Ризабек Батталұлы сотталған азаматтармен кездесті

Белгілі теолог, исламтанушы-ғалым, «Нұр-Мүбарак Еипет ислам мәдениеті университетінің ғылыми қызметкері Ризабек Батталұлы Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде болып қайтты.


Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, бұл жұмыс барысында  мекеменің оқшауланған аймағындағы экстремизм мен терроризм баптары бойынша сотталған азаматтарымен кездесті. Іс-шара барысында алдымен топтық дәріс өткізді. Дәріс кезінде  жазасын өтеушілерге Құран аяттарының тәпсірі, иман негіздері, ақида, хадис ілімі туралы кеңінен мағлұмат берді. Содан соң, оларды жеке-жеке қабылдап, теріс діни көзқарастағы адасқан жандардың дінге қатысты ой-пікірін тыңдап, қойған сұрақтарына жауап берді.

Кездесу соңында соталғандар білікті маманмен өткген кездесуден алған  жағымды әсерін былайша жеткізді: – Бүгін мен бостандықта жүргенде тек әлеуметтік желіден, теледидардан көріп, уағыздарын тыңдаған жанмен кездестім. Ойымдағы күмәнді  сұрақтарыма тұщымды жауап алдым. Діндегі көзқарасым мен пікірімнің, ұстанған бағытымның дұрыс емес екендігін түсіндім. Келген қонаққа және осы кездесуді ұйымдастырған мекеме теологтарына алғысымды білдіремін, – деді Ө. есімді 19 жастағы ең жас жазасын өтеуші азамат.