17-18 ғасырлардағы қазақ даласындағы буддизм тарихы

Ойрат десе жоңғар десе тек жау ретінде көру қазақ санасына әбден сіңіп кеткен құбылыс, әсіресе совет заманында жоңғарфобия мен синофобия қатты белең алды.

1370-1605 жылдардағы ойрат империясы далалық тәңір сенімін негіз еткен көшпенділердің соңғы империясы. бұл ойрат деген тек ойрат тайпасының ұрпағы емес қайта үлкен түркі-моңғол халықтарының одағы. Нағыз ойрат 10-15%ғана болған. Ойрат империясының қалыптасуына ислам діні мен тибеттік буддизм күшті әсер етті. 1353-жылы Үгедей, Шағатай ұлыстарының яғни моғолстан ханы Тұғылық темірдің исламға кіруіне байланысты исламға кіруге қарсы көптеген моғолдар ойраттар жағына өтіп қалмақ атанса, 1368-жылы юань құлап Құбылай ұрпақтары Моңғол даласына барып тибеттік буддизмді жалпаластыруына байланысты халық екіге бөлініп тәңірге сенуді қуаттағандар ойраттар жағына шықты. Ұлықбекке бағынышты моғол ханы Мұхаммед моғолдардың сәлде орамағандарының басына шеге қағуға дейін барды, бұлда ойратқа кетушілерді көбейтті. 1395-Жылы алтын орда ханы Тоқтаиыс өлген соң Әмір темірдің қолшоқпары Едіге ордалық көшпенділерді зорлықпен исламға кіргізгенде қарсы шыққанлар қалмақ атанып бөлініп кеттіде оларда ойратқа қосылды, осылайша 1410-жылдары ойраттар Тоғанның тұсында аса қуатты әскери мемлекетке айналды, моғолстанды үртіс жеңіп Жоңғариямен Шығыс қазақстанды тартып алды.Уәйіс хан масқара жеңіліп үш рет қолға түсті, Керейт, дулат, арғануттар ойраттарүа өтті. 1449-жылы Томысктен Жапон теңізіне дейін жаулаған империя болып Пекин қаласы түбінде қытайдың неше жүз мың әскерін жеңіп патшасын тұтқындады. Сығанақта Әбілқайырды жеңіп масқара теңсіз шартқа қол қойдырды. Моғолдардан осы жылдары арлат, чорас тайпаларыда ойрат Амасанжы тайшыға кеткен.
Ойрат одағына тыба, алтай-төлеңгіттер, хакастар, қырғыздар, кіші жүз қазақтарының адай, беріш, черкеш, таз, телеу, керейт, жағалбайлы, кете, сақал(қарасағал), кердері, шекті, шомекей рулары, орта жүздегі керейдің дені(керей шежіресіндегі 7-8 атадан арғы 15-16-атаға дейінгі кісі аттарында исламша кісі аттары кездейпейді) найманның бір тобы, арғынның тобықьы, таз, чор рулары, ұлы жүздегі албан, суан, дулаттың біразы болған көрінеді. 1756да жоңғарда 50 мың керейт, далат болған.(6000 үй керейт, 4000 үй дулат)
1580-Жылдағы жеңілістен кейін осы рулар Сарарқаға кірдіде Тәуекел ханға бағынды, сол себепті Тәуекел «қазақ-қалмақ патшасы» атанды. қосылғандар саны 200 мыңнан кем болмаған, оларды Қашқарлық Ысқақ қожа ишан арқылы он жылда ислам дініне кіргізеді. Осы жауынгер елді қосып алғаннан кейін күшейген Тәуекел Ферғана, Самарханда 100 мың әскермен басып алады. Орта жүздегі әсіресе кіші жүздегі жауынгерлік осының инерециясы болуы мүмкін. Ноғайлы жырларында айтылатын қалмақ жоңғарда тұрғұтта емес сол кезде имламға кірмеген қазақ болуы мүмкін! ойраттарда 1-1.5 миллион көшпенді болған әрине жарымы не одан көбі түркі тілдестер еді. Сондықтан оларды қазақ тарихынан сырт қарауға болмайды.
1605-жылы ойрат мемлекеті тибеттік буддизмді қабылдады, осыдан соң ойрат одағы ыдырады, керейт әулетінен Хор орлыктің бастауында 250 мың тұрғұт Сарарқаға көшті, қазақпен бірігіп ноғайды шапты, Еділге дейін алып Елек өзені қазақпен шегара болды. Солтүстік, Шығыс қазақстан жеріне хошут, дөрбеттер келдіде олар тибеттік буддизмді қабылдады әрі көптеген буддизмдік сипаттағы құрлыстар мен жазбалар қалдырды, соның ішінде хошут Аблай тайшы буддизм будханасын салдырды, ол Абылай кит деп аталды.
1-сурет Аблайкит, Н.Бэллиннің 1750 жылы жарияланған суреті.
