Парақшасында экстремистік діни материал жариялаған павлодарлыққа айыппұл салынды
Павлодар қаласының полицейлері интернет ресурстарға мониторинг жүргізу кезінде павлодарлықтың "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында ҚР аумағында пайдалануға тыйым салынған діни мазмұндағы аудиоматериалдарды сақтау және орналастыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция мәліметінше, бұл материалдар экстремистік деп танылды және біздің еліміздің аумағында таратуға және насихаттауға тыйым салынған.
"Осы фактіге сәйкес, ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы бойынша әкімшілік материал толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Сот бұзушыға бұқаралық ақпарат құралдарының өнімі тәркіленіп, 14 АЕК мөлшерінде (48 300 теңге) әкімшілік айыппұл салды", – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.
Айта кетсек, жыл басынан бері Павлодар полицейлері Діни қызмет туралы заңнаманы бұзудың 27 фактісін, оның ішінде белгіленбеген жерлерде діни әдебиеттерді сатудың 5 дерегінің және діни әдебиеттер мен діни мазмұндағы өзге де материалдарды заңсыз сақтағаны және таратқаны үшін 22 фактінің жолын кесті.