Діни конверсияның кейбір қырлары
Мемлекет пен діни бірлестіктердің қарым-қатынастары заңдар шеңберінде реттелуде.
Діни сенім бостандығы, ар-ождан еркіндігі құқықтарына сай қоғамда түрлі деңгейде көзқарастық плюрализм қалыптасып, постсекулярлы қоғамдағы тұлға, сенім, қөзқарас, ұстанымдар аясында зайырлылықтың жаңа үлгісі көрініс табуда. Діни конверсия жайындағы түсініктер ашық қоғам ережелеріне сәйкес, ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен жаңа қырларлы көрінуде. Конверсия мен прозелитизм терминдері ұқсас мағынада болуына орай, түрлі діни топтар мен интернет уағызшыларының шетел тілдеріндегі мәліметтері қазақ, орыс тілдеріне аударылып таралып отырғаны жасырын емес.
Ресми деректерге сүйенсек, Елімізде сот шешімдерімен таралуы, насихатталуына тыйым салынған ақпараттық материалдардың басым көпшілігі заңға қайшы контентті жариялаған, діни түсініктерді қате насихатталған мазмұнда.
Конверсия мен прозелитизмнің негізгі себеб-салдарына келесі мәселелер тиесілі:
- қоғамдық саладағы ақпараттық заманның ілгері жетістіктерін пайдаланушы діни топтар мен ағымдардың ықпалдары;
- адам табиғаты түрлі рухани, ментальді, танымдық, ақпараттық мәліметтерін толықтыру үшін «рухани ілім» ұсынушы жекелеген шетелдік уағызшылар мен түрлі интенсив курстар, коуч, менторлардың жарнамасына қызығушылық танытуда;
- діндердің тарихтары, еліміздегі даму ерекшеліктері, насихаттық мақсаттары мен идеялық мазмұндарынан толыққанды ақпарат болмауынан немесе «бұрмаланған мәліметтерге» алдануда;
- конверсия мен прозелитизмнің орын алу себептеріне рухани экспансия жүргізуші заңсыз миссионерлік қызметпен айналысушыларда ықпал етуде;
- азаматтар мен қоғамдық топтар арасында дінтану ғылымы тек діни немесе академиялық, ғылыми ортадағы қаралатын, зерттелетін, талқыланатын ғылымның бір бағыты ретінде қалыптасқан пікірлер салдарынан прозелитизм туралы пайымдар көпшілік ақпараттандырылмаған.
Конверсия мен прозелитизмнің салдары қоғамдық келісім, конфессияаралық достастық, ортақ құндылықтар алаңындағы азаматтық қоғамның дамуына кері әсерін тигізуі ықтимал.
Халықаралық тәжірибені зерделесек, конверсияға қатысты түрлі заңнамалық шаралар қабылданғаны белгілі, Америка Құрама Штаттарында өздерінің дәстүрлі конфессиялары саналатын христиан шіркеуінің құндылықтарына қайшы келетін фильмдерге қатаң цензуралар қарастырылған. Франция мемлекетінде «культтерге қарсы адам санасын бақылау» туралы құқықтық ережелер қабылданған. Аталған шаралар арқылы мәдени-рухани құндылықтарын қорғауға арналған қадамдар деп пайымдауға болар.
Қазақстан Республикасы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңның» талаптары бұзылған жағдайда конверсияның көріністері орын алғанда тиісті жауапкершіліктер ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің» 489, 490 баптарында әкімшілік жауапкершіліктер қарастырылғанын ақпараттық құралдар арқылы жариялауымыз қажет.