Экстремизм эпидемиясы

Гүлжамал Құлжабекованың ұлы ауыр дерттен емес, ата-анасының соғысқа деген құштарлығынан қайтыс болды. Сирияда бүлікші топтың қаруымен ойнап отырған балалар автоматтың шүріппесін басып қалып, оқ Закарияға тиеді. 5 жасар баланы ажалдан арашалап қалу мүмкін болмапты. Гүлжамал 3 рет тұрмысқа шыққан. Қазір жұмыс таппай тентіреп жүр.