Уахабизмның шығу тегі және саяси мәселе
Бұл мәселені теориялық және саяси деңгейде теңгерімді және жан-жақты қарастыру кез келген мемлекеттің мұддесіне кіреді. Оның ішінде біздің де мемлекет оның ақ-қарасын білгісі келетіні жасырын емес.
Тіпті «вахабизм» деген сөз халқымыздың арасында қорқыныш ұялатып, онымен күресу керек деген дұшпандық сананы оятты. Әсіресе жағымсыз тенденциялы пікірлер көп айтылады. Енді осыған байланысты тарихтың кейбір сұрақтарына тоқталайық. Бұлар қайдан шықты және қандай ерекшеліктері бар? – деген сұрақтарды үш тұжырымға бөліп қарастырсақ. Бірінші тұжырым үш негізден тұрады.
Ең алдымен бұл мәселенің тамыры тереңде жатқанын және оның бастауы сахабалар заманына барып тірелетінін білуіміз қажет.
Бірінші негіз: Мұхаммед (с.а.у) заманында Харижиттердің ең алғашқыларынан болып келетін Харқұс ибн Зуһайр деген адам өмір сүрді. Пайғамбар Хз. Әлиге мұғжиза ретінде ғайыптан хабар беріп, оны «зиссудие» яғни, омырау иесі екенін атап көрсеткен. Олай аталуының себебі, бір омырауы әйел адамның омырауына ұқсас еді. Сондай-ақ, оның маңайында адамдар жиналатынын, олар діннен садақтың атылған оғы тәрізді өте жылдам шығып кететінін айтқан. Кейін Хз. Әлидің халифалығы кезеңінде харижиттердің бүлік шығаруымен Нехриуанда соғыс басталып кетеді. Хз. Әлидің әскерлері оларды және бір топ хафиздарын тып-типыл қырып жібереді. Олардың ішінен Харқұс ибн Зуһайрдің мәйіті табылады. Хз. Әли мұны өзінің дұрыстығына дәлел ретінде көрсетіп, осылайша пайғамбардың мұғжизасын жариялайды. Кейіннен бұл жағдай харижиттерге қатты әсер етіп, дін тұрғысынан Хз. Әлиге (р.а) деген реніш пен дұшпандықты оятады. Сондықтан, харижиттер Хз. Әлидің (р.а) артықшылықтарын шиаларға қарсылық білдіру мақсатында төмен түсіреді. Және оған деген жеккөрулері соншама, оның тариқат жолындағы «шаһ-и уәлаят» яғни, әулиелердің пірі, ұстазы деген атағын жоққа шығарды. Сол үшін де қазіргі уахабистер «әулиелікті» теріске шығарып мойындамайды. Алайда әһлі сунна уәл жамағат сенімінде «әулиелікті» мойындауға шақырылады.
Екінші негіз: Харижиттердің басым көпшілігі Нәжид жерінен (Сауд Арабия аймағы) шыққан еді. Мүсәйлимә-и Кәззабтың фитнасымен (зекет бермейміз) деп діннен шыққан Нәжид аймағы хз. Әбу Бәкірдің халифалық кезінде Халид ибн Уәлидтің қылышынан көп зардап шегуі, олардың Әһли сүннет уәл жамағатқа қарсы ұмытылмайтын ыза-кек сақтап қалуына алып келді. Олар өздерін мұсылманбыз деп санаса да, өткен замандағы ата-бабасының көрген соққысын әлі де ұмыта алмай келеді.
Қалайша хз. Омардің (р.а.) әділеттілігімен Иран мемлекетінің жойылып, бейне бір ұлтының намысы тапталғандықтан, шииттер Әһли Бәйт яғни, пайғамбар ұрпағына махаббат ету пердесін жалау етіп хз. Омар (р.а.) мен хз. Әбу Бәкірге (р.а.) және мүмкіндігінше үнемі Әһли сүннет уәл жамағатқа қарсы позицияда тұрғаны тәрізді.
Үшінші негіз: Уахабилердің атақты ибн Тәймия мен ибн Қайым әл-Жәузи сияқты имамдары тариқат ілімінің ұлы ұстазы Мұхиддин-і Араби (р.а) секілді ұлы әулиелерге шабуыл жасап, олардың әулиелігін жоққа шығарумен қатар күпірлікпен айыптаған. Сондай-ақ, шииіттерге қарсы Әбу Бакірдің (р.а.) хз. Әлиден (р.а.) артықшылықтарын дәріптейміз деп, хз. Әлидің (р.а.) қадірін өте төмен түсіреді. Оның үстіне уахабистер өздерін Ахмед ибн Ханбал мәзһабындамыз деп санайды. Неге ол мәзхабты таңдады?-деген сұраққа келетін болсақ, өйткені ол, Алеуилерге яғни, шииіттерге қарсы көзқарастағы имам еді. Сол үшін де мәзхабын дін атына пайдаланып жамылуда. Әулиелердің қабірлерін қиратып, өздерінің бұл әрекеттерін дұрыс деп санайды.
