Деструктивті діни ағымдардан зардап шеккен тұлғалармен сұқбаттар

Еліміз өткен тарих керуенінде талай белестер мен зар замандарды бастан кешіріп, соңғы 30 жылда ата-бабаларымыздың аманаты мен салып кеткен жолын бастамаға алып дәстүрлі құндылықтарымыз бен рухани мұрамызды жаңғыртауға талай мемлекет тарапынан бағдарламар мен ел мұрасын сақтап қалуға арналған бірегей жобалар іске асырылды.

Осы орайда халқымыздың сан ғасыр бойы ұстанып келе жатқан, дәстүрімізбен, елімізбен біте қайнасқан, рухани іргетасымызға айналған сонау Қарахан хандығы тұсында мемлекеттік дәрежеде ресми дін болып танылып Қазақ хандығы тұсында толығымен жерімізде таралған, ұлтымыздың ұлы ойшылдары Абай, Шәкірім, М.Көпейұлдарының ұстанымына айналған ислам діні Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында діни экстремизм мен терроризм құрбандарына айналған отандастырымыздың қайта бейімделуіне, рухани негізді бойына дарытуға бастама, негіз, тұғыр ретінде қолға алынды.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен оның жетегінде кеткен азаматтарымзды қайта бейімдеу мен оларға рухани негіз қалыптастыру жұмыстарымен Нұр-Сұлтан қаласы Дін мәселелерін зерттеу орталығының білікті психолог және теолог мамандары айналысып келе жатыр. Орталықта өткізіп жатқан іс-шаралар, семинарлар мен сабақтар деструктивті дін ағымдардан зардап шеккендердің көзқарасының өзгеріп, бейімделуіне өз әсерін тигізіп жатқандығы және басынан өткен оқиғалар туралы өткізілген интервью-сұхбаттың шағын көлемдегі нұсқасын ұсынып отырмыз. 

 

 

 

Айман Серікова

(Аты-жөні өзгертілген)

 

  • Айман ханым, жалпы өзіңізді қысқаша таныстыра кетсеңіз, яғни жасыңыз, біліміңіз жайлы...
  • Мен 40 жастамын. Білімім орта.
  • Қалай ойлайсыз, өзіңіздің діни жолға түсуіңізге бала кездегі ата-анаңыз берген тәрбие әсер етті деп ойлайсыз ба? Ата-анаңыз дінге жақын ба еді?
  • Ата-анам этникалық мұсылмандар еді. Олар намаз оқитын, ораза ұстайтын және садақа беретін. Бізге кішкентай кезімізден бастап дін туралы айтатын. Ненің дұрыс, ненің қате екенін үйретуге тырысатын. Бәлкім сол бала күнгі тәрбиенің әсері болар менде дін жолына түстім.
  • Дін өміріңізде қаншалықты орынға ие және діндарлықты қалай түсінесіз?
  • Бес уақыт намаз оқып, дінді өміріме серік етіп жүрген соң өзімді діндар адаммын деп есептеймін. Жүрегімде Аллаға деген сенім бар.
  • Сіздің діни біліміңіз өміріңізде туындаған діни сұрақтарға толық жауап бере алады деп ойлайсыз ба немесе діни сұрақтар туындағанда кімдерге жүгінесіз?

Көп жағдайда діни біліміміздің жетпей жататын кезі болады. Сондай кезде мешіт имамдарынан барып сұраймын.

- Мешіт имамдарының діни білімін қаншалықты бағалар едіңіз?

- Ол кісілердің діни білімінің мол болуы мен шариғатты жетік білуіне байланысты кез келген сұраққа түсінікті тілде жауап береді. Тіпті хадистерден мысал келтіріп отырып түсіндіреді. Сондықтан мешіт имамдарына барғанды жөн деп есептеймін.

- Мешіт имамдарынан басқа тағы діни тақырыптағы ақпараттарды қандай ақпарат көздерінен аласыз, мысалы діни сайттарды қарайсыз ба?

- Сонымен қатар, «Асыл арна» телеарнасын көріп, діни ақпараттарды аламын. Ал, түрлі интернет сайттарды қарау, ол жерде салынған ақпараттардың бәріне сене беру дұрыс емес деп ойлаймын.

- Намаз оқып, діни жолға бет бұруыңыз сіздің өміріңізге қандай өзгерістер алып келді деп ойлайсыз?

