Өзбекстан радикалды топтарға бақылауды күшейтті

Өзбекстанның құқық қорғау органдары қыркүйекте радикалды діни топтарға қарсы рейд жүргізді.

Дереккөз мәліметінше, бұл шара Ауғанстан билігіне тәліптер келгеннен соң басталған.

Әсіресе Сұрхандария облысының Ауғанстанмен шекаралас аудандарына бақылау күшейген.

Өзбекстан ІІМ мәліметінше, соңғы айда "Хизб ут-Тахрир" ұйымының мүшесі деген күдікпен 200-ге жуық адам ұсталған.

Олардың жүзге жақыны әртүрлі мерзімге қылмыстық жазаға тартылса, қалғанына әкімшілік жаза берген.

"Қазір түрлі радикалды топтар күшейіп жатқаны туралы ақпарат келеді. Олардың бәрі онсызда бақылауда. "Қауіпсіз аймақ" бойынша нақты мекен-жайларға рейд жүргізгенде, дәлелді айғақ тапқандарды ұстадық", - деді аты-жөнін атағысы келмеген ІІМ тергеушісі.

Оның сөзінше, соңғы жылдары мұндай рейд жүргізілмеген.

www.azattyq.org