Христиан және Ислам мәдениеттеріндегі дәстүр: салыстырмалы талдау

Мақалада христиандық және исламдық дәстүрлі діндер мә-дениетіндегі дәстүрге талдау жасалды. Ибраһимдік діндерге жататын христиан және ислам мәдениетіндегі дәстүрлер барынша ұқсастығымен ғана емес және де айырмашылықтарымен ерекшеленеді. Ғылыми жұмыста екі діннің догмаларына, діни жоралғыларына жан-жақты талдау жасалды. Салыстырмалы және тарихи-мәдени әдістерді пайдалана отырып, діни дәстүрлерді талдау барысында екі діндегі діни дәстүрлердің, атап айтқанда, діни мерекелер мен әдет-ғұрыптардың ұқсастықтарының басымдығы байқалады. Екі діннің құндылықтары бір-біріне қарама-қайшы емес, керісінше бірін-бірі толықтырады.

Дәстүрлер ұқсастығы ол діндердің хикаяларындағы тарихи тамырластықпен қатар, олардың догматтық, канондық негіздеріндегі діни дүниетанымдық мәселелермен де байланысты. Мысалы, иудаизм, христи-ан діні мен ислам ортақ рухани бастамаға ие болып, бірыңғай рухани қайнар көзді иеленіп, ортақ бабасының, үш діннің атасы, Ибраһим пайғамбардың атымен ибраһимдік деп аталады. Үш діннің барлығы да – аяндардың монотеистік діндері болып табылады. Бұл аяндарда Құдайдың адамдарға өз елшілері, Пайғамбарлары келіп, солар арқылы Өзінің еркі мен талапта-рын хабарлайды делінеді. Ибраһимдік діндердің рухани бастамаларының бірлігі ортақ рухани-ізгіліктік құндылықтар жүйесінің негізінде олардың өзара әрекеттесуі мен сұхбаттастығының нағыз мүмкіндігін тудырады.

Әлемнің барлық діни жүйелері Құдайдың (монотеистерде) немесе Құдайлардың (политеистерде) айтуы бойынша, олардың діни сеніміне сәйкес жазылған қасиетті жазбаларға ие.

Христиан дінінің негізгі идеясы – күнә мен адамның құтқарылу иде-ясы. Адамдар Құдай алдында күнәһар болып келеді және олардың бәрі бірдей: гректер мен яһудилер, римдіктер мен варварлар, мейлі құл болсын, мейлі бай-кедейлер – бәрі күнәһар, бәрі – «Құдайдың құлы». Дінде адам-зат Адам ата мен Хауа ананың «алғашқы» күнәсінен тазартыла ала ма? де-ген сұрақ туады. Әрине, болады. Егер олар адамзаттың күнәсін өз мойына алуы үшін жерге құдай жіберген ұлы құтқарушыға және өздерін күнәһар екендерін мойындап, осы күнәдан тазартуға ниеттенсе ғана жүзеге аса-ды. Иисус (ислам дінінде және оны ұстанатын мұсылман халықтарында Иса пайғамбар саналады) өзінің азапты өлімімен жердегі адамдарды күнәдан босатып, оларға күнәдан құтқарылу жолын көрсетті. Бұл жол – ең құдіретті үш бейнедегі Құдай (Құдай-Әке, Құдай-Бала, Қасиетті Рух), тақуалық өмір, тәубеге келу және өлімнен кейін аспан патшалығына түсу [1, с. 197].

Ислам дінінің көздеген мақсаты – адам баласының бұл дүниеде де, мәңгілік ақыретте де бақытты болуы. Дініміз бұл дүниенің ақырына дейін адамдардың әрдайым бақытты болуын және қоғамның дамуын қамтамасыз ете отырып, жеке-жеке адамдардың да, қоғамның да қажеттіліктеріне жау-ап бере алатын талаптар қойып, дүниеде де, ақыретте де бақытқа кенелудің жолдарын көрсеткен» [2].

Зерттеу әдіснамасы

Мақалада христиан және ислам мәдениеттеріндегі дәстүріндегі ұқсастықтар мен ерекшеліктерді айқындау үшін философиялық герменев-тика әдістері, тарихи-мәдени әдістер, салыстырмалы талдау және жалпы ғылыми сипаттағы әдістер қолданылады.

Христиан және ислам дәстүріндегі діни догматтар

Христиан дінінің қасиетті кітабы: «Библия (грек тілінде Biblia – кітап) құдайдың құдіретімен шабыттандырылған деп есептеледі. Бұл – Құдайдың адамға пайғамбарлар, апостолдар мен ізгі хабаршылар арқылы айтылатын сөзі. Христиан діні бойынша Інжілдің жалғыз авторы Құдайдың өзі болып табылады. Інжіл екі бөліктен – Көне Өсиет пен Жаңа өсиеттен тұрады» [3, с. 141]. Ескі өсиеттегі мазмұны бойынша әртүрлі кітаптар (сонымен қатар Таураттың мәтінін құрайтын мәтіндер) б.з.д. 1 мыңжылдықта, ал Жаңа Өсиеттің кітаптары бірінші ғасырда жазылып шығарылды. Бастапқыда христиандар арасында қанша және қандай кітаптар қасиетті деп саналуы және қайсысы Библияға енуі керек деген ортақ ой болмаған. Тек б.з.д. IV ғ. ғана Библияға енетін белігілі бір кітаптар саны туралы ереже қабылданды. Алайда, христиан дінінің бірнеше бағыттарға бөлінгеннен бері, әр (пра-вославие, католицизм, протестантизм) бағыттың Көне Өсиетке енетін кітаптар жиынтығы әртүрлі болды.

