Жетісу облысында дінтанушылар мен діни бірлестік жетекшілерінің республикалық форумы өтті
Облыс орталығы Талдықорған қаласында «Жетісу облысының дін істері басқармасы» ММ ұйымдастыруымен «Рухани келісім жолы: Съезд идеяларын жүзеге асыру» тақырыбында дінтанушылар мен діни бірлестіктер басшыларының республикалық форумы өтті.
Аталған форумға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті өкілі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб муфтиі, Орыс-православ діни бірлестігінің Талдықорған викариатының епископы, Рим-Католик діни бірлестігінің Алматыдағы Қасиетті Үштік Епархиясының епископы, республика бойынша дін істері басқармалары және оған қарасты дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталықтарының директорлары, теолог, дінтанушы мамандар, Жетісу универистеті, «Нұр-Мүбарак» ЕИМУ өкілдері, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының өкілі, өңірдің зиялы қауымы, ҮЕҰ, депутаттар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Шараның мақсаты - әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезінде көтерілген өзекті мәселелерді жүзеге асыру, дінаралық сұхбат пен келісімнің сақталуы жолында тиісті жұмыстар атқаруға бағытталды.
Шара аясында облыс әкімінің орынбасары зайырлы мемлекеттің тарихи, мәдени, діни және рухани құндылықтарын сабақтастырып, тұрғындар арасында бейбітшілік пен татулықты насихаттаудағы сіңірген еңбегі үшін бірқатар азаматтарға облыс әкімінің алғыс хатын табыстап, жыл ішінде жақсы жұмысымен ерекшеленген, үздік деп танылған дін қызметкерлерін мен сала мамандарын:
«Жоғары рухани қызмет»;
«Үлгілі діни ғибадатхана»;
«Үздік ұстаз»;
«Белсенді қайырымдылық қызметі үшін»;
«Жас діни көшбасшы»;
«Үздік теолог» номинациялары бойынша марапаттады.
Форум жұмысы аясында дін істері басқармасының теолог мамандары әзірлеген жаңа методикалық құралдың тұсау кесер рәсімі өткізілді. Айта кетейік, бұл форум жаңа құрылған Жетісу облысы тарихында алғаш рет өткізіліп отыр.
%20%E2%80%94%20%D0%BA%D0%BE%D0%BF%D0%B8%D1%8F.jpg)