Екінші тұжырым, екі негізден тұрады.
Бірінші негіз: Исламда бір ұлт екінші бір ұлтты төмендетуіне болмайды. Оған дәлел Пайғамбарымыздың: «Арабтың араб еместен ешқандайда артықшылығы жоқ». Алланың алдында адамдар тақуалықпен өлшенеді деген хадисі. Алайда, осы ғасырда ұлтшылдық идеясы тым алысқа кетті. Ұлтшылдық идеясы екі түрлі болады. Біріншісі – негативті болымсыз, зиянды. Өзгені жұтумен қоректенетін қатыгез. Ол басқаларға дұшпандық етумен жалғасады. Соңы нәтижесі келіспеушілік пен қастасуға алыпкеп соғады. Қазіргі уахабилер ұлтшылдық идеясына соқыр түрде жабысып қалды. Бұл негативті ұлтшылдық өзінің мүдделерін алға қойғандықтан дінді құрметтей алмайды. Өз мүддесін қолдайтын қандайда бір сылтау тапса оны демеп жібергісі келеді.
Сондықтан, қазіргі Саудия билігі.... Үнсіздікті жөн көрдік.
Екінші негіз: Тура жолдан жаңылысқан топтардың барлығын адасқан деп айта алмаймыз. Олардың ұстанған кейбір ақиқаты болыуы бек мүмкін. Егер оның сүйенетін қайнар көздері хақ пен ақиқатқа жанасса, және болымды жағы болымсыз жақтарына басым келсе онда ол топтың ұстанған жолы дұрыс болып табылады. Алайда, керісінше болатын болса яғни, сүйенер қайнар көздері хақ пен шындыққа жанаспаса онда ол топ сөзсіз адасқан болып шыға келеді. Және оның ұстанушылары бидғатшылдар мен адасқандар деп аталады.
Осы ережеге сүйене отырып қарасақ, ислам әлеміндегі бидғатшылдар фракцияларында әрқайсысы хақты сырып қойып өз пайдаларын ұстанғаны байқалады. Мысалы, Шииттер Құран кәрімнің бұйрығына бас игендей болып, Пайғамбардың әһл - і бейтіне яғни, отбасысына махабат етуді жалау етіп, перденің артында кек алу мақсатында әһл – і сунна уал жамағаға қарсы позицияда қалуы сияқты. Сондай-ақ, Уахабилер де жоғарыда айтылған үш негіздерде келтірілген себептерге байланысты хақтан тайып адасуға жол бергендіктен шектен шығып зиян келтіруде. Тура сол секілді, қай бағыт болса да, мейлі ол жәбрия, мейлі ол мұғтазила ағымдары болсын, олар өз ұстанымдарында хақ пен ақиқаттан тайғандықтан адасқан.
Өкінішке орай, киелі Мекке әһл-і Сунна уал жамағаға тиесілі болатұра, Уахабилер әлсіздік танытып, оны Британия үкіметіне жығып беріп, "Харамайн аш-Шарифайнға" екі киелі жерге оның саясатын жүргізуіне есік ашты. Осылайша бидғатшылдар Британдық саясатты ислам әлемін алдайтындай етіп орталық саясаттың қол астына алуға мәжбүр етті. Олар осы жағынан Әһлі-Суннет уал жамағатты жеңіп алды деп айтуға болады.
Үшінші тұжырым бір негізден тұрады
Бірінші негіз: Себептердің араласуымен болып жатқан оқиғалар сол себептердің жеке меншігі емес. Керісінше әрбір оқиғаның нағыз иесі-тағдыр. Ал тағдыр болса, Алланың шексіз даналығымен және әділеттілігімен басқарылады. Олай болса, біз бұл Уахабилік мәселесін бір ғана қырынан қарап яғни, олардың Әһлі-Сүннетке қарсы шектен шығуларын зұлымдық назарымен ғана қарастырмаймыз. Мүмкін, Әһлі-Сүннеттің "тағдырға тиесілі" өлшемді сақтай алмау мәселесі бар шығар, содан "уахабилерді" Әһлі-Сүннетке қарсы айдап салған болар.
