Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне семинар өткізілді

«Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ және Астана қаласының Діндерді зерттеу орталығы а.ж. 11 сәуірінде елорданың дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне семинар өткізді.

«Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ және Астана қаласының Діндерді зерттеу орталығы а.ж. 11 сәуірінде елорданың дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне семинар өткізді.


«Думан» қонақ үйінде өткізілген семинар елорда тұрғындары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған жұмыстың сапасын, халықтың діни сауаттылығын арттыруға, халқымыздың дәстүрлері мен құндылықтарын насихаттау, радикалды діни ағымдардың қауіптілігі туралы ескерту, экстремистік идеяларға қарсы «иммунитетті» нығайту және Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының талаптарымен танысуға бағытталған қызметті жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.


Іс-шараға Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Қайролла Дүйсешұлы Көшқалиев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері Комитеті басқармасының басшысы Ердәулет Бақытбекұлы Кенжеханов, Діндерді зерттеу орталығының директоры Алмас Әзімханұлы Ерназаров, Шешендік өнер бойынша кәсіби жаттықтырушы Толқын Аманбек, психолог Резеда Сәлімжанқызы Баймұхаметова, Астана қаласы Дін істері басқармасының бас маманы Әсел Пәзілханқызы Даниярова қатысты. Бұл спикерлер ғалымдар, қоғам қайраткерлері, діни бірлестіктер өкілдерінен құралған елорданың АТТ мүшелеріне дәріс оқыды.