Осы тұрғыда салыстырмалы түрде айтар болсақ, яһудилер Тәурат пен Зәбурды мойындағанымен, Інжіл мен Құранды мойындамай-ды, өз кезегінде христиандар Көне және Жаңа өсиетті қабылдап, мұсылмандардың Құранын мойындамайды. Ал мұсылмандар болса, төрт кітапты да – Тәурат, Зәбур, Інжіл және Құранды – қасиетті мәтін ретінде мойындайды, тек алдыңғы үшеуін адамдар тарапынан бұрмаланған деп есептейді.

Көне Өсиетке енген кітаптар бірнеше жүзжылдар бойында жазылған. Яһуди дәстүрінде Танахтың құрамында 39 кітап заңдастырылған. Проте-станттар яһуди канонын қабылдайды. Католик канонына 46 кітап кіреді. Көне Өсиет құрамындағы православиелік шіркеу 50 кітапты мойындай-ды.

Көне Өсиет кітаптарын мазмұны бойынша бірнеше топқа бөлуге бо-лады:1. Пятикнижие (Бес кітап) – ежелгі яһудилік Тора немесе Заңдар.2. Ежелгі яһудилердің тарихы туралы баяндайтын тарихи кітаптар.3. «Даналық кітаптары» немесе поэтикалық кітаптар.4. Пайғамбарлық кітаптар.Танаха деп аталатын яһуди кітаптары тек христиан дәстүрінде ғана Көне Өсиет деп айтылады. Ветхий өзі ежелгі деген ұғымды білдіреді. Христиандардың көзқарасы бойынша, бұл Құдайдан адамдарға берілген алғашқы әрі көне заң. Адамдардың бастапқы күнәһарлық табиғаты осы діни өсиеттерді толық түсінуге мүмкіндік бермегендіктен, Құдай Жаңа Өсиетті адамзатқа жіберуге мәжбүр болды. Сондықтан да Көне Өсиет христиандық кітаптың ажырамас бөлігі болып саналады.

IV ғасырда қабылданған Жаңа Өсиеттің бірыңғай канонын барлық христиан шіркеулері мойындайды. Иисус Христостың өмірі мен өсиетін уағыздаған көптеген інжілдердің болғаны тарихтан мәлім. Алайда, христиандық соборлар барысында, олардың барлығы жойылып, тек төртеуі ғана ресми түрде мойындалып, қабылданған. Жаңа Өсиетте 27 кітап бар. Ең алдымен, бұл Інжіл (Евангелие, Ізгі хабар). Ол Марктың Інжілі, Матфейдің Інжілі, Луканың Інжілі мен Иоанның Інжілі деп ата-латын төрт кітаптан тұрады.

Кітаптың ең алғашқысы Марктың Інжілі болса, ең соңғысы Иоанның Інжілі болып табылады. Христиандықтың ең маңызды догмасы – бір Құдайлық идеясы. Адамдарға құдіретті және жалғыз Құдайдың бар екендігін көрсету, сондай-ақ оған сену қажеттілігін дәлелдеу. Бұлардың барлығы Қасиетті жазбалардың негізгі міндеті саналады. Бұл христиан дініне дейінгі басқа да діни-нанымдар арасындағы негізгі айырмашылық. Егер ежелгі гректер мен римдіктердің діни пұтқа табынып және олар көпқұдайлықты дәріптесе, христиандық – шынайы монотеистік көзқарасты ұстанады. Сонымен қатар, христиан діні үшін монотеизм ғана емес, теоцентризм де тән – біртұтас Құдай әлемдегі барлық нәрсенің орталығы: сенім, ойлау, таным және т. б.

Жаратушы идеямен тікелей байланысты аян идеясы да, адамдарға қолжетімді кез келген білім тек Құдайдан келген. Адамдар әлем тура-лы, өзі туралы және Құдай туралы білгендерінің барлығы – Құдайға аян, өйткені білімнің өзі Құдай. Құдай Адам Ата мен Хауаны жаратып, оларға білім беретін ағаштың жемісіне тимеуге тыйым салған еді. Ал олардың ол тыйымды бұзып, күнәһар аталып, жұмақтан қуылғаны бәріне мәлім. Сондықтан христиан дүниетанымда Құдай аянынан тыс алынған кез кел-ген білімге тыйым салынады. Оның үстіне, Құдайға сену, оның абсолютті құдіреттілігіне және асқақ білімділігі адами білімінен жоғары емес, ол жалғыз шынайы білім болып табылады.

Христиан дініндегі бұл дәстүрлі түсінікті ислам дінімен салыстырар болсақ, мұсылмандар бұл бастапқы күнәнің болғанын мойындағанымен, Адам Ата мен Хауа ананың тәубеге келіп, тура жолға түскенін қабылдайды. Сондықтан бұл бастапқы бабалар пайғамбар ретінде қастерленеді.

Христиан діні бойынша, Құдай адамзат баласына мәңгілік бақыт пен өмірмен марапаттаған. Алайда Адам мен Хауаның жасаған күнәсінің кесірінен бүкіл адамзат күнәһарлық қамытын арқалаған. Бірақ христиан дінінде бекітілген рәсімдерді орындау барысында адам баласы күнәсінен кешіріліп, құтқарылуға мүмкіндігі бар. Христиан адамы үшін тәубеге келіп, құтқарылу қажет, өйткені христиандық наным бойынша адамзат тарихтың соңы. Заманның ақыры туралы ілім христиан дінінің басты идеяларының бірі. Адамзаттың жердегі өмірі уақытша әрі шынайы емес жалған дүние саналады. Жердегі өмір жақсылық пен зұлымдық күштері арасындағы соңғы шайқаспен аяқталуы тиіс. Одан кейін Құдай адамдар-ды соңғы, үрейлі сотқа шақырады, онда барлығына соңғы және ақтық үкім шығарылады.