- Мен дін жолына түскелі мінез-құлқым жақсы жағына қарай өзгерді. Әр нәрсеге сабырмен қарайтын болдым. Дінге келуімді жақын туыстарым жақсы қабылдады. Бірақ, кейбір араласып жүрген достарыммен ара-қатынасымыз үзіліп қалды. Мен дінге келген соң араласқысы келмей қалғандары да болды. Мен де оларды іздеген жоқпын. Себебі, біздің көқарастарымыз сәйкеспейтін еді. Дегенмен менің араласатын достарым көп.

  • Діни жолда жүргендіктен ескі таныстарыңызбен араласпайтыныңызды айттыңыз, ал қазір сіздің досы бөтен адамдармен танысып, ары қарай араласып кету сіз қандай талаптар қоясыз?

Маған адамдармен араласу қиын емес. Бірақ, бейтаныс адамдармен бірден тіл табысып кете алмаймын. Алайда, араласа келе, ол адамды жете таныған соң және көзқарастарымыздың сәйкес келетінін байқасам жақын араласа беремін.

 

 

 

 

Назия  Танатова

(Аты-жөні өзгертілген)

 

  • Назия ханым, өзіңізді жалпы таныстырып кетсеңіз....

Менің есімім Назия. 43 жастамын. Білімім орта. Мектепті бітіргеннен кейін ата-анама көмектесіп үйде қалдым.

  • Бала кезіңіз мұсылмандық ортада өтті ме, яғни отбасыңыз діни рәсімдер жиі орындалатын ба еді?
  • Менің ата-анам өздерін мұсылманбыз деп есептейтін. Бірақ, аса діндар адамдар емес еді. Үйде ешқандай діни рәсімдер орындалмайтын. Балаларына да діни тақырыпта әңгіме айтпайтын.
  • Ал, сіздің дінге келуіңіз бен қазіргі кездегі діни жай-күйіңіз туралы айтып берсеңіз...
  • Мен өзімнің жүрек қалауым бойынша дінге келдім. Қазір өзімді діндар адаммын деп есептеймін. Менің ойымша Жаратушының бар екеніне сенетін адамды діндар адам деп атайды.
  • Дінге бет бұрғалы араласатын ортаңыз да өзгерді ме? Адамдармен араласу сізге қиындық тудыра ма?
  • Қазіргі уақытта дін ұстанатын адамдармен көбірек араласамын. Әрине, жақын құрбыларым мен достарым жетерлік. Өзім де бейтаныс адамдармен тез тіл табысып кетемін.
  • Қоғамда дін ұстанатын адамдардың құқығы жайлы не айта аласыз?
  • Қоғамда өзге адамдар тарапынан дін ұстанатын адамдарға қатысты жағымсыз көзқарастарды байқамадым. Жалпы, елімізде кез кезген дін өкілі тең құқылы деп есептеймін.
  • Жалпы өміріңізде дінге қатысты сұрақтар туындағанда жауабын қайдан, кімнен, яғни жауапқа қалай қол жеткізесіз?
  • Егер мен қандайда бір діни мәселелерге қатысты туындаған сұрақтың жауабын іздейтін болсам Құран кітабын алып оқимын. Жауабын содан табамын. Көбінесе ешкімнен сұрап, ешкімге жүгінбеуге тырысамын.
  • Құран кітабын тек сұрақтар туындағанда ғана оқисыз ба? Басқа қандай ақпарат көздерінен діни мағлұматтар іздейсіз?
  • Жалпы, маған Құран кітабын оқыған ұнайды. Сол кезде жаным жай табады. Бұдан басқа діни ақпарат көздерін іздемеймін. Ал, ғаламтор желісіндегі діни ақпараттар мен түрлі сайттар мүлде қызықтырмайды.
  • Дінге бет бұрып діни жолда жүргеніңізден бері өзіңіз және жақындарыңыз қалай өзгерді?

Мен дінге келгелі өз бойымнан үлкен өзгерістер байқамадым. Бұрын қандай болсам, қазір де сондаймын. Туған-туыстарым мен жақындарым да дінге келуімді жаңалық ретінде көрген жоқ. Үйреншікті жағдай ретінде қабылдады. Мен дінге өз қалауыммен, өзім үшін келдім.

 

 

 

Әйгерім Маратова

(Аты-жөні өзгертілген)

  • Әйгерім, өзіңізді және отбасыңызды таныстырып кетсеңіз..

