Әлімжан Тұрманов қылмыстық кодекстің екі бабымен айыпталып, сегіз жылға сотталады. Ол Сириядағы бүлікшіл топқа қосылу үшін жалған құжат жасатқан. Шам жеріндегі содырлар сапына қосыла алмаған Әлімжан, Ауғанстандағы террорлық ұйымдарға қосылмаққа бел буады.