Мешіттегі имамға джип мінгізсем, Жәннатқа барамын

Белгілі дінтанушы Кеңшілік Тышқанұлы сұхбат барысында елдегі діни радикализм мен дәстүрлі емес діни ағымдар өкілдерінің қоғамдағы жай-күйі, қаупі және олармен күрестегі қиындықтар мен кедергілерге, мемлекеттің бүгінгі дінге қатысты ұстанып отырған саясатына, атеистер мен «арабқұлдардың» текетіресіне, ақша табудың жолына айналып кеткен «Ислам психологиясына», қажылық мәселесіндегі кейбір түйткілдерге және елдегі жеті мыңға жуық дін қызметкерлерінің сапасына қатысты ашық ой-пікірлерімен бөлісті.