Швецияда құранды өртеген оқиғаға қатысты бас мүфти пікір білдірді

Швецияда қасиетті кітабымыз Құран Кәрімді өртеу оқиғасына қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұстанымын мәлімдеді. Бұл туралы Бас мүфти 100-ден астам мұсылман елдерінің мүфтилері мен ғалымдары бас қосқан халықаралық онлайн конференцияда айтты,- деп хабарлайды Adaspa порталы. 

Бас мүфти:«Расында, кім Құранды құрметтесе Аллаға құрмет көрсеткен болып саналады. Ал Құранды кемсіткен адамның әрекеті Алланы кемсіткенмен тең. Демек, Құранды қорлаған адамды Құдайдың өзі қорлайды. Құранды өртеу – шектен шығудың ең үлкені. Ол өзінің сорақы әрекетімен бүкіл әлемге бүлік салып отыр. Құранды қорлаған, оны өртеген адамды Алланың әділ үкіміне тапсырамыз. Менің ойымша, ол осы өрескел әрекетімен өзінің адамға тән болмысын қорлады. Масқара ісімен өзі масқара болды!» — деді.

Халықаралық онлайн конференцияда сөз алған Түркия, Пәкістан, Судан, Малайзия, Палестина елдерінің дін ғұламалары және халықаралық ұйымдардың басшылары қасиетті Құранды өртеу ісін қатаң айыптады.

ҚМДБ басшысының айтуынша, Құранды өртеу шектен шығудың ең үлкені және бұл әрекет бүкіл әлемге бүлік салып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар Халықаралық онлайн конференцияға қатысып отырған Түркия, Пәкістан, Малайзия, Палестина елдерінің дін ғұламалары мен бірқатар ұйымның басшылары қасиетті Құранды өртеу ісін қатаң айыптап, сынға алды. Швецияның астанасы Стокгольмде Түркия елшілігінің алдында «Қатаң бағыт» партиясының жетекшісі, саясаткер Расмус Полудан акция өткізіп, Құранның көшірмесін өртеп жіберген еді.