Мен 30 жастамын. Қазіргі уақытта ата-анам өмірден қайтқан. Әкем ішкі істер органдарының қызметкері, анам аспазшы болып жұмыс істеді.

  • Бала кезеңізден дінге жақын болдыңыз ба?
  • Иә, ата-анам намаз оқыды. Ораза ұстап, «Құрбан айт» мерекесінде құрбандық шалып отыратын. Ол кісілер кей кездері Жаратушы туралы айтатын. Бірақ, дін туралы әңгіме қозғалмайтын.
  • Дінге келуіңізге бала кездегі алған тәрбиеңіз себеп болды ма, әлде?

Осындай отбасында тәрбие алғандықтан болар, мен де дінге деген көқарасым дұрыс болды. Негізі менің дінге келуіме жездем себепші болды. Ол кісі діннің адам өміріндегі маңызы туралы жиі айтатын.

  • Діндарлық сөзін қала түсінесіз, өзіңізді діндар адам ретінде санайсыз ба?
  • Қазір өзімді діндар адаммын деп есептеймін. Менің ойымша діндар адам деген Аллаға сенетін, жамандық жасамайтын адам.
  • Қоғамда әр түрлі тарап өкілдері бар, ал сіз қоғамдақандай белгілермен ерекшеленіп тұрамын деп ойлайсыз?
  • Негізі біздің жамағат мүшелері өздерінің сыртқы келбетімен басқа қоғам мүшелерінен ерекшеленіп тұрады. Олардың хиджаб киіп, ұзын көйлек киіп, сақал жібергендерінен дін жолында жүрген адамдар екенін аңғаруға болады.
  • Айтып отырғаныңыздай, сіздің жамағат тек өзара ғана араласып, басқа дін өкілдерімен араласуға тыйым салады ма?

Бірақ, біздің жамағат мүшелері тек өзара ғана араласып, шектеліп қалмайды. Олар өзге дін өкілдерімен де араласып, жақсы қарым-қатынас жасайды. Христиан дінін ұстанатын азаматтармен де араласамыз. Арамызда ешқандай алауыздық жоқ.

  • Өзіңіз ислам өкілі ретінде қоғамда кемісітушілікке ұшыраған кезіңіз немесе басқа да сондай жайттар болғанынынан хабардарсыз ба?
  • Дегенмен, дін саласында мені толғандыратын бір мәселе бар. Еліміздегі барлық дін өкілдері тең құқылы деп ойламаймын. Бірақ, елімізде ислам дініне деген кемсітушілік бар. Кей жағдайда ислам дінін ұстанатын адамдарға қысым көрсетіліп жатады. Мен неліктен Қазақстанда осындай жағдайдың орын алғанын түсінбеймін.
  • Түсінікті. Ал, діни ақпараттарды және діни сұрақтардың жауабын қайдан іздейсіз?

Сонымен қатар, діни мәселелерге қатысты сұрақтардың жауабын ешқайдан іздемеймін. Маған діни мәселелерді үйдегі жолдасым үйретеді. Өзге ешкімнен сұрамаймын. Одан бөлек «Асыл арна» телеарнасын көремін. Сол жерден діни ақпараттарды аламын. Ал, басқа діни ақпараттар жазатын интернет сайттарды қарауға мүлде қызығушылығым жоқ.

  • Дінді танып, дінге келгелі өзіңіз бұрынғы кезіңізден қаншалықты өзгердіңіз және жақындарыңыздың сізге деген көзқарасы қандай болды?

Мен дінге келгелі мінез-құлқымда біраз өзгерістер болды. Сабырлы болуға үйрендім. Әр нәрсеге алаңдап, тез ашуланатын мінезімнен арылдым. Маған дінге келу қандайда бір қиындық тудырған жоқ. Туыстарым мен жақындарымның ешқайсысы қарсы болмады. Керісінше барлығы қолдау көрсетті.

  • Ал, достарыңыз бен құрбыларыңыз тарапынан қандай іс-әрекетер орын алды?

Бірақ, құрбыларым мен достарымның арасында менен теріс айналғандары болды. Мен оның нақты себебін білмеймін, олардың не ойлағандары маған беймәлім. Әйтеуір қазір кейбіреулерімен қарым-қатынасымыз үзілген.

