Ибн Таймияның шариғатқа қарама-қайшы келген мәселелері

Ибн Таймияның хижра жыл санауы бойынша жетінші ғасырда өмір сүрген. Ислам тарихында аты шулы ақидаға (сенім) жаналық еңгізуші. 1306-1312 жылдары Мысырда өмір сүріп, мұсылман ғалымдарымен пікір таластарға жиі түсіп, антропоморфизмге (Алланы денеге теңеу) айыпталған және сол үшін абықтыға жабылған.

Әйгілі араб саяхатшысы Ибн Баттута, өзінің «Әс-Саяха» кітабында былай деп жазды: «...Дамаскіде ақыл есі бұзылған Тақиад-дин Ибн Таймия болған. Билеуші Ан-Насыр оны түрмеге қамауды бұйырды, онда ол бірнеше жыл қамауда болды.  Содан кейін Ибн Таймияның анасы патша ан-Насырдан баласының босатуын өтінгені үшін Ибн Таймияны бостандыққа жіберуді шешкен болатын. Ол кезде мен Дамаскіде болатынмын, бірде мен жұма намазына мешітке барғанымда онда Ибн Таймия  мешітінің минбарында отырып  жиналған қауымға уағыз жүргізу үстінде болатын. Сонымен қатар, ол: «Аллаһ жердегі [төменгі] аспанға менің түсуім сияқты түседі», - деді және ол баяу қадамдармен мінберден түсе бастады. Осы кезде жұмаға  қатысқан факих ғалымы Ибн Аз-Захра Ибн Таймияның айтқанына келіспейтінін айтып, оған қарсылық білдірді...».

Ибн Таймия ислам шариғатындағы үкімдерінің алпыстан астам мәселені теріске шығарып, сенімге қатысты мәселелерді іздену арқылы емес өз ойы арқылы болжам жасаған. Бұл туралы әл-Хафиз Әбу Зура Әл-Димашқи өз еңбегінде мәлімдеген. 1313 жылы Ибн Таймия Дамаскіге оралып медреседе сабақ жүргізуін жалғастырды. Түрмеден шыққанымен, ол өзінің көзқарасын өзгертпегені үшін патша оны қайта түрмеге қамаған.

Ибн Таймияның ақидаға байланысты сөзінде «менен бұрын ханбали мазхабындағылардың барлығы адасуда болған» деген ойын шариғаттан жоғары қойғанын байқауға болады.

Ол халыққа «Аллаһ әр кеш сайын бірінші аспанға түсіп, құлдарын бақылап отырады және әл-Арштан (тақтан) кетпейді» деп ислам дінінде жоқ бидғатты әкелген. Түрмеден босатылғаннан кейін Ибн Таймия шариғат рұқсат еткен амалдарға қарсы шығуын тоқтатпағаны үшін қайтадан іс қозғалып сотталады.

Төрт мазһабтың (Шариғат заң мектептерінің) жоғарғы соты Ибн Таймияның зиянды қызметіне бір ауыздан баға беріп, патша Мұхаммед Ибн Қаллауи  бұл жалған көзқарастын қате екені  туралы ескерту жарлық шығарған болатын. Сондай-ақ, патшалық жарлық Египет және Шам елдерінде (қазіргі Сирия, Ливан, Палестина, Йордания) тарату туралы бұйрық береді. Осылайша мұсылмандардың сеніміне өз үкімімен нұқсан келтірген Ибн Таймияның ақида «сенімге» қатысты еңбектеріне толығымен тыйым салынды.