Ақыр заман туралы, қиямет күні туралы, жұмақ пен тозақ туралы идеялар ибраһимдік дінді құрайтын яһудилік, христиандық және ислам діндерінде барынша ұқсастығымен ерекшеленеді. Жерден Мәдінің шығуы мен аспаннан Исаның түсуі, оның мамыражай билік етуі (салыстырыңыз, христиан дініндегі Аспан патшалығы) ақыр заман алдындағы кезеңді айқындайтындығы туралы ислам дәстүрінде көп айтылады. Христиан дініндегі Иисус Христостың өлмей, көкке көтерілуін ислам дәстүрі де мойындайды.

«Христиан діні, адамның Құдайға жақындастыратын жетілу жо-лын анықтайды: бойсұну, өз нәпсілерінен бас тарту, қарапайымдылық, рақымдылық, мейірімділік, ізгіліктік. Христиан дінінің ең негізгі ізгі қағидалары – сенім, үміт және махаббат. Осы қағидаларды ұстанған адамның өмірі нұрға бөленіп, құтқарылу мен мәңгілік өмір сүру мүм-кіндігіне иеленеді» [3, с. 155]. Христиан дінінің негізі – махаббат. Ақылға бағынған емес, сезімге байланған махаббат. Бірақ бұл махаббаттың тән махаббатымен ешқандай байланысы жоқ. Христиандық махаббат немесе сүйіспеншілік бұл адамның ең жоғарғы рухани күші. Таулы қыраттағы Иисустың басты өсиеттерінің бірі «жақыныңды қадір тұт», «бір бетіңнен ұрса, екінші бетіңді тос» болды. Бұл христиандық этикадағы негізгі импе-ратив болып табылады. Осы адамның Құдайға және басқа адамдарға деген махаббаты христиандық моральдың көрсеткіші. Христиан дініндегі бұл доминантты идеялар оны басқа діндерден, атап айтқанда, ислам дінінен айрықшаландырып тұрған басты ерекшеліктер болып саналады. Сондай-ақ христиан дінінде «Иса пайғамбар өз мойнына барлық адамдардың күнәсін артып, өзін құрбандыққа шалған. Сондықтан христиандықтарда кішіпейілділік, мейірімділік, басқаның мүддесіне ыждаһаттық басым» [4, 83 б.].

Христиандық ілімнің тағы бір негізі идеясы – Құдайдың үш тұғырлығы ұғымындағы Қасиетті Үштік. Яғни Құдай біреу, бірақ адамға үш түрлі адам бейнесінде көрсетіледі. Әрбір жекелеген бейне толық Құдайды білдіреді және олар бір-бірінен кем де артық та емес. Қасиетті Үштік ту-ралы ілім, Құдай бір, бірақ үш түрі бейнеде деген сөздер қасиетті жазба-да көрсетілмеген. Дегенмен, христиандық үшін бұл маңызды ілімдердің бірі және ол қасиетті жазудың куәлігіне негізделген. Христиан діні монотеистік таухидтік дін деп есептелгенімен, ондағы Абсолют құдайдың үш қырымен көрініс беруі өзге дін өкілдерінде, оның ішінде ислам дінінің өкілдерінде түсінбестік туғызады, христиандарды осы ақидалық негіздері мен олардың әулие икондарға табынуына қарай политеизммен (пұтқа табынушылықпен) кінәлауын тудырады.

Христиан діни сенімінің негізгі ережелері сенім символының 12 тармағында берілген. Бұл тармақтар христиан діні дәстүрлерінің негізгі өзегін құрайды. Сенім символы – шіркеудің барлық негізгі ережелері мен парыздары жазылған дұға ету кітабы. Сенім Символындағы ілім қысқаша, бірақ өте нақты түрде баяндалған. Оны IV ғасырда бүкіл әлемдік соборлардың I және II кезең әкейлері жасаған. Ол он екі ережеден неме-се бөліктен тұрады. Сонымен қатар осы 12 сенім символынан бөлек хри-стиан дінінде жан-жақты талқыланып, белгіленген тән мен әрекет негізін Жеті қасиетті құпия құрайды.

«Діни өмірдің негізгі оқиғалары православие дініндегі жеті құпияшылдық болып табылады. Оның аты жасалынатын әрекеттердің қарапайым ұғыну арқылы толық, жеткілікті түсініле алмайтынын, құпиялы және қолжетімсіз болып келетінін білдіреді. Аталмыш құпияшылдықта сенімнің арқасында қарапайым әрекеттер мен деректі заттар арқылы дерексіз, табиғилықтан жоғары тылсым дүниелерге, руха-ни әлемге қол жеткізуге болатыны шүбәсіз болып келеді. Құпияшылдық (лат. sacramentum) – христиан дініне тән ерекше ғұрыптық әрекеттер. Егер ғұрыптарда Құдаймен бірлесу символикалық тұрғыдан іске асырыл-са, онда құпияшылдықта Құдай шын мәнісінде адамның өміріне еніп, оны рухани түрде өзгертеді» [3, с. 157]. Алайда қазіргі кезде бұл шіркеу жоралғысы бастапқы қабылғанын нұсқасынан біршама өзгерген деген пікірлер айтылады.

