Енді Ауғанстанда әйелдердің бір-бірімен сөйлесуіне тыйым салынды
Талибан билігі әйелдерге тек ер адамдармен ғана емес, басқа әйелдермен де ашық сөйлесуге тыйым салды деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мәлімет бойынша, әйелдер өз дауыстарын басқа ересек әйелдерге естіртпеуі керек. Осыған сәйкес, тәліптер тіпті Құранды басқа әйелдердің қатысуымен дауыстап оқуға тыйым салды.
Ауғанстанда әйелдер спортпен айналысуға, ер адамның ертіп жүруінсіз саяхаттауға, сұлулық салондарына немесе әйелдерге арналған баспаналарға баруға тыйым салынған.