«Алланы мазақ етті»: Үйлену тойында «Жар-жар» әні емес, сүре қосылды
Әлеуметтік желіде тарап жатқан видеода халал тойда жас жұбайлардың ортаға жар-жар әнінің орнына оқылған Құранның сүресімен шыққаны көрсетілген. Желі қолданушыларының айтуынша, той Жаңаөзенде өткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тіпті той кезінде қонақтар әйелдер мен ер адамдар болып екіге бөліп, жамағатпен ақшам намазын оқыған.
Осы оқиғаға байланысты желі қолданушылары той иелерін «адасқан діншілдер» деп атап, оларға намазды мешітте оқуға кеңес берген.
«Беті аулақ, не істерлерін білмей жатыр», «Болашағымыз қандай болады, қорқынышты», «Алланы әбден мазақ етті», «Құран бұларға мазақ болды ғой, Құдай төбелерінен қос қолдап ұрса екен», «Мешітте жасамай ма тойды, ресторан таза жер емес қой», «Намазды үйде немесе мешітте оқу керек», — деп жаза жөнелді желі қолданушылары.