Кабулдегі Қазақстан елшілігін талибандар күзетіп отыр
ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Қазақстан мен Талибан* арасындағы қарым-қатынастар жайлы айтты.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
ОТК бринфингінде сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин қазіргі таңда, Қазақстанның Ауғанстандағы жағдайды дамуын бақылауда ұстайтынын айтты.
Қазір бүкіл мемлекеттер Талибан* істері мен олардың айтқан сөздері қалай келетіне бақылауда ұстайды. Талибан* Кабулда! Бұл мемлекеттің келіссөздер жүргізуге икемін қараймыз, – деді Рахметуллин.
Сонымен қатар, Қазақстан мен Талибан* арасындағы байланыстар туралы айтып берді.
– Саяси деңгейде байланыс болған жоқ. Бірақ, біздің Кабулдағы елшіліктің хабары бойынша, Талибан* ел астанасын жаулап алу кезінде біздің елшілік орналасқан ауданға кірген. Елші сыртқа шығып, тәліптермен сөйлесті. Бізді Қазақстан елшілігі екенін білгеннен кейін, ештеңеден қорықпай, әрі қарай жұмыс істеумізді сұрады. Олар елшілікке «біз сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз етеміз» деді. Осы кезден бастап, біздің елшілікті күзетуге алды, – деп мәлімдеді сыртқы істер министрінің орынбасары.
«Талибан»* қозғалысы – Қазақстан аумағында тыйым салынған террористік ұйым