Хиджаб киген секс-коуч: не үйретеді, қандай кеңес береді?

Instagram-да Алмуша деген есіммен танымал Алмагүл Сақмантаева шоқтығы өзгеше коуч. Сондықтан жеке өмірді жақсарту, өзгерту туралы кеңестерді шариғат талаптарымен сәйкестендіре отырып жеткізетін әйелмен сұхбаттасу мүмкіндігін жібергіміз келмеді.

Фото: Бауыржан Сабитов

ислам и секс

Дін мен сексті біріктіру идеясы қайдан келді?

— Мен психология саласымен дінге келмей тұрып әуестендім. Бірде маған ой келді, осы Қазақстан жастарының арасында неге ажырасулар тым көп? Менің ойымша оның басты себебі — екі адамның қарым-қатынасқа қанағаттанбауы, көзге шөп салу да содан басталады. Және көптеген әйелдер күйеуінің опасыздығынан зардап шегіп жүрсе де, некеде өмір сүре береді. Етек-жеңді жинап, хиджаб киген соң араласатын орта кеңейе түсті, жаңа құрбылар, достар пайда болды…Бірақ, олардың барлығының айтатыны бір нәрсе, бір мәселе. Қай дінді алып қарасаң да құдай қосқан жарыңның көзіне шөп салу — күнә. Бірақ, көптеген ер азаматтар шаңырағына тоқал әкелуден кет әрі емес. Себебі кезінде үлкен махаббатпен үйленген жан жарына деген құштарлық отының қызуы қайтқан. Дегенмен, исламда төрт әйелге дейін алуға рұқсат етілген. Бірақ, ислам дінінде төрт әйел алудың үкімі — парыз немесе уәжіп дәрежедегі міндетті іс емес. Бәлки, әркімнің өз еркіне қалдырылған ерікті іс. «Ата-бабамыз үш-төрт әйелден алған» дегенді алға тартатындар көп.

Мен үшін бұл ашыналарымен қарым-қатынасты заңдастырумен бірдей. Сондықтан мен өз дінімдегі қыз-келіншектерге көмектескім келді. Әрине, өздерін секс-коучпін деп атайтын өзге де мамандар қатары көп, бірақ олардың атқарып жүрген істері мүлдем басқа.

ислам и секс

Сонда бұл саладағы біліміңізді кәсіби түрде қалай жетілдірдіңіз?

— Мен алып-сату саласында көп жұмыс істедім. Ал психология менің хоббиім болатын. Күнделікті жұмысым өзіме қатты ұнайтын, бірақ ішкі түйсігім тағы бір нәрсені қалайтын. Оның үстіне отбасын құрған соң жұбайым екеуіміздің ара-қатынасымызда да түсініспеушіліктер орын алып, әсіресе төсек қатынасы мәселесінде қиыншылықтар болды. Сол кезде ең алдымен мен өз басымда туындаған түйткілдерді шешкім келді, түрлі курстарға барып, оның түйінін шешу жолдарын іздей бастадым. Содан кейін барып, нәтижесін көрдім: біздің отбасылық өміріміз мен армандағаннан да өзгеше болып өзгеріп сала берді. Нью-Йорктегі арнайы академияны тәмәмдап, екі жыл бұрын мен лайф-коуч атандым. Бір күні құрбым екеуіміз «18+» тақырыптарын талқылап отырғанбыз. Ол бұл саладағы менің ой-пікірімді естіп, біліміңмен бөлісу қажет дегенді айтты.

Өзіңіздің басты миссияңыз қандай деп ойлайсыз?

— Бүгінгі заманауи талаптарға сәйкес, біліміңді әр жерден жетілдіріп, біліктілікті үнемі арттырып отыру қажет. Бірақ көптеген мамандар беретін кеңестердің кей тұстары ислам қағидаттарына мүлдем сай келмейді. Мысалы, мастурбация дінге қайшы нәрсе. Ал көптеген секс-коучтар адам өз тәнін терең тануы керек деген желеумен, оны жасауға кеңес беріп жатады. Ал мұсылман ұл-қыздарға ол туралы ата-анасы, әпке-ағасы да айтпайды ғой. Сол сияқты өсіп келе жатқан жастар көптеген ләззәттардан мүлдем бас тартады.

ислам и секс

Сізге көбіне қандай сұрақтармен келеді?

— Кей кездері ер адам әйелін тек балаларының анасы ретінде қабылдап, оны «қор» қылғысы келмейді. Күйеулерін кеудесінен өздері итеріп, жолатпайтын да әйелдер болады. Көбіне «Мен жеңілтек әйел емеспін» дегенді алға тартады. Мұндай мысалдар өте көп. Кей жағдайларда әйел адам өзінің не айтып, не дегенін, ерсі қылықтарын түсінбейді. Мұндай жағдайда күйеуінің көңілі түсіп, санасы бірден: толыққанды қатынас қажет болса, екінші әйел табу керек деген тұжырымға келеді. Күйеулері екінші әйел алған келіншектердің секс-коучтарға келетіні — олар мәселенің төсек қатынасында екенін түйсігімен сезінетін болар. Оған қоса біздің қыздарымыздың көбі ұялшақ: өз сезімдерін нақты айта алмайды, төсек қатынасында ашылып, ойын жеткізе алмайды. Бұның барлығы еркекпен жақындасуда шынайы ләззәт алуға мүмкіндік бермейді.