Сонымен «Жеті құпия сыр» дәстүріне қалай атқарылады. 1) шоқын-дыру: бұл рәсімнен өткен адам құпия түрде рухани өмірге келеді. Яғни күнәдан құтылып, шіркеуге қабылданып, христиан атанады. 2) миро май-ын жағу рәсімі: «миро» атты иісті майды адамның маңдайы мен басқа да дене мүшелеріне жағу рухани жаңару мен рухани нығаюға әсер етеді де-ген ұғым қалыптасқан. 3) Тазару (евхаристия): адам рухани азықтанады. Адамның құдаймен жақындасуының бір түрі. Құдай Ұлы Иисустың денесі мен қанына араласу, ол үшін арнайы дайындалған бір үзім нан мен бір ұрттам шарапты ішеді. 4) Тәубеге келу немесе өкіну: адам рухани дерттен тазару, яғни адам күнәсын мойындап, Құдайдан кешірім сұрайды. 5) Әулиелік (Священство): дін қызметкеріне арналған жоралғы, мұнда рухани жаңару мен адамдарды «Жеті құпия сыр» мен басқа да ілімдерге оқытуға жолдама алады. Яки саланатты түрде діни қызметкерлерді сай-лау процессі. 6) Некелесу ғұрпы: шіркеуде некелескен жұп бақытты, болашағы жарқын, ұрпағы саналы, тәрбиелі болады. 7) Шырша майымен майлау: бұл рәсім қатты сырқаттанып жатқан адамға май жағу арқылы құдайға рахметін алады. Адамды рухани аурудан тазарту арқылы тән ауру-ынан емдейді немесе өлім аузында жатқан адамның күнәлары кешіріліп, о дүниеге шығарып салу салты. Осы аталған «Жеті құпия сыр» христиан дінінің үш тармағында әртүрлі орындалады [5].

Ал исламда құлшылық ету, табыну екі бөлімнен тұрады. Біріншісі, міндетті түрде, ал екінші бөлімі, ерікті түрде орындалатын діни іс-әрекет.

Сонымен мұсылманның білуі міндетті болған иман ілімдері – иманның шарттары және исламның шарттары болып табылады.Иманның шарттары: «1-Алланың бар және бір екеніне; 2-Алланың періштелеріне; 3-Алланың пайғамбарларына; 4-Алланың кітаптарына; 5-Ақырет күніне; 6-Жақсылық пен жамандықтың Алладан екеніне шын жүрекпен илану.Ислам шарты: 1-Кәлима шәһадат келтіру; 2-Намаз оқу; 3-Зекет беру; 4-Ораза тұту; 5-Қажылыққа бару» [6, 31-32 бб.].Ал екінші ерікті түрде орындалатын діни іс-әрекеттерге діни салттар мен діни мейрамдар жатады. Мысалға, сүндетке отырғызу, некеге тұру, Құрбан айт, Ораза айт және т.б. Христиандықтағы діни дәстүрдің басты ерекшеліктері бұл діндегі Құдайға құлшылық ету дәстүрі көрінеді. Негізі христиан дінінің Құдайға басты құлшылық ету – литургия мен ауыз бекіту дәстүрі, басты діни мерекесі Пасха болып табылады. Грек тіліндегі «литургия» сөзі «қоғамдық қызмет» деген мағынаны білдіреді, өйткені бұл Құдайға құлшылық ету рәсімі христиан қауымының барлық мүшелерінің дұға ету арқылы жаса-лады [7].

Сонымен қатар бұл ұғым «құдайға құлшылық ету» сөзінің синонимі немесе жеке аяқталған әдет-ғұрыптық іс-әрекеттің мағынасында да, діни іс-әрекеттердің барлық жиынтығының мағынасында да қолданылады. «Литургия» термині көбіне Батыс христиандарында жиі қолданылады; дегенмен, бұл сөз кең мағынада Шығыс христиан лексикасына (мыса-лы, «литургика» – Құдайға құлшылық ету туралы ғылым, «литургиялық» – салт-дәстүр, ғибадат, Құдайға құлшылық ету) қолданылуда. Соңғы уақыттары католиктер мен протестанттар «литургия» сөзі аяқталған және жекелеген сипатқа ие болып, нақты Құдайға құлшылық еткенде немесе қызметтердің құрамында жиі қолданыла бастаған.

Литургия екі негізгі бөлімнен тұрады: жарияланғандар литургия-сы және адал Литургия (Батыс терминологиясы бойынша сөз Литурги-ясы және Евхаристік Литургия). Екеуінің де мағынасы діндарлардың Құдаймен кездесуді білдіреді: біріншісінде Оның Аянын тыңдау арқылы жүзеге асса, екіншісі — оның денесі мен қанын жеу арқылы Иисусқа жақындау рәсімі.Литургияның ортасында алғашқы және қорытындылаушы рәсім-дерден тұрады және оның негізгі екі бөлімге тікелей қатысы жоқ. Екі Литургияның да түп тамыры, бастауы Көне Өсиет. Жарияланғандар, жа-рия етілген Литургиясы Құдайдың аянын тыңдау арқылы жүзеге асса, екінші Құдай сөзін оқу мен түсіндірудің синагогтық ғұрпы, ал адал Ли-тургия отбасылық яһудилік сенбі және пасхалық тамақтану рәсімдері.

