Діни теріс ағым өкілдері есірткіге неге әуес?

Нашақорлық олар үшін сәнге айналды ма?

2020  жылы елімізде есірткі сату, тасымалдау бойынша 8 мыңға жуық қылмыстық іс қозғалған. Заңсыз айналымнан 15 тоннаға жуық есірткі тәркіленген.

2021 жылдың қаңтар айында ғана аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтау бойынша 90 қылмыстық іс  анықталды. Оның 59-ы есірткі сату, 28-і сақтау, 6- ы контрабанда дерегі. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 342 кело болса, оның 77 келосы гашиш, 600 грамы героин. 7 есірткі притоны анықталды. Солардың ішінде деструктивтік діни ағымды ұстанушылардың да үлесі бар…

Құқық қорғау органдарының жедел- іздестіру шараларының нәтижесінде ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы (есірткі, психотропты заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу)қылмыстарына қатысты бұлтартпас айғақтармен ұсталған деструктивті діни ағымды ұстанушылардың қылмыстарыжиі әшкереленуде.

 

Деструктивтік діни ағым мүшелері жасаған қылмыстар

Алматы. Бұрын сотталған  34 және 44 жастағы екі діни теріс ағымды ұстанушы есірткі сатып алу үшін қыз-  келіншектердің  алтын бұйымдарын тонаған. 2020 жыл 15 қазан.TAU NEWS

Алматы. 47 жастағы нашақор, деструктивтік ағым мүшесінен  6 орам есірткі (гашиш) табылып, тәркіленген.  Бұрын ұрлықпен айналысып, адамтонау бойынша істі болған. 2021 жыл 30 наурыз. TAU NEWS

.Нұр- Сұлтан қаласы. Деструктивтің діни ағымды ұстанушыдан аса ірі көлемде гашиш табылған. 2021жыл  8 ақпан. TAU NEWS

Нұр- Сұлтан қаласы. Есірткі тасымалдаған 4 деструктивтік діни ағым мүшесі ұсталды.Олар Сәтбаев, Қарағанды Жезқазған, Нұр-Сұлтан  қалаларына наша жеткізген. Тінту кезінде олардан муляз пистолет, қару-жарақтар, діни теріс ағым әдебиеттері, 15 түрлі патрон тәркіленген.

2021 жыл 4 наурыз. TAU NEWS

Түркістан облысы. 50 жастағы Түркістандық азаматтың үйінен марихуана – есірткі заттарымен қоса діни теріс ағымды насихаттайтын әдебиеттер табылған. «ҚазАқпарат» 2019 жыл 4 маусым.

Маңғыстау облысы. Маңғыстау облысы Полиция департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бұрын сотталған 40 жастағы азаматты есірткімен ұстады. TAU NEWS

Маңғыстауоблысы. Жаңаөзенқаласынан ірі көлемде марихуана- есірткі затын алып бара жатқан деструктік діни ағымды ұстанушы ұсталды.Ол медициналық анықтама нәтижесінде нашақор екен.TAU NEWS

Ақтөбе қаласы. Шалқар ауданының тұрғыны, деструктивтік ағымды ұстанушы, қылмыстық топтың бір мүшесі ұсталды. Одан 308 кело марихуана табылды.TAU NEWS

Аягөз қаласы. Көшеде жүріс- тұрысымен күдікті көрінген азаматтың қалтасынан көкнәр табылды. Ол діни теріс ағымды ұстанушы болып шықты.TAU NEWS

Орал қаласы. Орал қаласының 33 жастағы тұрғыны есірткі пайдаланып, масаң күйде көлік жүргізген. Деструктивтік ағымды ұстанушыны жол – патрульдік полициясы қуып жүріп, әзер  ұстады. Durbi.kz

Атырау қаласы.  2021 жылы 13 қаңтарда Атыраужәне Ақтөбе облыстары құқық қорғау органдарының бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларында есірткі тасымалдаумен айналысқан топ қолға  түсті.

Атырау қаласы.  Синтетикалық есірткі сатпақ болған  32 жастағы діни теріс ағым өкілі ұсталды.Одан тыйым салынған діни әдебиеттер, жарылғыш заттарды дайындайтын компоненттер тәркіленген.  «Каз ақпарат» 08.06.2020 жыл.

 

Орал- Қызылорда- Орал

немесе

Есірткі тасымалдау сапары

 2020 жылдың 3 тамызы күні Батыс Қазақстан облысының тұрғындары А.Нұғыманов пен Н.Губайдуллинірі көлемдегі есірткімен ұсталды. Құқық қорғау оргнадарының жедел- іздестіру шараларының нәтижесінде «Самара-Шымкент» тас жолында Батыс Қазақстан  облысының  Теректі ауданы, Бекей ауылы тұсында сұр түсті, «ВАЗ 2110» маркалы автокөлікке тінту жүргізгенде көлік салонында  жасыл түсті шөп тәріздес зат табылып, тексеру нәтижесінде оның  салмағы 1098,35 грамм болатын марихуана екені анықталған. Олар  есірткіні  ауыл, қала тұрғындарына сатуға және өздерінің шегуіне алып келе жатқандарын айтқан.

