Елордада деструктивті діни ағымдар идеологиясының таралуының алдын алу мәселесі талқыланды
Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен Астана қаласының терроризмге қарсы комиссиясының отырысы өтті.
Отырыста діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу шаралары талқыланды.
Отырыста комиссия мүшелері жастар саясаты мәселелері, білім беру, дін істері, Алматы, Байқоңыр, Есіл, Сарыарқа аудандары әкімдері, сондай-ақ қалалық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының басшылары сөз сөйледі.
Күн тәртібіне сәйкес жастар арасында деструктивті діни ағымдар идеологиясының таралуының алдын алу және оған жол бермеу, 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының 2023 жылға белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізу мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ комиссия мүшелері террористік тұрғыдан осал нысандардың терроризмге қарсы қорғалу деңгейін арттыру жөніндегі шараларды талқылады.
Отырыс соңында елордада діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жұмыстарды жалғастыруға ерекше назар аударылды.