Шетел көріп қайтамын деген ой төбемді көкке жеткізді
2000 жылдардан бері дүние жүзінде 72 мыңнан аса теракт орын алып, салдарынан 170 мыңдай адам қаза тапқан. ҰҚК терроризмге қарсы орталық басқармасының ресми дерегіне сүйенсек, елімізде 20 мыңнан астам қазақстандық деструктивті ағымдарды ұстанады деп мәлімдеді. Бұл көрсеткіштің басым көпшілігі жастар екенін көрсетеді. Ал жат ағымға ерушілердің 800-ге жуығы елден қашып, ажал құшқан екен. Дәл осылай жат ағымның жетегінде кеткен Оңтүстік Қазақстан тұрғыны Жанібек бар жағдайыңды жасаймыз, ақшалай көмек көрсетіп, шетелге грантпен оқуға түсуге көмектесеміз дегенге сеніп қалдым, - дейді. Нақты ақпаратты Жанібектің өзінен естіп білгенді жөн көрдік.
-Дінге қалай келдіңіз?
-Мен дінге университет бітіретін кезімде дінге бет бұрып, қызығушылық таныта бастадым. Мешітке жиі баратынмын Бір күні кездейсөқ бір жас жігітпен таныстым. Есімі Айбат. Ол дін туралы ақпарат көп білетін. Екеуіміз жиі кездесіп, телефон арқылы да күнде сөйлесетінбіз. Түрлі діни кітаптар алып оқып, арамыздан кім бірінші жаттайды сол адамға сыйлық алып беретін болып келістік. Әлеуметтік желіден көптеген діни уағыздар тыңдай бастадым. Осылай екеуіміз жақын аралысып кеттік.
-Жаңа танысқан адаммен телефон арқылы хат алмасып, діни мәліметтер тыңдағанда қандай да бір күдік туындамады ма?
-Расы керек басында күдік болды. Кейін менің басымда қандайда бір қиындық туындай қалса бірінші жанымнан тек сол адам ғана табылатын. Ақша жағынан қысылған сәттерімде де үнемі қол ұшын созатын. Айбат маған шетелге оқуға кетіп, діни білімін жоғарлату мақсатында бір университетке тапсырып жатқанын айтты. Бірге екеуіміз барайық деп ұсыныс тастады. Тіпті ол жақта тегін оқуға болатынын, жатақхана, тамақ барлығы тегін екенін айтты. Мен мұны естігенде қатты қуандым. Отбасыма салмақ салмай, өз бетіммен оқимын, әрі діни сауатымды арттырып, шетелді де көріп қайтамын деген ой төбемді көкке бірақ жеткізді.
-Қазақстандағы оқуыңызды тастап кеттіңіз бе? Отбасыңыз қарсылық танытпады ма?
-Сол жылы университетті бітіріп, магистратуға Айбат пен бірге тапсырамын деп шешім қабылдадым. Басында анам қарсы болды. Бірақ кейін көнді. Осылай Айбат екеуіміз шетелге құжат жинай бастадық. Айбат маған сен маған барлық құжаттарыңды берсең болды, қалғанын мен таныстарым арқылы өзім реттестіремін, уайымдама деп айтты.
-Жат ағымның арбауына қалай түстіңіздер? Айтуыңыз бойынша бәрі жақсы болған сияқты.
-Досым екеуіміз бірге намаз оқып жүрдік. Көптеген сайттардан неше түрлі уағыздар тыңдадық. Ақыреттік дос таптым-ау деп қатты қуанып жүрдім. Бір күні ол маған шетелге жалғыз бармайтынымыз жайлы, мені бір достарымен таныстырғысы келетіні туралы айтты. Достарымен танысып, Түркия арқылы шетелге кетеміз деп шештік. Түркияға барған сәттен досым өзгеріп, ашуланып шыға келді. Басында бәлкім жолдан шаршаған шығар деп ойлап мазаламауға тырыстым. Ол маған неге менің жағдайымды сұрамайсың деп орынсыз ұрыс шығара бастады. Намазды да уақытымен дұрыс оқымайтын болдық. Сақалыңд өсір, мүлде алма бұл парыз деді. Айбат маған шетелге бару үшін қару-жарақ алып алайық деп айтқанда төбемнен суық су құйғандай болды. Ол не үшін қажет деп едім өзіміздің қауіпсіздігіміз үшін қорықпа деп жұбатып қойды. Осы сәтте нешетүрлі күдік ойымды билей бастады. Дәл сол уақыттан бастап, есім барда елімді табайын деп Қазақстанға қашып кеттім.
-Сіз қашып кеткенде досыңыз артыңыздан іздеп, хабарласпады ма?
-Хабарласып, мені қорқыта бастады. Сол кезде дұрыс шешім қабылдағаныма көзім жетті. Дер кезінде ол жерден кеткенім бәлкім менің өмірімді сақтап қалған болар?! Сондықтан, мені оқып отқан әрбір оқырманға жаңа танысқан адамға сеніп, артынан еріп кетпесе екен деймін.