Семейде деструктивті діндегі отбасы балаларын мектепке жібермей қойған
Семейде деструктивті діни көзқарасты ұстанған отбасы балаларын мектепке бермей қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Семей прокуратурасы "Отбасының цифрлық картасы" жобасын іске асыру аясында төрт баланың міндетті орта біліммен қамтылмағанын анықтады.
Деструктивті діндегі отбасында 8 бен 13 жас аралығындағы үш бала тәрбиеленеді. Ата-анасының наным-сеніміне байланысты олар мектепке бару мүмкіндігінен айырылып, ерте жастан білім беру жүйесінен тыс қалған. Прокуратураның бастамасымен уәкілетті органдар әр баланың білім деңгейін бағалап, кейін оларды мектепке қабылдады. Анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал уәкілетті органдардың лауазымды тұлғаларына тәртіптік жаза қолданылды.
дереккөз: https://stan.kz/semeyde-destruktivti-dindegi-otbasi-balalarin-mektepke-424500/