Қазіргі діндарлар "шариғатпен жүрейік" десе, не болмақ?
"Ішсең де, зина жасасаң да, "либой" күнә жасай бер — тек намаз оқы" дейді мына бір имам.
Бүгінде жиі айтылатын осындай уағыздармен имекеңдер сананы басқаруға көшті.Адам қандай өмір сүрсе де, тек намаз арқылы дінмен байланыста болуы керек деген сияқты уағыздар соңғы кезде айтылып жүр.
Ал оның нәтижесінен біздер: парақор намазхан, алқаш намазхан, зинақор да намазхан, жемқор да, ұрлықшы да, общым барлық өтірікші, алаяқ намазхандарды көреміз. Ал бұл — діннің тазалығы ма, әлде дін арқылы адамды рухани басқарудың құралы ма, қалай ойлайсыздар?
Имамдардың майда да жұмсақ тілімен басталған үгіттері ертең: Әйеліңнің үстін толық жап, хиджап немесе никяб кисін.Балаларыңды діни мектепке немесе медреседе оқыт.
Мемлекет тек шариғатпен басқарылуы тиіс- деп талап ете бастаса не істейміз?Бүгін: "ішіп жүріп те намаз оқы" деген "иманчиктер", ертең: "шариғатсыз өмір – харам" деп, артынан ерген мыңдаған әскерімен митингке шығып, елді бүлдірсе қайтпекпіз?
Біз неге діни сенімді жеке адамның ісі деп тастап, қоғамды бір ғана бағытқа итермелеуге жол беріп отырмыз?
Қазақстан — зайырлы мемлекет. Бірақ осыған ұқсас көптеген ислами топтар қоғамды үнсіз шариғаттандырудың жолына мықтап кіріскендей ме?
Бұл жай ғана намаз туралы уағыз емес, бұларды осыған ұқсас уағыздар жетеді.. Біздер болашақта кімнің заңымен өмір сүретініміз жайлы сұрақ менің басты уайымым болды.
Мемлекет бұларға ләм-лим демейді, керісінше қолдау көрсетіп отыр. Ал сіз не ойлайсыз? Бұлар елге қауіпті ме, жоқ осылай күнде өтірік уағыздарымен сананы улап жүре беруі керек пе?
Байкал САИМОВ, қоғам белсендісі.