Араб империясы немесе исламдану, арабтану процесі

Біздегі имамдардың сауаты төмен қауымға айтатын уағызы 8- ғасырда даламызға Құтейба келгенде біз мұсылман боп кеттік дейді! Ол өте негізсіз ақпарат немесе өтірік, құдайдың хақ дінін өтірік айтып алдау арқылы үгіттеуді құдайда жөн көрмесі анық.

Маңызды мәселе- Құтейба қазақ жеріне келмеген, оның келген жері Өзбекстан жері, онан арабтар бастабында ислам тек арабтардың діні (Еврейлердің яхве тек біздің құдай, өзгелердің өз құдайы бар, сондықтан еврей діні тек біз ғана сенетін дін дегені сияқты) , өзге халықтарға қатысы жоқ деді. Сондықтан басып алған жерлерінде байлық топтау, салық салу, басқарумен шектелді. Халифат билігіне Аббасидтер келген соң барып өзге халықтардың ислам дініне кіруіне рұхсат етілген, бұл 750 жылдан кейін болған іс.
Тағыбір шатасу араб халифаты басқарған не басып алған жердің бәрі мұсылман болды деген түсінік, бұлда қате!
Суретке қараңыз, халифат құрамына Испанияда кірген, толығымен кірген, ал онда олар неге мұсылман емес? Арабтар зорлап исламға кіргізбеді ме ? Әрине жоқ! 7-8-9 ғасырларда тіпті онан кейінде осы халифат яғни осы араб империясында көп дін қатар өмір сүрген! 10 ғасырда Сирияның көбі християн болған, 13 ғасырда Бағдат қаласының тұрғындарыныңда жарымына таяуы християндар мен өзге дін өкілдері болыпты, ал Түркия жері мұсылман болмаған екен.
Ал қазір дені мұсылман болса ол мың жылдан астам исламдасу процесінің нәтижесі, жүз жылдың емес! Сондықтан 8- ғасырда қазақ даласында мұсылмандықтың иісіде болған жоқ, аздаған келіп-кеткен саудагерлер болуы мүмкін. Егер 8- ғасырда мұсылман бола қалса, алдымен Испания болар еді!
Көріп отырсыз, 13- ғасырдың өзінде қазіргі арабтардың үлкен тобының өзі мұсылман болып үлгермеген. Қазірдің өзінде осы араб елдерінде 5-6 пайз християндар өмір сүруде!
Сондықтан сол дәуірде араб халифатынан шыққан ғалым не өзге тұлғалар болса оларда бәрі мұсылман емес әр діннің өкілі болуы мүмкін! Араб мәдениетіде ертеден келе жатқан Палестин, Месопотомия, Египет, Грек, Иран өркениеттерінің қосындысы, бәрін 7- ғасырда шөлден шыққан көшпенді бадауйлер жарата салған жоқ!
Ал 10- ғасырдағы крест жорығында тек християндар кінәлі емес, үйткені халифат өз территориясындағы християндарға исламға өтпесе мұсылмандардан көп салық салған, онан кіші Азия сынды жерлерге соғыс ашқан, көптеген християн діні басым жерлерді жаулап алды, Константинополғада соғыс ашты. Испанияны жаулап алды, сонда араб соғыс ашса , жауласа дұрыс, ал християндар өз діндестерін әсіресе Сирия, Палестинді құтқарса, азат етсе қата болама? Әр кім үшін өзінікі дұрыс, бірақ шапқыншылықты бастаған арабтар екені анық!
Келесі мәселе арабтану. Арабтануда мың жылдан аса уақытқа созылған процес, бір мысал Солтүстік Африка. 1258-1260 жылы моңғол әскері Бағдатты алып халифат жойылған соң, 1260 жылы Бейбарыс бастаған 100000 араб, қыпшақ әскері 10000 моңғол-християн әскерін жеңді, ал Хулагу ұлысының негізгі күші 1301 жылға дейін Кавказ- Мәуераннахрда Шағатай-Жошы әскерімен тіресті. Хулагу християндарды жақтаған соң жерлік християндар оған үн қосып көптеген мұсылман арабтар Мысырға қашты, миллиондаған босқындар Мысырға симай ары кете -кете Солтүстік Африкада басым халыққа айналып кетті!
