Ақтөбеде ер адам мешітте заңсыз уағыз жүргізген
Ақтөбе қаласындағы мешіттердің бірінде ер адам заңсыз миссионерлік қызмет атқарған.
Мешітте рұқсатсыз діни дәріс өткізген ер адамға айыппұл салынды. Оқиға Ақтөбедегі мешітте болған, – деп жазады Polisia.kz.
Былтыр 26 қазанда Ақтөбедегі мешітте ер адам заңсыз миссионерлік қызмет атқарған.
Сараптама жүргізілген уақытта YouTube-те діни рәсім өткізген бейнежазбасы анықталған. Бейнежазбада Ақтөбе қаласында мешітте ұстаз ислам дініне қатысты дәріс өткізгені түсірілген.
Күдіктіге қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 490-бабының 3-бөлігі (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) бойынша кінәлі деп танылып, 291 700 теңге айыппұл салынды.