 

 

 

Саламат Алғабасова

(Аты-жөні өзгертілген)

  • Саламат ханым, өзіңізді және өскен ортаңыздың діни жағдайын айта кетсеңіз...
  • Менің есімім Саламат, 42 жастамын. Жоғары білімім бар. Ата-анам намаз оқитын, ораза ұстайтын. Әкем үнемі құран оқитын. Әкем мен анам кей кездері дін туралы әңгіме айтатын. Олар маған мешітке бару керектігін айтып отыратын.
  • Дінге келуіңізге бала кезіңізде естіп көрген ақпараттар өз әсерін берді деп ойласыз ба?
  • Иә, соның нәтижесінде дінге жақын болып өстім. Кейін өзімнің қалауым бойынша дінге келдім.
  • Өзіңізді дінмен қалай байланыстырасыз? Діндарлық ұғымын қалай түсінесіз?
  • Қазір өзімді діндар адаммын деп айта аламын. Жүрегінде Аллаға деген махаббаты бар, мейрімді адамды діндар адам деп есептеймін.Мен дінге өзім үшін келдім. Бес уақыт намазды да өзім үшін, ниетіммен оқимын.
  • Жақындарыңызбен, араласатын ортаңызбен және бейтаныс адамдармен араласуыңызға сіздің діни көзқарасаңыз қиындық туғызды деп ойлайсыз?
  • Менің дінге келуім өзге адамдармен қарым-қатынас жасауыма қиындық тудырған жоқ. Болашақта да тудырмайды деп ойлаймын. Себебі, ислам діні – хақ дін. Сондықтан кез кезген бейтаныс адаммен оңайлықпен ортақ тіл таба білемін. Ешкімді де жатырқамаймын. Бәлкім, соның нәтижесі болар жақындарым да, достарым да көп.
  • Елімізде болып жатқан діни жағдай туралы не айтар едіңіз?
  • Қазіргі уақытта қоғамда түрлі діни ағымдар пайда болып жатыр ғой. Дәстүрлі емес діни ағымдардың Қазақстанда кеңінен таралуына шет мемлекеттердің де ықпалы болуы мүмкін. Түрлі діни ағымдарға кіріп жатқандар бар. Оның бәрі адамның тәрбиесіне байланысты деп ойлаймын.
  • Дінге келгеннен бастап өміріңізде нендей өзгерістер орын алды?
  • Менің ата-анам жақсы тәрбие берді. Бойыма дәстүрлі құндылықтарды сіңірді. Мен дінге келсем де ештеңе өзгермеді. Мінезім де, ұстанымым да бұрынғыдай. Тек, дінге келгелі достарымның қатары өзгерді.
  • Сонда, сіз тек діни жолда жүрген кісілермен ғана араласатын болдыңыз ба? Ал, бұрынғы араласатын ортаңызбен әлі де болсын байланысыңыз бар ма?
  • Қазіргі араласатын достарымның бәрі намазхан адамдар. Алыс қалада тұратын кейбір құрбылармен және таныстармен араласпаймын. Бүгінгі күні тек намазхан адамдармен жақын араласамын.
  • Жалпы, дінге қатысты ақпараттарды қандай дерек көздерінен аласыз? Қандай діни сайттарды қызығып оқиысыз?
  • Діни мәселелерге байланысты ақпараттарды көбінесе мешіттен аламын. Өзім үйде отырған ана болғаннан кейін басқа ешқайда шықпаймын. Интернеттегі діни ақпараттар жазылған сайттарға кірмеймін. Оған ешқандай қызығушылығым жоқ.

 

 

 

Дана Асылбекова

(Аты-жөні өзгертілген)

 

