ШЕТ ЕЛДІҢ КҮМӘНДІ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ДІНИ БІЛІМ АЛУДЫҢ СОҢЫ НЕГЕ ӘКЕЛУІ МҮМКІН?

Бүгінгі таңда Қазақстанда дін саласындағы ең өзекті мәселенің бірі - халық арасында деструктивті ағымдар мен дін атын жамылған экстремизмнің таралу проблемасы.          «Жалған салафизм» қазақстандық қоғамында ерекше алаңдаушылық тудырады, қоғамның радикалды өкілдері зайырлы мемлекеттің негізін мойындамайды, оны «тағуттар» (пұтқа табынушылар) деп атайды.

         Мақалада жылған салафиттік бағытты ұстаған  Айдос Кенжебаев (аты-жөні өзгертілген) басынан өткен оқиғасымен бөлісті. Египет Араб Республикасының Каир қаласында орналасқан араб тілін оқыту орталығына барып, күмәнді діни мекемеде (марказ) білім алған. Сол алған күмәнді білімінің тиген кесірі мен аталған оқу орындардың қауіптілігі туралы айтып берді.

-Айдос мырза, сұхбат басында өзіңіз жайлы айтып өтсеңіз. Қай жақтың тумасысыз?

-Мен қарапайым қазақ отбасында туып өстім. Арқаның тумасымын. Бала кезімнен белсенді болдым, мектепті жақсы оқыдым, спортқа да қызығатынмын. 6-7 жасымда футбол, волейбол сынды спорт түрлеріне қатты қызықтым, содан кейін еркін күреспен айналысамын деп шештім. 7 сыныптан кейін ата-анам менің қабілетімді байқап, елордадағы спорт мектеп-интернатына ауыстыруға шешім қабылдап, 13 жасымнан ата-анамнан бөлек тұрып бастадым.

- Ал, дін жолына қалай бет бұрдыңыз?

-Мектептегі достарымның көпшілігі намаз оқып, имандылыққа бет бұра бастады. Сол кезде меніңде Исламға деген қығығушылығым артты. Достарымен бірге «жұма» намазына бірге баратынбыз. Мешітте маған Исламның негіздерімен танысуға көмектескен сол мешіт жамағытанан жігіттер болды. Олар маған жамағат арасында  беделді шейхтердің дәрістерін тыңдауға кеңес беретін. Өздерін маған таныстырған кездерінде Исламның дұрыс, әрі дұрыс емес бағыты болатынын, оның дұрыс түсіндірілетін жолын ұстанатындарын айтып, өздерін "Ахл-сунна уал-жамағаттанбыз" деп мақтанышпен, әділ салафтардың ізбасарлары деп түсіндірді. Уақыт өте келе менде  исламды және араб тілін үйренуге деген шынайы қызығушылығымның оянғанын байқадым. Кейінне Ислам туралы тереңірек оқуға мүмкіндік іздеп, шет елге кеттім.

 

-Осы жерде қандай жерде білім алғаныңыз жайлы толығырақ айтып берсеңіз?

 

-Уақыт өте келе Египет Араб Республикасы Каир қаласында орналасқан араб тілін оқыту орталығында(марказ) оқуға мүмкіндік алдым.

Біздің марказда жүргізілген іс-шаралар негізінен ислам мәселелеріне қатысты болды, ақида (діни сенім), фикх(ислам құқығы) туралы үйретті, әсіресе исламның тазалығы мәселелеріне терең үңілетін. Сол кезде менің діни жеткілікті білімім болмағандықтын, үйретілген барлық ақпаратты сіңіре бастадым.

Кейіннен, өзіміз және өзгелер деп бөлінуді бастадым. Ата-анамның көп іс-әрекеттері мен ұстанымдарын теріске шығаратын болдым. Уақыт өте келе ескі таныстарым мен достарым, сыныптастарыммен сөйлесуді үздім. Себебі, олар дінде емес, парыздарды орындамайды, имандары төмен, дін жолында күресу жайлы ойламайды деп бөлетінмін.