Алдыңызға келген қыз-келіншектермен әңгімелесу қалай өтеді?

— Мен сіздің құрбыңыз емеспін, маған сұрағыңызды нақтылап, ашық түрде, қымсынбай айтыңыз деймін. Көп әйелдер жай ғана өкпесін айтып, жылап алғысы келеді. Бұл ретте мен біршама қаталдаумын, бар шындықты бетіне айтамын. Сыни пікірді қабылдамай, реніш білдіріп жатамыз, көп жерде негізі өзіміз кінәліміз. Кей қыздар жылап қалады. Басқаша болуы мүмкін емес! Адам өзін өзгерткісі келсе, қоршаған ортасын өзгерткісі келсе, тәуекелге баруы керек. Бала күнінде зорланған әйелдер де келеді… Ондай жағдайда оларға: сізге психотерапевтке бару керек деймін.

ислам и секс

Кеңес беру сеансы қалай өтеді?

— Видеобайланыс арқылы кеңес беремін. Кей қыздар келбетін көрсетуге ұялады, ондай кездері аудиобайланыспен әңгімелесеміз. Менің бір талабым ғана бар: бір түйткілді бір сеанста талқылау. Шын мәнісінде оны екі сеанста шешу мүмкін болып жатады, кей кездері он сеанста жеткізіліксіз. Жалпы жұмысыңның нәтижелі болуы адамның өзіне байланысты.

Жұмысыңыз барысында кездесетін қиындықтар туралы айтып беріңізші?

— Эмоционалды түрде сарқылу деп айтсам болады. Қаражаты жоқ қыз-келіншектерге тегін көмек беруге тырысамын. Бұл мені үшін нәпақа табу ғана емес, өз ісіңді бар ниетіңмен атқарып, ізіңді қалдыруға деген ұмтылыс, дінім алдындағы парызым деуіме болады. Адамдарға көмектесу қажет. Осы уақыт аралығында 15-тен астам шаңырақтың діңгегін сақтап қалдым, бұл мені үшін үлкен жетістік! Әрине адамдар әр түрлі болады. Кейбірі барлық күш-қуатыңды сарқып, әлсіздендіріп тастайды. Ондай сәттерде біршама уақыт телефонды жауып қойып, жарыммен бірге уақыт өткізуге тырысамын.

Әлеуметтік желілерде жазатын түрлі теріс пікірлерге не дейсіз?

— Ол үшін қатты уайымға салынбаймын. Менімен келіспейтін адамдар болса, демек бұл олардың жеке пікірі. Мұсылман бола тұра, мұндай тақырыптарды қалай көтеріп жүрсің дегендер де бар. Олармен дауласқым келмейді, керісінше жан-дүниелеріне үңіліп, түсінгім келді. Көп жағдайда бұл сол адамның жан айқайы болып шығады. Сондай бір қызға көмегім тиіп, қазір біз құрбылардай араласамыз. Жазылған пікірлердің 10%-ы теріс көзқараста, олардың тең жартысы — ер азаматтар. Айтпақшы, Өзбекстанға таргетинг жарнамасын бергім келгенде осындай мәселелер туындады. Бір мысал, Instagram-дағы парақшасына қарағанда 40 жастағы ер адамның үш баласы бар, білімі орташа, өміріне аса қанағаттанбайтын сияқты. Сондықтан болар менің жарнамам оның ашу-ызасын келтірген. Ондай адамдар сілтемені басып, менің аккаунтымды қарап шығып, барлығын оқып, сосын барып түрлі жағымсыз пікірлер жазуға ерінбейді.

Алғашқы жазбаңызды жариялағанда не туралы ойладыңыз?

— Түрлі хейттерге қалай жауап берсем болады деп ойладым. Сосын оған жүйкемді жұқартпаймын дедім, ең белсенді, уытты пікір қалдырғандарды бұғаттап тастаймын. Ең бастысы адамдарға дұрыс кеңестер беру, адастырмауды ұғыну болды. Бұл үлкен жауапкершілік! Себебі әр сөзіме Жаратқанның алдында жауап беремін.

ислам и секс

Сіздің бұл жұмысыңызға отбасыңыз қалай қарайды?

— Күйеуім ойымның, пиғылымның дұрыс екенін түсінеді: «Мұсылман қауымы арасында мен ғана бақытты болуым керек пе?» дейді. Анам әрдайым мен жағында. Енеммен бұл жайында сөйлескен емеспіз. Өзге туыстарым… Біреулері қолдайды, екіншілері кінәраттайды. Қаншалықты дөрекілеу болса да айтайын, маған бәрібір. Өзімнің ұстанымымды ешкімге таңбаймын, жеке өміріме қол сұғуға жол бермеймін.

 Болашаққа жоспарыңыз қандай?

— Қазір мен мануалды және ләззәт алудың бір түрі туралы курс дайындап жатырмын. Енді оны көрсететін модель іздестірудемін. Оған қоса кітап жазып жатырмын. Оны келесі жылы шығарамын деп жоспарлап отырмын: онда менің өмірім, қызметім, өз өмір-баянымен бөліскісі келген қыз-келіншектердің оқиғалары жазылады. Және The New York sexology center-де оқимын. Қазан айында сертификат иегері атанамын, сосын лицензия алып жеке кеңсе ашамын.

voxpopuli.kz сайтынан