сатуда дұрыс деп санаған Ибн Мажа сахаба Анасқа сілтей отырып: «Мұхаммед пайғамбар былай дейді: - Мені көкке көтерген күні жоғарыдағы жазбаны көрдім.

«Қайырымдылық он есе көбейеді ал қарыз беру он сегіз есе көбейеді деген жазу жаннат қақбасында жазулы тұр. Мен айттым Ей жәбірейіл не себепті қарыз беру қайырымдылық садақа беруден қайырлырақ? Ол айтты: - Себебі кедей бар болсада сұрай беру мүмкін ал қарыз алушы адам тек қажетті жағыдайдан басқа уақытта қарыз сұрамайды. Сахаба Сухайб: пайғамбар былай деген еді үш нәрседе қайыр бар ол қарызға сату, мухарада (мудараба) және бидай мен арпаны сату үшін емес үйге араластыруда. Бәй Салем рұқсат етуі сатушының қолында нақты жоқ тауарға сатуға қатысты ережені бұзғанына қарамастан кәсіптік мекемелер немесе саудагерлер арасында бизнесті несиелеуге деген ұмтылысты арттырды. Қаржыландыру немесе қарызға ақша беру кәсіптік қолдау жүйесін зерделей келе Ибн Қудама шариғатта мустақап амал ретінде қарастырады. Өйткені қарыз беру ислам дінін ұстанған мұсылмандардың бауырмашылығын және қандайда бір қиыншылық жағдайда бір біріне қол ұшын беріп көмектесудің экономикалық тәсілдері болып табылады. Осы тұстан қоғамдағы материялдық қажеттілікті қанағаттандыруда алғашқы мұсылман қоғамында жоғарыда келтірілген тәсілдер пайғамбар дәуірінде қолданылған.

Жалпы, ислам қаржылық қатынасының бастауы Мұхаммед пайғамбардың заманынан бері қалыптасып, осы күнге дейін дамып, келе жатқан сала. Әрине, бұл қатынастардың негізгі астарында этикалық құндылықтар жатыр. Яғни, басты бағытта мұсылмандардың көптеп қаржылық табыстарға жетуі көзделді деуге келмейді. Оны пайғамбар өсиеттері мен оны ұстанатын мұсылмандар және ең негізгі қайнар көз құранның қағидаттары да қуаттай түседі. Дегенмен, мұсылмандық қаржыландыру жүйесі үшін бұл дәуір негізгі қалыптастырушы кезең болып қалып қоя береді. Сондықтан аталымыш ке- зеңде қалыптасқан саудалық қатнастар мен қаржыландыру жүйесін зерттеу қазіргі кездегі исламдық экономиканы кеңінен түсінуге молынан жол ашады. Осы ерекшелікті ескере отырып, ерте мұсылмандық қоғамда қалыптасқан музарада, мусака және бай әл салам тәсілдерінің ерекшеліктерін тереңнен зерттеу өзектілігі ортаға шығып отыр.

Керейбаева Ж.М.

Дінтанушы

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. О.Г. Большаков. История Халифата. В 4 томах. Том 1. Ислам в Аравии (570-633 гг.): Восточная литература, 2002.
  2. Хамуд, Сарни Хасан,. Тауир ал масрафиййаһ лима уаттафиқ уа Шариа. Амман, 1982. 135 б.
  3. M. Kahf and T. Khan. Principles of islamic financing. Jeddah. 1992. // http://ierc.sbu.ac.ir/File/Book/PRINCIPLES%20OF%20ISLAMIC%20FINANCING_47385. pdf
  4. Сахих аль-Бухари. 35. Книга предварительной оплаты. Хадисы № 2269//https:

//hadis.uk/34-kniga-torgovyx-sdelok-xadis-2047-2100/40052/

  1. А.Ш. Алиев. Базовые принципы исламских финансов. ҚазЭУ хабаршысы, №2 (98). – Алматы, 2014. // http://rmebrk.kz/journals/1389/63159.pdf#page=186