Жат діндегі «жамағат»: Теріс ақпарат таратқандарға айыппұл салынды
Атырау облысында жат ағымдағы 37 адамға теріс діни ақпаратты таратқаны үшін айыппұл салынды.
тырау облыстық дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Мұсаевтың мәліметіне сүйенсек, 2 мыңнан астам адамды діни теріс ағымның жетегінен шығару үшін тиісті жұмыс жүргізілген. «Кез келген адамның көзқарасын, ұстанымын өзгертуге ықпал ету оңай емес. Әсіресе, теріс діни ағымның жетегіндегі адамдарды райынан қайтару үшін 1 жылдай мерзім қажет. Осы орайда дін саласының мамандары түсіндіру және оңалту жұмыстарына басымдық беріп отыр. Соның нәтижесінде 88 адам теріс діни ағымның шырмауынан шығып, көзқарасын өзгертті», - деді Қаһарман Мұсаев. Белгілі болғандай, 37 адамға 50 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынған. Өйткені, олар ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңның талабын бұзған.