Аблайнкит (моңғолша: Ablain khid) ​​— 17 ғасырдағы буддалық кешен. 1654 жылы Тайшы Абылай бастап негізін салған. 1671 жылы аралық күрес кезінде оны Галдан алып, қаңырап бос қалды. Монастырь қирандылары Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының аумағында орналасқан. Кешен тауда орналасқан және жоспары бойынша бесбұрышты пішінде болған. Периметрі биіктігі 2 м-ге дейінгі қабырғамен қоршалған.(Аблайкит — джунгарский монастырь-крепость в Восточном Казахстане Архивная копия от 12 июня 2018 на Wayback Machine)
Қабырғалар 18 ғасырда қолжазбалар, Будда мүсіндері және ореолдары бар бодхисаттвалар мен дхармапалалар бейнелері табылған екі діни ғимаратпен қорғалған.
Осы тұрғұт(тегі түрік, билеушілері керейт хан әулетінен), хошут (күшут найман) тайпалары қазақпен тату болған, Есім хан хошут тайшысы Хұнделеннің қызын алған одан Жәңгір(қалмақша ат) туса, Жәңгірде қалмақ тайшысынан Абайқан атты қыз алып одан Тәуке туған. Тұрғұт, хошут қазақпен одақтасып жоңғарға, ноғайға қарсы соғысты.
1630-жылы буддис жоңғар мемлекеті құрылып Қарахулай батыр қонтайшы Сібір, Саян, Алтай, Енесейге жорық жасап және бір дүркін Енесей қырғыздарымен қоныстас рулар қазаққа қосылды.
1680 де жоңғар жері бүкіл Павлодарға дейін Шуға дейін тірелді, олар басып алған жерлерде буддизм етек алып көптеген құрлыстар қалды. 18-ғасырдың соңына дейін исламға шала сенген қазақ өз даласында бір мешіт салмаса қазақ жерінде жоңғар көптеген будхана салды. Мешіт тек Түркістан маңымен шектелген сарттар мешіті болды. Осы себептіде ойраттар мен шығыс моңғолдар қазақтарға қарағанда анағұрлым жазба мәдениетке бай болды, буддағада қатты кірді, сондықтан Шоқан:«моңғолдарға қарағанда қазақтарда тәңіршіллік элеменіті мол сақталған»-дейді.
2-сурет. таңбалы тастағы буддизм упғызы
3-сурет жоңғардан қалған будхананың орыны.
Қырылкеніт
Зерттеушілердің пікірінше, монастырьдің негізін қалаушылар ойрат конфедерациясының құрамындағы хошут қауымының басшысы Очирту-Цецен хан да, Очирту-Цесен ханның ағасы хошут ақсүйегі (тайши) Кундулен-Убуши де болуы мүмкін[Дворец Кызылкеныш — Қарағанды Мәдениет. Дата обращения: 16 июн Қызылкент 17 ғасырда қазақ даласының орталық, оңтүстік және шығыс бөлігінде хошуттардың үстемдік құрған кезінде салынған. Бұл кезең ойраттар мен моңғолдар арасында тибет буддизмінің таралуы мен орнығуымен де сипатталады. Тибет буддизмі ойраттардың Шығыс моңғолдармен, сондай-ақ Тибетпен байланысын нығайтып қана қоймай, жазба мәдениетімен, тарихнамасымен, өнерімен, медицинасымен, сәулетімен таныстыру арқылы олардың мәдени дамуына үлес қосты[Дворец Кызылкеныш — Қарағанды Мәдениет. Дата обращения: 16 июня 2022].я 2022].
4-сурет.Қарқаралыдағы қызылкент будла монастрының орыны.
Жетісуда да будда монастырлары салынды. Сонымен, 1716-1733 жылдары құрастырылған Жоңғария картасында 58 будда храмы мен монастырь көрсетілген. Бұл картаның негізін 17 ғасырдың аяғы - 18 ғасырдың басында Цин императоры Канси сарайында қызмет ететін иезуиттер жасаған, содан кейін қалмақ тұтқынында болған швед Ренат толықтырды.
Бұған қарағанда Түркістаннан өзге жерде мешіті жоқ қазақ хандығы әлде қайда далалық кейіпте қалып, жоңғарлар аямай буддаласқан, жоңғардың жауынгерлігінде әлсіреткен осы дін факторы екені анық байқалады.
1756да жоңғар геноциді кезінде 100-150 мың халық қазақ болды, талайы тәңірге сенген рулар еді, тағы буддис жоңғарларда қазақ боп мұсылман дініне кірген. 1771-жылғы шаңды жорықтада он мыңдаған тұрғұт қазақ ішінде қалдыда діндерін өзгертті. жалпы 17-18 ғасырда ойрат кейін жоңғарда болып қазақ болғандар саны 300-350мыңнан кем емес, олар жалпы қазақтың 30-40% ын иелейді.
Ерзат КӘРІБАЙ, қытайтанушы