Пасхалық рәсімнің маңызы өте ерекше, өйткені осы пасха кезінде Хри-стос Евхаристия құпиясын енгізген еді. Христиан дініне құлшылық рәсімі өте ұзақ әрі күнделі процесс бо-лып саналады және барлық діни рәсімдер міндетті түрде шіркеуде өтуі шарт. Христиан дінімен салыстырғанда мұсылмандық құлшылық ету өте қарапайым әрі біртұтас болып көрінуі мүмкін. Онда құлшылық қатаң рет-телген, онда құпиялық та, ән айту мен музыка жоқ. Әрбір мұсылманның бес парызының бірі – намаз. Намаз күніне бес рет, белгілі бір сағаттарда атқарылады. Намаз уақыты кіргенде мешіттің арнайы қызметкері мұнарадан азан шақырып, барлық мұсылмандарды намазға шақырады. Намазды тек мешітте ғана емес, кез-келген таза жерде оқуына болады. Ислам дінін қабылдаған адам үшін негізгі және маңызды міндет намаз бо-лып табылады. Аллаға сену мен оған құлшылық ету намаздың белгісі бо-лып саналады. Ислам бойынша адамның Алламен қарым-қатынасында ол тек оған құлшылық етуі және оған серік қосуға болмайды. Осы шарттар-ды дұрыс орындаған адамға Алла шексіз мейірім мен сансыз сый-сияпат сыйлаған.

Намаз – исламдағы құлшылық ету салттарының ең маңыздысы. Негізі намаз парсы сөзі, арабша бұл рәсім салят деп аталады. «Намаз» сөзінің мағынасы – «тілеу», «дұға оқу» дегенді білдірсе, ал, шариғаттағы мағынасы – тәкбірмен басталып, сәлеммен аяқталатын, ерекше қимыл-қозғалыстар мен сүрелер, дұғалар оқудан тұратын қасиетті ғибадат ұғымын меңзейді [8]. Сондай-ақ христиан дінінде тәубеге келу (Искупление) арнайы рәсім жүргізу арқылы шіркеуде өткізілсе, исламда адам тәубесіне намаз уақытында келеді. Сонымен қатар христиан дінінің ағымдарында діни құлшылық әр түрлі орындалады. Ал мұсылмандар исламның таралуының алғашқы жылдарынан бастап қалай оқыды әлі күнге дейін сол ретпен оқып келеді. Әлемдегі түпкір-түпкіріндегі мұсылман халқы сүннет бойынша орындай-ды. Намаз туралы Құранда жазылған және пайғамбардың сүннетінен кел-ген. Намаз адамға рухани және физикалық тұрғыдан тазаруға көмектеседі. Намазды орындау үшін адамның денесі, оның киімі және намаз оқитын таза болуы керек, сонымен қатар намаз алдында дәрет алуы тиіс. На-мазды белгіленген уақытында орындау міндеті адамды бірқалыпты, рет-телген өмір салтын ұйымдастыруға көмектеседі. Сонымен қатар, адам күнделікті күйбең тіршілікті бір уақ ұмытып, Аллаға құлшылық етіп, на-маз барысында жан тыныштығына жетуге, азды-кемді күнәсінен тазаруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар намазды жамағатпен бірге орындау ұсынылады. Діндарлар намазды бірге жасаған кезде қоғамның барлық тап өкілдері жиналады. Соның арқасында адамдар арасында ынтымақтастық пен бауырластық сезімдері дамиды. Бұл рухани жақындасу, көзқарастық, ру-хани іс-әрекеттің бірлігі материалдық өзара көмек пен ынтымақтастық сезімінің қабырғасын қалайды. Мұсылмандар үшін жұма күні қасиетті саналады және жұма намазды лажы болса мешітте оқуға тырысады. Діни мереке немесе жұма намаз күндері мешітке көптеген адамдар жиналады, осы тұста мешіттер әлеуметтік ынтымақтастық пен жақындасудың орны болып табылады. Құдай алдында барлық адам бірдей.

Исламда тек қана Аллаға құлшылық пен ғибадат етуге ғана арналған діни салт-ғұрыптар ғана тән емес, сонымен қатар ислам бүкіл дүниежүзіндегі мұсылман қауымды бір идея мен бір іс-әрекетпен біріктіруге бағытталған көптеген салт-дәстүрлерімен де ерекшеленеді. Ислам дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға әлеуметтік бақылау мен жоғары дәрежелі бауырластықтың негізі құралы ретінде ерекше мән береді.

Христиан және ислам дәстүріндегі ұқсастықтар мен ерекшеліктер

Мұсылман өмірінде діни мерекелер маңызды рөл атқарады. Дәстүрлі исламда екі мереке заңдастырылған. Шариғатқа сәйкес, негізгі мұсылман мейрамдары: Құрбан-Айт (құрбандық шалудың ұлы мерекесі), Ораза айт. Сондай-ақ, мәуліт (Мұхаммедтің туған күні), миғраж (Мұхаммедтің аспанға көтерілуі) аталып өтіледі. Жұма да мұсылмандар үшін мерекелік күн болып саналады. Ал христиандықтар үшін жексенбі күн айрықша күн саналады. Ислам дінінде күндердің төресі жұма болса, айлардың төресі рамазан айы болып табылады.Ислам дінінде қасиетті Рамазан айында барлық мұсылман қауымның жаппай ауыз бекітуі ислам шарттарының бірі болып табылса, христиан дінінде бұл қағида маңызды емес, әрбір христиан ауыз бекіту жоралғысын өз еркінше жүзеге асырады. Христиан дінінде Ұлы ораза жеті аптаға со-зылып, белгілі бір тамақ түрлерін жеумен шектелсе, ислам дәстүрінде мұсылман таң қылаулап атқаннан күн ұясына батқанға дейін бір ай бой-ында нәр татпайды.

