Жанар Айжанова: Арабтарды таң қалдырдым

Жанар Айжанова қажылыққа барып арабтарды таң қалдырғанын айтты. Әлеуметтік желіде суреттерін жариялады.  

“Осы қазақтың жадағай шапаны мен кимешегін киіп алып, арабтарды таңғалдырдым” десем сенесіздер ме? Таңғалғаны былай тұрсын, “Сізбен суретке түсейік деп едік”, “Не деген әдемі киім” деп сол жақта хит болдым. Мойнын бұрып қарамаған адам қалмаған шығар. Айтайын дегенім, қазақ қашанда киімді талғаммен, Исламға да қайшы келмейтіндей қылып киген. Өзіміз қой қадірін кетіріп жүрген. Қолымдағы күміс білезік, сақиналар да назардан тыс қалмады. Бабаларымыз қандай дана болған десейші. Бұл былтырғы суреттер, қазір үйдемін. Қарап отырғанша деп”, – жазды ол.  

 
https://www.instagram.com/p/CnxB9t4to54/?utm_source=ig_embed&ig_rid=3a415119-5a18-48d6-91ed-16bf85aeeb53