 

-Қазақстанға оралғаннан кейін өміріңіз қалай өзгерді? Елдегі діннің жағдайына қатысты қандай ойда болдыңыз? Сіздің бойыңыздағы өзгерістерді отбасыңыз қалай қабылдады?

 

-Елге оралған соң, діни таным-түсінігімнің дұрыстығына сенімді болдым. Исламды қалай ұстану керектігін өзімнің жақындарыма белсенді үйрете бастадым.

Достарымды, туыстарымды, ата-анамды Исламның «хақ» жолында жүрулеріне себепші боламын деген ой мазалайтын. Бар мақсатым, арманым болды деп айтуға болады. Мен үшін ол кезде менің дәлелдерім мен талаптарымнан бас тарту, келіспеушілік түсініксіз болатын. Сонымен қатар, менің туыстарым мені күнделікті өмірге қайта оралуға көндіруге тырысты,мені кейде ең жақын адамдардан да қабылдамады.

Туыстарымның арасындағы түсініспеушіліктен көңілім қалып, мен «көшеде» мені түсінетін адамдарды іздей бастадым, марказда бірге оқыған достарыммен қарым-қатынасты қалпына келтірдім.

Уақыт өте бойымда агрессия байқала бастады, бұған елдегі әділетсіздікке алаңдаушылық пікірлер айтатын иманды «ағалармен» үнемі араласуым себеп болды. Қазір есім алсам, анам мен әкеме сәлем беруді де қойып кеткен болатынмын, сондықтан мен осы адасқан жалған жолдарға түстім.

-Сіз жалған діни ағым арбауынан қалай шыға алдыңыз?

-Қалай айтсам екен… Біраз уақыттан кейін «иманды ағаларым» ауыр қылмыс жасап, сол үшін  айтарлықтай алыс емес болсада, басқа елдерге жөнелтілді. Бұл туралы егжей-тегжейлі айтқым келмейді, бірақ бұл жағдайлар маған қатты әсер етті.

Көңілімде «Мен бірдеңені дұрыс емес істеп жатырмын» деген күдік пайда болды.  Бір күні мен жұма намазда едім, жай ғана имам адамның өмірде жіберген қателері туралы уағыз оқыды. Түсіндіру қиын…

Өзім бірнеше жылдар бойы мүлтіксіз сенген «идеалдарыма» күмән басталды. Кейіннен өзімді ішкі сұрақтарымның жауабын мешіт имамдарынан сұрауға итермеледім.

Осы кезеңде жолым болды десем де болады. Мешіт имамы мені толықтай тыңдап, мойнымдағы ауыр жүкті өзіне қабылдап алғандай болды. Шамамен 5 сағатқа жуық сұхбаттастық, сұхбат барысында оның айтып отырған сөздерінің жаны бар екенін, көп нәрсе мәніне жетпей қабылдағанымды түсініп отырдым. Сол күннен бастап, діни ілім жолында ізденістерімді мешіт имамдарымен жалғастырамын деп шештім.

Бұл өте қарапайым көрінуі мүмкін, бірақ мен қазір түсінгендей, дұрыс жолға енді түскен болатынмын. Осыдан кейін отбасымен және жақындарымен қарым-қатынасты қалпына келтіре бастадым. Ендігі жоспарымда имамдар бір кездері маған көмектескен сияқты, адамдарға көмектесу. Дайындығым арттырып, білімімді дамыту мақсатында еліміздегі «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам университетіне түсуге тырысамын.

 

-Мақаланы оқып, сіздің жолыңызбен және радикалды ағымнан шығуыңыз туралы білген оқырмандарымызға не айтар едіңіз?

-Өкінішке орай, өтіріктің, қулықтың, әділетсіздіктің жолынан өтуіме тура келді, бұған мен ғана кінәлімін. Ата-анамның, туыстарым мен достарымның ешқандай кінәлары болмағанын кеш түсіндім. Кейбір орны толмас қателіктерге бой алдырдым. Бұл өкініштер енді менде мәңгі қалады. Оқырмандарға айтарым менің қателіктерімді қайталамаңыздар. Діни ілімдерге қызығушылыңыз болса, тек мешіт имамдарынан немесе басқа ресми дереккөздерден ақпарат алыңыздар.