Сонымен, Ұлы Ораза (Пасха) – оразалардың ішіндегі ең ұзағы әрі христиан үшін ең маңызды ораза. Шіркеу тілінде оны Қасиетті Четыре-десятница деп аталып, жеті аптаға жалғасады. Ұлы оразаның мәні – бұл тәндік және рухани зұлымдықтан бас тарту. Яғни, сабырлылық, төзімділік, шіркеу тілінде аскеза деп атайды. Адам өзін рухани тәрбиелеп, ерік-жігерін нығайтып, игі істер жасауға тиіс. Ең қатаң шектеулер Ұлы Ораза мен Страстныйдың бірінші аптасында болады, яғни Пасха алдындағы соңғы аптада. Бұл православиелік канондар бойынша, бұл Құдайға құлшылық ету пен дұға оқуда ыжтахаттылықты талап ететін уақыт.

Жалпы, христиан дінінде ораза ең алдымен, жасаған күнәдан тазару үшін ұсталынады. Христиан дініндегі ораза түсінігінің осы жері Иуда дініндегі ораза түсінігіне ұқсас. Екі дінде де ораза пенделердің күнәсінен арылу үшін жасалынатын ғибадат саналады. Тауратқа қарағанда Інжілде ораза ұстауға көбірек маңыз берілген. Дегенмен, Христиан дінінде ора-за тұту міндетті емес, әркім діни ережеге өз еркімен мойынсұнады [10]. Христиан дініндегі басты міндет адамның тәубесіне келіп, құдайдан өз күнәсін кешіруді сұрап ғидабат ету. Ал ораза айы адамның рухани әрі тән нәпсімен күресіп, шынайы кешірім сұрауына мүмкіндік береді. Ораза ұстау маңызы осы уақытта адам құдай туралы көбірек ойланып, көбірек дұға жасап, құлшылық жасауға, рухани өмірге жақынырақ болады.

Екінші, ерік-жігерді тәрбиелеу. Жалпы христиандардың ойынша, ора-за ежелден келе жатқан қағида, адамға әу баста түскен парыз. Өйткені Адам Ата мен Хауа ана заманында Құдай олардан жұмақтағы барлық жемістерден дәм татуға, тек қана жақсылық пен жамандықты тану немесе білім ағашының ғана жемісін жеуге тыйым салған. Осы тыйым Құдайдан келген ең алғашқы ораза деп санайды. Ораза – Құдайдың талаптарын орындау. Яғни адам өзін тамақтан, дүнияуи қызықтардан бас тартып, өз төзімділігін, шыдамдылығын Құдай алдында дәлелдейді.

Үшінші – денені рухқа бағындыру. Ораза кезінде адам асқазанына емес, рухына бағынады. Оразаны ең алғаш ұстаған адам үшін өзін-өзі тәрбиелеу, құмарлықты тоқтату, нәпсіні тыю, олармен күресу өте қиынға соғады. Ал нағыз христиан Иисустың жауынгері. Ал жақсы жауынгер әрқашан әскери дайындықта болып, әрі өзін-өзі ұстай білу керек. Ораза ұстамаған адамдар ешқашан нағыз тамақтың дәмін сезе алмайды. Ауыз бекітпеген адам үшін мерекелік дастарханның да еш маңызы болмай-ды, ал ұзақ оразадан кейінгі жасалған қарапайым дастарханның өзі ауыз бекіткен адам үшін мереке болып саналады.

Ораза кезінде адам өзін кез-келген ашу-ызадан, жаман істерден қашық болуы керек. Ойын қажетсіз, бос пиғылдан, жағымсыз естеліктерден тазартып, тілін ғайбат сөз мен өсектен және т.б. сақтауы керек. Егер бұл шектеулерді ұстанбаса, ораза жай ғана диетаға ұстап қалатыны анық. Ауыз ашу (қарапайым тамақты жеу) мерекелік литургиядан кейін Пасха күні ғана болады. Ұлы Ораза әр жылдары Пасха мерекесі күніне байланы-сты әр түрлі күнге келеді.

Ораза күндері адамдар уақытының көп бөлігін Иисустың өлімі мен қайта тірілгенін еске алып, дұға оқып, Құдайға құлшылық етуге арнағаны абзал. Өйткені Иисус 40 тәулік бойы шөл далада жатып, нәр татпаған екен. Сондықтан Ұлы ораза христиандар үшін Құдайдың ұлы Иисустан мұраға қалған үлкен сый іспетті. Ұлы ораза тұту, оның шарттарын мүлтіксіз орындау құтқаруды, кешірімді іздеген адам үшін тапсырмас сыйлық [11].

