Радикалды ұстанымда емеспін деп айта аламын...
Самойлов Валентин есімді респондентпен сұхбат.
(Аты-жөні өзгертілген)
- Валентин мырза, өзіңізді қысқаша таныстыра кетсеңіз, жасыңыз, біліміңіз, туып-өскен жеріңіз, отбасылық жағдайыңыз?
- Мен Самойлов Валентин 1979 жылы Қарағанды облысында дүниеге келгенмін. Ал, тұрғылықты мекен-жайым бойынша Көкшетау қаласында тұрамын. Бойдақпын, білімім - орта.
- Жаза өтеу бойынша сізге қандай баптар негізінде айып тағылып отыр??
- Терроризмдi насихаттау немесе террористік әрекеттер жасауға жария түрде шақыру, осы әрекеттерге адамдарды азғыру немесе мәжбүрлеу және діни алауыздық тудыру баптары бойынша жазаға тартылып, жазамды өтеудемін. Жазамды өтеу бойынша айып 2011жылы тағылды. Кейін 2018 жылы жазамды өтеп жүрген кезінде жоғарыда атап кеткен баптардың бірі бойынша айып тағылып жаза мерзімім 4,5 жылға ұзарды. Жаза мерзімінің аяқталу уақытын 2027 жылы болып сот шешіп шығарды.
- Отбасыңыз туралы айсаңыз....
- Үйленбедім, яғни бала-шағам, әйелім жоқ. Менің денсеулығыма байланысты ІІ-топтағы мүгедектігім бар. Осы түзету мекемесінде мүгедектерге арналған жасақта жазамды өтеудемін.
- Сіздің ислам дінін қабылдап, намаз оқуыңыз қай уақытта басталды?
- 2012 жылы түзету мекемесінде жазамды өтеп жүрген кезінде христиан дінінен бөлек ислам дініне деген қызығушылығым оянып, намаз оқи бастадым. Бастапқыда теріс ағымның идеологиясымен жүргенімді өзім де білмедім, бәрін кейін түсіндім. Ал қазір өзімді радикалды ұстанымда емеспін деп айта аламын. Түзету мекемесіндегі діни әдебиеттер бөліміндегі орыс тілді кітаптардың барлығын бірнеше рет оқып шықтым. Соның да әсері діни түсінігімнің өзгеруіне септігін тигізген болар деп ойлаймын.
- Ислам дінін қабылдағаннан кейін есіміңізді өзгеткен боларсыз?
- Иә, ислам дініне келгеннен кейін есімімді Хаттаб деп өзгерттім. Исламға келген кезде бәрін жаңадан бастап, басқа адам болғың келеді ғой және исламды үйренткен бауырларым да атымды өзгертуге болатынын айтты.
- Теріс ағымдар, радикалды топтар туралы ойыңызды айта кетсеңіз?
- Теріс ағымдар мен радикалды топтардың іс-әрекетін қолдамаймын. Жамағатқа бөлінуге, сондай-ақ, діни тұрғыда адамдарды айыптау істерімен араласқым келмейді. Бастапқыда мен де намаз оқымаса айыптап, оларды іштей жек көретінмін.
-Айтар ұсынысыңыз бен өзіңіздің ойыңызды айтсаңыз..
- Алдағы уақытта кітапхана қорына орыс тілді кітаптармен толықтырса деп ұсыныс тастағым келеді. Қазіргі негізгі мазалап жүрген ойым - бостандыққа шыққаннан кейін үйленіп, анама қызмет ету. Ойыма келсек, діни ақпараттарды, діни білімді танымайтын, білмейтін, бұрын соңды естіп көрмеген адамдардан алуға болмайтынына көзім жетті. Діни сұрақтар мазаласа, мешітке бар, имамнан сұра, базардағы саудагерден не болмаса такси жүргізушісінен емес.
- Сұхбет бергеніңізге рахмет! Сау болыңыз!