Сот іс қарады

          2021 жылдың 8 сәуіріндеБатыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 1,3 тармақтары, 296-бабының 2-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны, яғни  аса iрi мөлшердегі кептірілген есірткі затының заңсыз айналымын жүзеге асыруды мақсат еткені үшін Нұғыманов Айбек Жәрдемғалиұлы кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Нұғыманов Айбек Жәрдемғалиұлы 1992 жылы 11 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысында  туылған, Теректі ауданы, Ұзынкөл ауылының тұрғыны.Ұлты қазақ, орта білімді, бойдақ, жұмыста жоқ, бұрын сотталмаған. 2020 жылдың 6 тамызында «Күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасымен қамауға алынған.

 

Алдын ала сөз байласқан

 А.Нұғыманов және Н.Губайдуллин Қызылорда қаласында тұратын тергеумен анықталмаған тұлғалармен  алдын ала сөз байласып,  аса ірі мөлшердегі кептірілген марихуананы  сатып алып,  әрі қарай БҚО аумағында өткізу мақсатында заңсыз тасымалдап жеткізуді жоспарлап келіскен.

Олар 2020 жылдың 29 шілдесі күні  сағат 19.00 шамасында Орал қаласынан шығып, Қызылорда қаласына 30 шілде 2020 жылы сағат 10.00 шамасында жеткен. Үш тәулік бойы аса iрi мөлшердегі есірткі затын сатып алу үшін қажетті тұлғаларды іздеп, тауып, жалпы салмағы – 1098,35 грамм болатын аса ірі мөлшердегі кептірілген марихуананы  сатып алған.

Ж.Нұғымановтың сотта айтқаны:

Ол 2020 жылдың шілде айының басында  Н.Губайдуллинмен әңгіме барысында оның есірткі затын алғысы келетінін, «Егер Қызылордаға барып жатса, бірге жұмыс жасаған жігіттер есірткі затын алуға көмектеседі ме екен?» деп сұрағанын, ол туралы сол арада қызылордалық танысы М-ға звондап айтқанын, содан шілде айының соңына қарай Н.Губайдуллиннің Қызылорда қаласына баратынын, қасына жолсерік болып баруға өтініш білдіргеніне өзінің келісімін бергенін айтты.

Олар 29 шілдеде Қызылорда қаласына жолға шығады.

Қызылорда қаласында күтіп алған «М» деген азамат оларды жалдамалы пәтерге орналастырады. Сол жерде Н.Губайдуллин мен«М» өзара келісіп, «М» есірткі затын тауып беретінін айтқан. Н.Губайдуллин демікпемен ауыратынын, денсаулығына байланысты жүре алмайтынын айтып, 400 000 теңгені қолма қол және банкомат картасын беріп, ішінен 500 000 теңге шешіп алуды сұрағанын, ақшаны алған «М» «есірткі затын алып шығамын» деп Н.Губайдуллиннің  900 000 теңгесін иемденіп, қашып кеткенін, әрі қарай «М»-ны бірге жұмыс жасаған «Б» деген жігіт арқылы іздестіргенін, содан пәтерге «Б» келіп Н.Губайдуллинмен оңаша сөйлескенін және олардың басқа пәтерге барғанын, 2 тамыз күні кері  Оралға қарай жолға шыққандарын, автокөліктің артқы жағындағы табылған есіркі затын растайтынын, бірақ ол Н.Губайдуллинге тиесілі екенін,  оны кімнен, қаншаға алғанын білмейтінін айтқан. Жолда есірткі заты салынған пакеттің шетін тесіп, Н.Губайдуллин екеуі темекі орнына шеккенін, ешқандай ұйымдасқан топ және сөз байласу, жоспар болмағанын, аса ірі көлемдегі есіркі затын иемденуге, тасымалдауға және басқада нәрселерге қатысы болмағанын, Қызылорда қаласына Н.Губайдуллиннің өтініші бойынша барғанын және бару мақсаты қаланы көріп, жұмыстас болған жігіттермен жолығу болғанын, бірақ барғаны үшін ешқандай ақша немесе есірткі заты беріледі деген келісім болмағанын, тінту кезіндегі табылған есірткі затын қайдан алғаны есінде жоқ екенін, бірақ ол Орал қаласынан шыққаннан бері өзімен бірге шегу үшін алып жүргенін, яғни өзіне тиеслі екенін, жасаған әрекетіне шын ниетпен өкінетінін айтты.

 

Куәлер не деді?

 2020 жылы 3 тамыз күні сағат 16.00 –да  құқық қорғау  қызметкерлерінің жүргізген тергеу әрекеттеріне куәгер болып қатысқан Н.Қ.Шайдығалиев пенК.К.Рахметуллин «Самара – Шымкент» тас жолы бойында БҚО, Теректі ауданы, Бекей ауылының тұсында сұр түсті, «ВАЗ 2110» маркалы автокөлікке тінту жүргізілгенде автокөлік салонынан қара түсті полиэтиленді пакетке салынып, скотчпен оралған жасыл түсті шөп тәріздес заттың табылғанын айтты.