Иә, Уахабилер зұлымдық жасады, өйткені олар өте агрессивті түрде, кекшілдікпен харижиттік қозғалысы атынан әрекет жасағаны үшін қылмыс жасауда.
Алайда, Құдайдың тағдыры әділеттілікті үш себепке сүйене отырып жасайтынын айта кеткен жөн. Енді оны бірге қарастырайық.
Бірінші себеп: Мазараттар мен қабірлерді зиярат ету өзіндік шарттарға негізделіп хадиспен нақты бекітілген. Кейіннен бұл шарттар сақталмай шектен шығу басталып кетті. Әсіресе әулиелердің кесенелерінде бұл көрініс кең етек жайды. Иә, әулие заттарды «уәсила» жасап Жаратушыға жалбарынуға болады, ол рұқсат. Бірақ уәсиланы ұмытып жеке басқа табынушылық болмайды. Яғни, бір ауыз сөзбен айтқанда ол да (марқұм) Алланың разылығына бөленген бір құл деп сеніп, оның шапағаты мен рухани дұғасына ие болу үшін құрмет көрсетіп дұға етуіне болады. Алайда оның орнына, қабір иесі өзін-өзі басқара алады және керемет құдірет күші бар деп есептеу және оған соқырша надандықпен сену – шектен шығу болып табылады. Тіпті, намаз оқымағандар да әлгі атақты, киелі орындарда құрбандық шалсам жеткілікті деп жалбарына бастады. Бұл шектен шыққан жағдай тағдырға уахабилердің шығуына рұқсат берді. Бірақ, әлгігілер оларды түзетіп, шектен шыққандарын орнына қою қажет деп санаса да, олай етпеді, керісінше, артық етемін деп тыртық етті яғни, тамырын толығымен кесуге кірісті. Олардың бұл іс әрекеттері әлбетте жазасыз қалмайды.
Екінші себеп: Бұл ғасырда материалистік идеялар ілгерілеп кетті. Адамдар көздерімен көріп, қолдарымен ұстаған нәрселерге сене бастады. Алайда, себептерде ешқандай құдірет жоқ, бар болғаны Алланың қалауымен ықпал етуі. Алланың шынайы таухид сенімі себептердің перде үкімінде қалуын керек етеді. Ендеше, бұл материалдық көзқарас дамыған дәуірде адамдар қаншалықты тақуа болса да, шариғат олардың әр нәрсені себептер жаратты деп санауына жол бермейді. Сондықтан да сахабалар мен әулиелердің қабірлерін «киелі зиярат ету орны ретінде қарастыру» қазіргі уақытта шариғаттың өлшемдеріне сәйкес келмейтіндіктен, илаһи тағдыр оны өзгерткісі келіп, оларды Әһлі-Сунна уал жамағаның арасына жіберді.
Үшінші себеп: Осы ғасырда менмендік яғни, «эгоизм» тізгінді өз қолына алғаны соншалық, көптеген адамдар кішкентай перғауындар мен кішкентай нәмрудтарға айналды. Олар исламдағы ұлы тұлғаларды өздерінің назарында менменшіл деп ойлап оларға пұтқа табынушылықтың жаңа түрі болған ескерткіштер мен суреттер түріндегі қорқынышты түрде риякерлікпен табынушылық жасауда. Әсіресе, қарапайым бұқара халық әулиелерді құрмет тұтып дәріптейміз дей отырып, надандықпен шектен шығып, ғибадат дәрежесінде кетті. Әрине, тағдыр оны орынды деп таппады. Ол бұл уахабилерді әһли суннаның арасына жіберді. Ол олармен бірге өзгереді.
Дегенмен, уаһһабилердің ұнамсыз жақтарымен қоса ұнамды жағында айтып өту маңызды. Мүмкін, олардың осы ұнамды жағы басқа ұнамсыз жақтарына қарағанда сәттілікке бөлеп жатқан болар. Ол жағы мынада: Олар намазға үлкен мән береді. Және олар шариғат үкімдерін жүзеге асыруға тырысуда. Бұл мәселеде олар басқалар сияқты немқұрайлы әрекет етпейді. Бейне бір, «діни фанатизм» деген атауға қарсылық танытып жатқандай. Басқалар сияқты дінге немқұрайлы қараудан сақтанып діннің нышандарын жоймайды. Оның үстіне уахабизм шағын бір ұйым. Ол ұлы Ислам әлемінің кең су қоймасында ериді немесе онымен үндестікке келеді; Өйткені, ислам әлемін шатастырып жіберетіндей қайнар көзі сыртта емес. Қайнар көзі сыртта болса, көп ойландырар еді...
Темур Аманқұл – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының доцент м.а, Ph.D докторы.