Кісі өлтірген Ақтау тұрғыны теракт жасамақ болды
2024 жылғы 1 сәуірде Ақтау қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризм актісіне дайындалу күдігі бойынша жергілікті тұрғынды ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында зақымдайтын элементтері бар жарылғыш құрылғы дайындауға арналған компоненттер және өзге де заттай дәлелдемелер алынды.
Ол бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған, радикалды діни идеологияны ұстанушы екені белгілі болды.
Аталған адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 255-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.