Христиан дінін ұстанған адам да, ислам дінін ұстанған діндар үшін ораза ұстаудың мағынасы, адам тән құмарлығына шектеу қоя отырып, рухын күшейтіп, барлық күш-қуатын Құдайға жұмсау. Ол Алла үйіне барып, дұға етеді, ішкі өмірін, әрбір қадамын, қимыл-әрекетін мұқият қадағалайды, керексіз заттар мен қажетсіз, мән-мағынасыз бос жүрістерді қысқартып, игі, жақсы істермен айналысады. Адам нәпсісін тыйып, өз қағидаттарына сәйкес өмір сүре бастайды. Егер біз өз өмірімізді осындай қасиеттері күндері ретке келтіріп, қажетсіз, бос іс-әрекеттерден арылсақ, осы кезге дейін уақыт таппай жүрген басқа да өзімізге қажетті, тиімді істерге алтын уақытымызды бөлеріміз анық. Жалпы ораза айы, мейлі христиандық Ұлы Ораза болса, мұсылмандық Рамазан айы болсын – адам үшін өмірге қайта машықтану әдісі. Рухани толық адам, ол әлбетте бақытты адам. Қазіргі кезде адамдардың көптеген жан, тән аурулары-на көптеп ұшырауы, өзінің бұл өмірдегі орынын таппай, рухани жұтап, сенімін жоғалтқандар. Сондықтан осындай діни мерекелердің барысында біз өз өмірімізді, тәніміз мен жанымызды, рухымызды емдеп жазарымыз сөзсіз.

Мұсылмандар үшін ерекше саналатын күн және де бес парыздың бірі Меккедегі қажылықтың аяқталуымен байланысты Құрбан айт мерекесі аталып өтіледі. Ислам шарттарына сәйкес, әрбір адам өмірінде бір рет қажылық жасауы керек. Құрбан айт қасиетті Рамазан айынан біткеннен соң 70 күннен кейін тойланады. Құрбан айт басталғанға дейін бір жарым ай бойы мұсылмандардың Меккедегі қасиетті орындарға қажылық жасауы қабылданған. Машақаты мен бейнеті мол бұл ауыр жол адамның діни және рухани даму деңгейін көтеруге көмектеседі. Құрбан айт – қайырымдылық пен мейірімділікті, адамдарға деген сүйіспеншілік пен бауырмалдықты дәріптейтін қажылық парыздың ең жоғарғы шегі болып табылады.

Мерекенің басты рәсімі мен Құдайға адалдықтың белгісі ретінде құрбандық шалынады. Бұл дәстүр тек Құраннан ғана емес, Библиядан да белгілі. Христиандық Киелі жазуларда Ибраһим ұлы Исмаил құрбандыққа шалу қажеттігі туралы айтылатын эпизод бар. Мұсылман мәдениетінде осыған ұқсас сюжеттің негізгі тұлғасы Ибраһим пайғамбар. 

Құрбандыққа шалынған малдың алғашқы қан тамшысымен сол адамның барлық күнәлар кешіріледі деп саналады. Сонымен қатар, құрбан шалу рәсімі көптеген нақтылықтар мен ережелерді талап етеді. Олар құрбандыққа шалынатын малдың түр-түсі, жасы мен сапасына қатысты ережелер. Діндар адам құрбандыққа шалынған малының көмегімен, «қылдан жіңішке, қылыштан өткір, жалыннан да ыстық» Синар көпірінен өтіп, жұмаққа апаратын жолды еңсере алады. Егер мұсылман құрбандық ша-лудан жалтарған болса, Синар көпірінен өте алмай, тозаққа түседі деген ежелгі аңыз-әңгіме бар.

Сондай-ақ христиан дініндегі «Исаның керілуі адамзаттың күнәларын өтеді. Иса өз өлімімен өлімді жойып, әлемге ғажап ақиқатты әкелді, яғни адам Құдай тәріздес өлімнің бұғауынан құтылып, арман ет-кен мәңгі өмірге қол жеткізеді. Сол себептен Қайта тірілу – христиандық күнтізбедегі ең маңызды мереке болып табылады. Адамдар бір біріне «Иса қайта тірілді» – «Шынымен де, қайта тірілді» деп айтады және олардың жүректері адамзаттың ең зұлымды жауы өлімді жеңу шаттығына толады» [3, с. 105] деп, бабасы Адамның күнәсі үшін бүткіл адамзат әлемі туғаннан күнәһар саналып, Исаның көмегімен күнәсінен арылған деген алып келеді. Ал исламда «Біреудің күнәсін біреу көтермейді» [12], яғни, әкенің кінәсін баласы көтермейді, нәресте бұл дүниеге күнәдан сәф таза күйінде туылады. Сондай-ақ христиан дінінде Иисус, апостолдар бейнесі салу бұрын шіркеу тарапынан тыйым салынған болса, кейіннен рұқсат етілген, ал исламда жалпы адам, аң бейнесін бейнелеуге тыйым салынған.

Христиан дінінің дәстүрлері діни мерекелерінде де көрініс табады. Біз христиан дінінің ең басты мерекесі болып саналатын Пасха мейрамын мысалға алып отырмыз. «Пасха, христиан діні бойынша, Христостың қайта тірілуінің нұрлы мейрамы (орыс. Светлое Христово Воскресение) – христиан дінінің ежелгі әрі ең маңызды мейрамы» [13], Христостың өліп, қайта тірілуінің құрметіне тойланады.Иисустың қайта тірілуі немесе Пасха христиандықтар үшін мерекелердің мерекесі. Пасха жексенбі күні тойланады, сондықтан белгілі бір нақтыланған күн жоқ, жылжымалы болып келеді. Сондықтан Пасха мерекесіне дөп келетін күнге бірнеше христиан мейрамдары тәуелді. Со-нымен қатар бұл мерекеге Ұлы Ораза күні де тәуелді, өйткені Иисустың қайта тірілу күніне христиандардың дайындығы Пасхаға дейін жеті апта бұрын басталады.

