Жасанды интеллект Құрандағы кейбір сөздерді бұрмалап жіберуі мүмкін - Татарстан мүфтиі
Татарстан мүфтиі Камил Самигуллин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жасанды интеллектіні дамыту саласындағы этикалық принциптер жөніндегі комиссияны құру туралы бастамасын құптап, оған өз пікірін білдірді. Бұл туралы KAZINFORM агенттігі хабарлайды.
Оның айтуынша, бұл маңызды бастама, өйткені қазіргі уақытта жастар мен қоғамда жасанды интеллектіге қатысты түрлі түсінік қалыптастып жатыр.
— Жалпы, интернет мүмкіндігін кеңінен пайдаланамын, сондай-ақ жасанды интеллектімен де жұмыс істеу әрекеттері болды. Оны қосымша құрал ретінде пайдаланса, пайдалы болуы мүмкін. Бірақ, көбіне аяттарға қатысты сұрау салсақ, бұрмалайтын немесе қосып жіберетін тұстары болады. Құранды жатқа білетін адам ретінде оның кейбір сөздерді алмастырғанын бірден байқайсың және осы жағдай бізді ойландырады, - деді Камиль Самигуллин Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Cъезі кезінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Осы орайда ол діни мәселелер бойынша жасанды интеллектіден қандай да бір жауап алуға ұмтылмау керек екенін айтты. Бұл тұрғыда діни мәселеде жасанды интеллект жұмысын нақты реттеп, регламенттеген жөн.
- Мұсылмандық тұрғысынан моральдық нормалар бұрыннан қалыптасқан, яғни барлығын біріктіретін белгілі ережелер бар, - деді қосты Татарстан мүфтиі.
Айта кетейік, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VIII Съезінің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамыту этикасы жөніндегі дінаралық комиссия құруды ұсынды.
Ол нейрожелілер мен басқа да серпінді технологияларды жауапкершілікпен пайдаланудың әмбебап қағидаттарын әзірлеумен айналысады.
Дерекеөз: kaz.inform.kz