 Н.Губайдуллиннің айтқаны:

Сотқа дейінгі тергеу кезінде Н.Губайдуллин  2020 жылдың шілде айының басында А.Нұғымановпен кездесіп, одан марихуана сататын таныстары бар ма деп сұрағанында, А.Нұғыманов өзінің Қызылорда қаласында «М» есімді танысы  есірткі затын сататындығын айтып, алып келуге ұсыныс білдірген. Сол арада А.Нұғыманов «М» ұялы телефонына қоңырау шалып, одан марихуана тауып бере алатындығын біліп, шілде айының соңына дейін онымен  ұялы телефон арқылы сөйлесіп, келісім жасап жүрген.

Қызылордаға барған соң А.Нұғымановоны «М»- мен таныстырған және Қызылорда қаласындағы тағы бір танысы «Б» деген адаммен хабарласқан. «Б» оларға 1 кело көлеміндегі есірткі затын берген. Кейін олар марихуананының сыртын скочпен орап,  көліктің артқы орындығына қойған.

Жол-патрульдік полициясы тоқтатып, артынша  құқық қорғау қызметкерлері келіп тексеру жүргізіліп, автокөлік салонының ішінде өздері алып келе жатқан марихуананы тінтумен алып, барлық жүргізілген тінту әрекеттеріне хаттамалар толтырылғанын, марихуананы ауыл, қала тұрғындарына сатуға және өздері шегу үшін алып келе жатқандарын айтқан.

Алайда Н.Губайдуллинге қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1),2),3) тармақтарымен қозғалған қылмыстық іс оның қайтыс болуына байланысты Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы 1-бөлігінің 11) тармағымен ақталмайтын негіздермен тоқтатылған.

2020 жылдың 3 тамызындағы тінту кезінде А.Нұғымановтан қол сөмкесінен А-4 қағазына оралған зат табылып, сараптама қорытындысы бойынша ол2,33 грам кептірілген марихуанаболып шыққан.

Сотталушы А.Нұғымановтыңкөліктентабылған ірі көлемдегі кептірілген марихуананы «Есірткі менікі емес, ол Н.Губайдуллиндікі, Қызылордаға Н.Губайдуллиннің өтініші бойынша жолаушы ретінде бардым»деген уәждері шындыққа жанаспады.

         Оған төмендегі арнайы жедел-іздестіру шараларын өткізу әрекеттерінің аудиожазбалары дәлел болды.

А.Нұғыманов пен Н.Губайдуллин Қызылорда қаласындағы таныстарынан аса ірі көлемдегі есірткіні сатып алып, әрі қарай оны өткізу мақсатында қылмыстық жоспар құрғандарына олардың телефон арқылы сөйлескен сөздері дәлел болған.

А.Нұғымановтың Н.Губайдуллинге «Төртеу алсақ қалай жасаймыз?»,  «Біреуін мен алып алайын, под реал ше, Тәкең өзіне ала берсін. Сен Такеңе раскидайся, а мен с тобой раскидаюсь. Сен лям алып алсаң, братан анадан төрт жүз елу мыңнан, жүз мың расходың шығып тұр ғой, сен екеу алып қаласың ғой, сонда бәріміз тоннамен шығамыз ғой, тек мен қарызға алған сияқты боламын» деген сөздері А.Нұғыманов материалдық пайда табу мақсатында марихуананың бір бөлігін өзіне «под реализацию» беруге, яғни оларды заңсыз өткізуден түсетін ақша қаражатымен есептесетіні жөнінде ұсынысы олардың есірткі заттарын заңсыз өткізуге ниетті болғанын айқындайды.

Сондай-ақ, Н.Губайдуллин «Бару керек те, нормально ақша істеп бір машина алып алу керек, Российский»десе, ал А.Нұғыманов:  «Екі килограмм. Сезонында келсең, конечно алып кетеді. Лучше «Мерсті»  арзанға алып алайық үш жүз мыңға» деген сөздері есірткіні БҚО аумағына заңсыз тасымалдап жеткізген соң, есірткіге тәуелді тұлғаларға заңсыз өткізіп, одан түсетін ақшаға Ресейдің мемлекеттік тіркеуіндегі шетелдік «Мерседес» автокөлігін арзан бағаға сатып алып, кейін оны аса ірі мөлшердегі есірткі затына айырбастау жолымен есірткінің заңсыз айналымын әрі қарай жалғастыру жайлы өзара талқылағандары  олардың есірткіні заңсыз өткізуге ниетті болғанын тағы да айқындаған.

А.Нұғымановтың сотқа дейінгі тергеп тексеру кезіндегі айыбын толық мойындап көрсеткен жауаптарымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденген.

Нұғыманов Айбек Жәрдемғалиұлы ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1), 3) тармақтарымен, 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып және оған ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1), 3) тармақтарымен 11 (он бір) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен 80 (сексен) сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу белгіленді.

 Durbi.kz