Шымкентте ауызашар беріп, үгіт жүргізген экстремистік топ мүшелері ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен экстремистік топты анықтады, деп хабарлайды бас прокуратура.
Олар осылайша өз жақтастарын көбейтуді көздеген. Құзырлы орган тінту барысында олардан тыйым салынған діни кітаптар, қолжазба, 6 ұялы телефон мен 4 ноутбукты тәркіледі. Қазір күдіктілердің үстінен ҚР ҚК-нің 256-бабы1-бөлігімен және 259-бабы 1-бөлігімен тергеп-тексеру амалдарын бастаған.
«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында құрамында 22 тұлғадан тұратын «Хизб-ут-Тахрир» радикал-экстремистік ұйымын анықтады», — дейді Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма аға прокуроры Жанерке Атықаева.