Ибн Таймияның қателескен мәселелері:

  1. Ибн Таймия кейбір жаратылыстар басталмай-ақ мәңгілікке тән деп мәлімдеген;
  2. Аллаға өзгерістер тән деп түсінген және сол түсінігін шәкірттеріне таратқын;
  3. Аллаға мекен берген, Алла биіктіктің ең жоғарғы шегінде деп мәлімдеген;
  4. Алланың сөзі (Құран) әріптер мен дыбыстардан тұратының айтқан;
  5. Алланың бір орыннан екінші орынға ауысатынын, қозғалатынын және түсетінін айтқан;
  6. Алланың шекаралары бар деп айтқан;
  7. Алла белгілі бір бағытта және орын алады деп мәлімдеген;
  8. Тозақ жоғалады (шектеуі бар) деп түсінген;

9.Сахабалар мен Табиғиндер  Құран аяттарын түсіндіріп, бізге жеткізбеді деп айтқан;

10.Пайғамбарлар мен әулиелер арқылы Аллаға жүгінуге (тауассул жасау), сондай-ақ, олардың қабірлеріне бата, дұға жасау үшін жолға шығу дұрыс емес деп есептейді;

  1. Ибн Таймия Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) қабіріне баруға тыйым салынған және бұл күнә деп айтқан;
  2. Ибн Таймия ижмаға (көпшілік ғалымдардың келіскен мәселесіне) қайшы келді..

 «Кашф аз-зунун» (пікірлерді ашу) кітабында автор Әбу Хайян Әл - Андалусий Ибн Таймия «Китаб әл-Арш» деп атаған кітапта Аллаһ Тағала тағында отырғанын, ол аз орын босатқанын және Мұхаммед пайғамбар оның жанында орналасқанын айтқан. Ислам дінін таратушы соңғы пайғамбар Мұхаммад (с.ғ.с.) тарапынан келген (иләхият) Алланы тану жөніндегі хабарларда болмауына байланысты «бидғат» дінге жаңалық еңгізу деп түсінеміз.

Ибн Таймия  Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с) қабіріне зират ету үшін жолға шығуды «бидғат» дінге жаңалық енгізу деп айтқаны туралы мәліметтер бар.

Осылайша 1328 жылы Дамасіде көпшіліктін алдында  Ибн Таймияны өлтіру жөңінде үкім шығарылды. Оның идеологиясын 18 ғасырдың жартысында Мұхаммад ибн Абдул Уаххаб (Вахабизм ағымын құрушы) қайта таратуды бастаған. Кейіннен дәстүрлі ислам үкімдеріне қарсы әрекеттерімен танылған болатын.

Қазіргі таңда Қазақстан мұсылмандары арасында жоғарыда келтірілген мәселе төңірегінде діни сұрақтар қозғалып жатқаның байқауға болады. Қоғам арасында қойылып жүрген сұрақтарға Ислам ғалымдары шариғат негізінде бір ауыздан келіскен үкімдері баршылық.

Ислам дінінде болмаған сенімге қатысты түсіндірмелер мен фанатизмге апаратын идеологияларды қоғам арасында жайылуына жол бермеуіміз керек. Әсіресе жастарымыздың діни сауаттылығын көтеру, діни көзқарастарын қалыптастыру басты мақсат болып табылады.

Дініміздің құндылығын сақтай отырып келешек ұрпаққа жеткізу біздің қызметтік, әрі адами борышымыз. Қазақи болмысымызды сақтап, дінді дұрыс түсіндіре білетін мамандарды даярлау заман талабы.

Мұсылман үшін тура жолды бағдарлайтын Құран мен Сүннет екені сөзсіз. Алайда Құранда «Білетіндер мен білмейтіндер тең бе? Шын мәнінде ақыл иелері ғана ғибрат ала алады!» (Зумар 9-аят). «Алла Тағала сендерден иман келтіргендер мен ғылым берілгендердің дәрежесін жоғарылатады. Алла сендердің істегендеріңнен хабардар», (Мужәдәлә 11-аят), тағы бір аятта «Білмесендер білім иелерінен сұраңдар!» (Нәхл 43-аят) –деп білімді болуға шақыра отырып, білмеген мәселені тек мойындалған білікті маманынан сұрап білуді меңзейді.

Дінмұхаммәд Әбубәкірұлы

Нұр-Сұлтан қаласы

«Діндерді зерттеу орталығының»

теологы, магистр.