Пасханың шығу тегіне келер болсақ, бұл мейрам христиандықтарға яһуди халқынан келген мереке. Өйткені Иисустің қайта тірілуі яһудилердің басты мерекесі – Песак мерекесіне тұспа-тұс келген. Бұрындары кейбір христиан қауымы Пасханы яһудилермен бірге тойласа, кейбірі яһудилердің мейрамдарынан кейінгі жексенбі күні атап өткен. Өйткені Иисус Песак күні креске шегеленіп, сенбі күннің ертеңгі таңында қайта тірілген, яғни жексенбі күннің таңы. Пасханы тойлау дәстүрінің әртүрлілігі уақыт өте жергілікті шіркеулерде байқала бастап, нәтижесінде батыс және шығыс христиан қауымдарының арасында «пасхалық дау» туындады. Ал бұл дау Шіркеудің біртұтастығына нұқсан келтіре бастады. Нәтижесінде, барлық епископтар жиналып, Сенім символын қабылдады және Пасха мерекесіне байланысты екі ережеге қабылданды: 1) Пасханы бірінші көктемгі күн мен түн теңелгеннен кейін атап өту (яғни ай толғаннан кейінгі бірінші жексенбі)2) Пасханы яһудилерге бірге тойламау.Осы кезден бастап Пасха жергілікті шіркеулерде бір күнде тойлана бастады. Егер жексенбі яһудилік Песак мерекесіне дөп келсе, онда хри-стиандар мерекені келесі жексенбіге ауыстырады.Бұл Иисустың қайта тірілуі немесе Пасха мерекесі табиғаттың жанда-нуымен бейнеленеді. Яғни, күн мен түннің теңелуі, алғашқы көктемгі күн сәулелері, айналаның барлығы көк шөпке оранып, айналаға жан біткен кезең. Әдетте Пасха 22 наурыз бен 25 сәуір аралығында өтеді.Иисус Христостың қайта тірілуіне деген шынайы сенім – бұл барлық Христиан ілімінің тірегі. Осы сенім арқылы адам өзінің де құтқарылатыны-на сенуі және үміттенуі мүмкін. Яғни «Христостың өлімді жеңуі – бұл тек рухани шындық қана емес, сонымен қатар денелік шындық. Иисус шыны-менде денесімен барлық адамдардың құтқарылуы үшін өлімнен тірілді. Оның өлімнен тірілуімен өлім қайтарымсыз бетке айналды және Христосқа сенгендерге мәңгі өмірге туылуға, аспанға Құдай Патшалығына ашылған есік болды» [14]. Пасха дәстүріндегі тәрбие – махаббат, кешірім мен шыдамдылық, сонымен қатар, өзі үшін және басқалар үшін жауапкершілік парызы. Сүйе білу, талап ету және кешірім жасай білу қабілеті бұл шы-найы отбасылық қатынасқа және азаматтыққа қажетті сапа. Осы тұрғыда діни мерекелер мен діни жөн-жоралғылар адамның жеке бас қасиеттерін тәрбиелеуге, қоғамдағы орнын айшықтауға үлесі зор.

Әдебиеттер тізімі

1 Васильев Л.С. История религии Востока. – Москва: Книжный дом «Уни-верситет», 2000. – 704 с.2 Ислам дінінің ерекшеліктері. [Электрондық ресурс] URL https://islam.muftyat.kz (қаралған күні 23.05.2018).3 Соловьева Г.Г. Религия в Казахстане. История и современность. Учебное пособие / Под общ. ред. А.Х. Бижанова. – Алматы: Институт философии, поли-тологии и религиоведения КН МОН РК, 2018. – 346 с.4 Борбасова Қ. Қазақстандағы діни білім беру үрдістері және мәселелері // Влияние религии на современный мир. Матер.междунар.научно-практ.конф. / Под общ. ред. З.К. Шаукеновой. Сборник статей. – Алматы: ИФПР КН МОН РК, 2013. – 406 б.5 Христианское таинство. Семь Таинств. [Электронный ресурс] URL https://prayerssaints.ru (дата обращения 23.06.2019).6 Исламдағы таңдаулы 100 сұрақ. – Алматы: 2012. – 85 б.7 Епископ Александр (Милеант). Литургия Св. Иоанна Златоуста с пояс-нениями. [Электронный ресурс] URL https://www.liturgia.ru ( дата обращения 19.12.2019). 8 Намаз – мұсылманның парызы. [Электрондық ресурс] URL https://namaz.muftyat.kz (қаралған күні 27.05.2018).9 Исаұлы М., Жолдыбайұлы Қ. Ислам ғылымхалы. – Алматы, 2010. – 520 б.10 Исахан М. Христиан дініндегі оразаның қандай ерекшелігі бар. [Электрондық ресурс] URL https://kazislam.kz (қаралған күні 12.06.2017).11 История великого поста. [Электронный ресурс] URL https://velikij-post.ru (дата обращения 03.02.2019).12 «Әнам» сүресі, 6:164. [Электрондық ресурс] URL https://wikiquran.kz (қаралған күні 12.08.2018).13 Пасха. [Электронный ресурс] URL https://ru.wikipedia.org ( дата обраще-ния 12.10.2019).14 Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдың архипастырларға, пастырларға, диакондарға, монах қызметіндегілерге және Орыс Православие Қауымының барлық адал ұл-қыздарына Пасхалық жолдауы. [Электрондық ре-сурс] URL https://nikolski.kz (қаралған күні 17.05.2019).15 Ибрагим Т.К. Коранический гуманизм. Толерантно-плюраоистические установки. – Москва; ИД «Медина», 2015. – 576 с.

Авторлар: Тоқтарбекова Лаура Ниязбекқызы

Сейтахметова Наталья Львовна

Бидахметова Шынар Бидахметкызы