Дінтанушыларға арналған семинар өтті

Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен Діндерді зерттеу орталығы елорда теологтары мен дінтанушыларына арналған семинар ұйымдастырды.

Іс- шара үлкен Чебачье көлінің жағасындағы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркінде Қазақстан Республикасының дін саласындағы 2021-2023 жылдарға арналған мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі кешенді жоспарын орындау шеңберінде ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты - теологтар мен дінтанушылар арасында тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау, бірлескен шешімдер іздеу, жұмыстың тиімділігін арттыру. Мұндай іс-шараларды өткізу діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және оңалту бағытында жұмыс істейтін мамандардың кәсіби өсуіне ықпал етеді.

Семинарға қатысушылар үшін теология, психология, заңнама, шешендік шеберлік және SMM сияқты бес бағыт бойынша жоғары білікті спикерлер дәрістер өткізді.

Ол үшін семинарға шешендік шеберлік бойынша маман Руслан Спиридониди, SMM саласындағы сарапшы Жан Қыпшақбай, белгілі дінтанушы, сарапшы Балғабек Мырзаев және ҚМДБ діни білім беру және кадрларды даярлау бөлімінің меңгерушісі және ғалымдар кеңесінің мүшесі, исламтанушы ғалым Смайыл Сейтбеков, Дін істері басқармасының бас маманы Романова Адия, теолог-исламтанушы, PhD докторы Исатай Бердалиев, сарапшы-дінтанушы Александр Антипин, дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Шыңғыс Қожахметов шақырылды.

Еркін форматта қатысушылар дәрістер бөлімімен қатар команда құрушы ойындарға, эстафеталар мен жарыстарға қатысты.