Сүлейменшілер деген кім?
Соңғы уақытта Сүлейменшілер туралы негативті ақпарат көзі көбейіп кетті. Біріншіден, олар кім? Қайдан пайда болды? –деген сұраққа теолог жауабын ұсынамыз
Сүлейменшілер – Қазақстанда әр облыста «Отырар», «Сауран», «Мұрагер» секілді әр-түрлі атпен тоқсаннан астам «Пансионат» (Қайырымдылық мекеме) ашып, өздерін біз «Медресеміз» деп таныстыратын, бірақ ресми Муфтияттың қарамағына кірмейтін жамағат. Өздерін өткен ғасырда Түркия елінде өмір сүріп, дін қайраткері болған Сүлеймен Хилми Тұнахан хазіреттерінің ілесушілеріміз деп есептейді.
Осы орайда ескерту керек, Сүлеймен хазіреттері өзі дұрыс бағытта болған: амалда Ханафи мазхабы, сенімде Матруди мазхабы, сопылықта Нақшбандия тариқатының бұрмаланбаған бағытын ұстаған. Осы орайда айта кететін нәрсе, Хазірет өте ықласты, иманды әрі әулие кісі болған, өзінің аузынан немесе ісінен дінге қайшы келетін нәрсе көрінбеген, бірақ артынан ілескен шәкірттерінің оған деген тым артық махаббаттарынан Хазіретке шариғатқа қайшы нәрселер бекіткен.
Сүлейменшілер не үшін жамағат-топқа жатқызылғанына тоқталар болсақ. Негізгі себеп Әхлі сунна сенімі бойынша адасу саналатын сенімді ұстануында.
Еліміз бойынша медрессе ашуға олардың қаншалықты құқықтары бар? Олардың жұмысы өкілетті органдардың бақылауында ма?
Амина Смағұлова есімді азаматша өзінің facebook парақшасында : «Maulen Janbolat Қайырымдылықты жамылған "Жібек жолы" пансионаттары балаларға зайырлы білім, тәрбие беріп, заңды жұмыс істеп жатса , онда неге сайттарыңызда: https://www.jibekjoly.kz/ жарғы, оқу-тәрбие бағдарламасы, қаржылық есептер, құрылтайшылар, жатақхана, педагогтардың кадрлық құрамы, ,ас мәзірі туралы ешқандай деректер жоқ??? Педагог, директорлардың неге жасырын жұмыс жасайды? НЕГЕ есіл-дерті тек қана ақша жинау? Бар тәрбиесі - балаларды ертіп базар аралап, оларды қайыршылыққа үйрету!!!» - деп дабыл қаққан еді. Әлі тұшымды жауап естімедік.
Не дегенмен де бұндай медрсеелерге балаларын берерде ата-аналар сақ болған абзал.