Ал Исламдануды 15 ғасырдан соң Османлы империясы жалғастырғаны белгілі, сол кезде барып Орта шығыста Ислам бүкілдей басым дінге айналды.
Ал Түркілерде, Орта Азияда қалай болды?
10- ғасырда қараханилар мемлекеті мұсылман дінін мемлекеттік дін етті, ал біздегі көз аясы тар адамдар осыдан соң түркілер мұсылман боп кетті дейді! бұл сауатты, тарихтан хабары бар адамның күлкісін келтіруі мүмкін! Үйткені қараханилар елі сол замандағы он түркі мемлекетінің бірі ғана екенін көп ел білмес! Қараханилар елінің отырықты халқының көбі иран тілді соғды, хорезм, хотандықтар болған. Ал өзге түркі мелекеттерінен Ганжоу ұйғыр елі, Идіқұт ұйғыр мемлекеті будда дінінде, олар үлкен өркениет жаратып тұтас түркі әдебиетіне 50 пайздан жоғары үлес қосты. Енесей қырғыздары, қимақтар, татарлар, қыпшақтар, оғыздар, печенегтер өз алдарына бір-бір мемлекет, олар түгел тәңір сенімін сақтап қалған, керек десең қазақтың дені татар одағы мен қыпшақ одағынан шыққандар. Тағы хазар мемлекетінде иудайзм мемлекеттік дін, кейін куман-қыпшақ қалаларында християн негізгі дін болды, Бұлғарияның батыс мемлекеті християн болса, Еділдегі бұлғарлар исламға кірген.
Ал моңғол жорығынан бұрын керей-наймандар, оңғыттар мен бір бөлім қыпшақтар християн болған. Шыңғыс ханның руластары мен татарлар меркіт, жалайыр, қоңырат, үйсін, дулаттар тәңірге сенген.
Алтын Ордада бастапқы 100 жылға таяу уақытта тәңір сенімі болды, бірақ сан жағынан християндар көп болған, орыстар, қыпшақтар, Кавказдықтар, аландар християн еді. Ал нағыз исламдану Әмір Темір жорығынан кейін жүзеге асты, Шағатай ұлысындада солай болды, Мұхаммед хан исламдастыруды іске асырды, 16 ғасырда Моғолстан хандары Шығыс Шыңжаңдағы буддизмді жойды. 16- ғасырдың соңында Тәуекел хан Ұлытаудан шығысқа, солтүстікке қоныстанған қалмақтарды бағындырып исламға кіргізген соң барып қазақ халқы негізінен мұсылман дінін формалық тұрғыдан қабылдаған. Ал сондада көшпенді жұртта бәрібір шәриғат жүрмей дала заңы мен ексі ғұрыптар басым болған.
Ал 18-ғасырдың ортасына дейін біздің жарым жерімізді телеп қойған жоңғар, қалмақ буддист еді, олардыңда 1/5 қазаққа қосылған, мұсылман болған.
Сондықтан өтірік өрге баспайды, хақ дінді үгіттеуге тарих араластырып, 8-10 ғасырдан бері тек мұсылман дегенді қою керек, бізді қойып арабтардың өзі үйтіп айта алмайды.
Ал құран Алтын ордада түрікшеге аударылды дегенге келсек, құран 8 - ғасырдан бері қай тілге аударылмады? қытайшағада аударылды, тіпті 7- ғасырда Гуанжоу қаласында мешіт салынған, ол қытайлар мұсылман дегенді дәлелдей алама? Немесе ағылшын тіліне не Латыншаға 10 ғасырдан бұрын аударылса ол сол халықтардың әр үйінде бірден құран, бәрі намазхан дегенге дәлел ме? Ол қазірдің өзінде мүмкін емес қой!