Адамзатқа қауіп төндіретін екі үлкен қатер бар. Бірі – экологиялық апаттар болса, екіншісі – терроризм. Біріккен Ұлттар Ұйымы зұлымдықпен күресте күш біріктіру қажет деген ұстанымда. Қазақстан да Орталық Азия аймағының құрамдас бөлігі ретінде лаңкестік қылмыстарды айыптайды және қатаң жазалайды. Бүгінде қылмыспен күрестің қазақстандық моделі көпке үлгі.