Алматыда «кришнаиттік» бағыттағы діни әдебиетті рұқсатсыз сатқаны үшін қала тұрғынына айыппұл салынды
2023 жылдың 5 қаңтар күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасына Әуезов ауданының Полиция басқармасынан рұқсатсыз діни әдебиетті сатумен айналысқан Ф. есімді азаматшаға қатысты іс материалдары келіп түсті. Аталған азаматша ҚР ӘҚБтК 490 бабы 3 бөлімінің (діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелу, дайындау, шығару, басып шығару және (немесе) таратуға қатысты) талаптарын бұзған.
Бұл факт бойынша аталған азаматшаға қысқартылған әкімшілік іс қозғалып, нәтижесінде көлемі 86 мың теңгеден асатын 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Өз кезегінде, азаматша Ф. өз кінәсін мойындап, алдағы уақытта дін саласындағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға уәде берді.