Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту
2026 жылғы 14 наурызда Астана қаласында «Наурызнама-2026» онкүндігі аясында, «Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ-нің қолдауымен «QAMQOR-ASTANA» қоғамдық қоры «Көрісу күні – ұлттық дәстүр мен рухани келісімнің жалғасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін дәріптеу, конфессияаралық диалогты нығайту, жастар арасында өзара құрмет пен қоғамдық келісім мәдениетін қалыптастыру. Дөңгелек үстел барысында Көрісу күнінің рухани-адамгершілік маңызы, оның қоғам бірлігін нығайтудағы рөлі, сондай-ақ дәстүрлі құндылықтарды жастар ортасында сақтау және ілгерілетудің заманауи тәсілдері талқыланды.
Дөңгелек үстел жұмысына діни бірлестіктердің жастар қанаты, ғылыми қауымдастық өкілдері және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Аталған іс-шараны өткізу қоғамдық келісімді нығайтуға, ортақ құндылықтар кеңістігін қалыптастыруға және мемлекет пен діни институттар арасындағы сындарлы ынтымақтастықты дамытуға бағытталды.
Дөңгелек үстелге Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Ережеббаев Ерасыл Мақанұлы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Тарих ғылымдарының кандидаты Батталов Қайрат Қанатұлы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің басқарма басшысы Келесов Меирман Мұратұлы, сондай-ақ діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Іс-шара аясында қатысушыларға Наурызнама және Амал күні мерекелерінің тарихы мен рухани-мәдени маңызына арналған мазмұнды баяндама ұсынылады. Сонымен қатар тарихи-мәдени мұраны дәріптеуге бағытталған тақырыптық викторина өткізіліп, жеңмпаздарға сыйлықтар таратылды.
Кездесу соңында «Үздік ұлттық киім» және «Үздік ұлттық әшекей» номинациялары бойынша қатысушыларды марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Бұл бастама дәстүрлі қолданбалы өнерге деген қызығушылықты арттыруға және ұлттық мәдени құндылықтарды қолдауға бағытталған.