«Ақпараттық-түсіндіру тобының қызметіндегі инновациялық процестер» тақырыбындағы оқыту семинары өз мәресіне жетті.
А.ж. 15 сәуірінде «Ақпараттық-түсіндіру тобының қызметіндегі инновациялық процестер» тақырыбындағы оқыту семинары өз мәресіне жетті.
2 күн бойы, елордалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының, мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, жас еріктілер ақпараттық-түсіндіру тобына дәрістер оқылды.
Қатысушыларға «Халықтың діни сауаттылығын арттырудың маңыздылығы», «Шешендік өнер және риторика», «Әлеуметтік желілердегі ДРТ қызметінің формалары мен әдістері», «Ерікті жастар қозғалысы жобасы туралы», «Прогрессивті жастар. 21 ғасыр жағдайындағы әлеуметтік лифт», «Аудиториямен жұмыс істеудің психологиялық аспектілері», «Ақпараттық-түсіндіру бөлімінің жұмысын ұйымдастырудың негізгі аспектілері» тақырыптарында 13-14 сәуір аралығы дәрістер оқылып, практикалық тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, ақпараттық-түсіндіру топтары жұмыстарын ілгерілету мақсатында қатысушыларға қосымша әдістемелік құралдар таратылып, «Kahoot!» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері түсіндірілді.
Біліктілігін оқыту курсы қатысушыларының білім деңгейлерін анықтауға арналған сауалнама таратылып, сараптама нәтижелері көрсетілді.