  • Өзіңізді таныстырып, қашан және қалай дінге келгеніңізді айтып берсеңіз?
  • Менің есімім Дана. 20 жастамын. Дінге келгеніме 9 ай ғана болды. Бұрын намаз оқитын құрбыларыма қызыға қарайтынмын. Мен дінге алдын ала дайындықсыз, күтпеген жерден келдім. Жаңа жылдың қарсаңында жұмыстан шығып кетіп, жұмыссыз үйде отырғанмын. Келісілген күні жұмыс берушімен болатын әңгімелесуге баруым керек болатын. Неге екенін білмеймін әңгімелесуге барғым келмей қалды. Әлі есімде, сол күні жұма болатын. Менің мешітке барғым келді. Көп созбай бірден мешітке келдім. Сол жерде ұстазбен таныстым. Ол кісі маған не істеу керек екенін байыппен түсіндірді. Маған құранның алғышарттарын үйрете бастады. Жаттап келу үшін алғашқы сүрені берді.
  • Осы жайттан кейін үйреншікті өміріңіз қалай және қандай бағытта өзгергені туралы айтып бере аласыз ба?
  • Мен мұсылман әйелдің етек-жеңін жинап, жабық киініп жүру керек екенін ұқтым. Бір күннің ішінде шешім қабылдап, ертесінде хиджап сатып алдым да жабық киіне бастадым. Бірақ, менің ата-анам шошып кетті. Анам не істерін білмей абдырып қалды. «Сен кеше ғана өзге жоспарларыңмен жүрген едің, бүгін хиджаб киіп алыпсың. Аяқ астынан саған не болды?» – деп таң қалды. Мен бұны сынақ ретінде қабылдадым. Тіпті іс-әрекеттерімнен фанатизмнің нышаны байқалып тұрды. Бұны маңайымдағы адамдар да байқай бастады.
  • Жоғарыда айтып кеткеніңіздей мешітке барып, дінді үйрендім дедіңіз. Кейін де мешітке баруды жалғастырып тұрдыңыз ба?
  • Иә, әрине. Менің өмірімдегі оқиғалар тізбегінің қарқынды өрбігенін, дінге бірден кіріп кеткенімді ұстазым да байқады.Ол кісі мені әңгімеге тартып, бұлай істеудің дұрыс емес екенін түсіндіре бастады.«Ислам діні – ең таза дін, ислам – ол меймейірімділік. Ата-ананы қорқытуға, оларды ренжітуге болмайды. Әр нәрсені біртіндеп істеу керек» – деп түсіндірді.
  • Ұстазыңыздың сөзінен кейін, ол кісден рұқсат сұрап, дінді жұмсақ түрде жеткізу керектігі туралы ой болмады ма?
  • Шынында анам екеуміздің арамыздағы қарым-қатынас күрделі болатын. Мен ол кісінің намаз оқуыма қарсы болатынын біліп ашық сөйлесе алмадым. Сондықтан намаз оқу туралы шешімді ешкіммен ақылдаспай өзім қабылдадым.
  • Анаңызбен ара-қатынасыңыз бұрында да намаз оқымай тұрған кезде де күрделі болған сияқты, менің ойымша. Ол мүмкін сіздің мінезіңізге байланысты болар деп ойлмадыңыз ба?
  • Негізі мінезім тұйық. Кісіге аса үйір емеспін. Әсіресе бейтаныс адамдармен тез тіл табысып кете алмаймын. Тыныштықты ұнатамын.

 

 

 

Айым Ашимова

(Аты-жөні өзгертілген)

 

  • Айым ханым, өзіңіздің жайлы және ата-анаңыздың, жалпы отбасыңыздан көрген діни тәрбиеңіз туралы айтып бере аласыз ба?
  • Мен 40 жастамын. Ата-анам зейнет жасындағы адамдар. Өздерін мұсылманбыз деп есептейтін. Бірақ, намаз оқымайтын. Бізге дін туралы әңгіме айтып көрген жоқ. Кейбір діни рәсімдерді ұстанатын. Реті келгенде құрбан шалатын.
  • Отбасыңыздан жеткілікті діни тәрбие алмасаңыз да, дінге келуге не себеп болды деп ойлайсыз?
  • Ал, өзім дінге 22 жасымда келдім. Сол жылы қатты ауырып, ауруханаға түстім. Отадан кейін жансақтау бөлімінде есімді жиғанда жақын маңда орналасқан мешіттен шыққан азан дауысын естідім. Мен бұны Алладан келген белгі ретінде қабылдадым. Ауруханадан шыққаннан кейін намазға жығылдым.
  • Діндарлық ұғымын қалай түсінесіз, өзіңізді діндар адам ретінде санай аласыз ба?
  • Қазіргі уақытта өзімді діндар адаммын деп есептеймін. Менің ойымша бес уақыт намазын қаза қылмай, шариғат талаптарына сай өмір сүретін адам – діндар адам.
  • Күнделікті, діни сұрақтар туындағанда қандай ғаламтор беттерінен қарайсыз, жауабын кімдерден сұрайсыз, кімдерге жүгінесіз?
  • Дегенмен, кей кездері діни сипаттағы мәселелерді тереңірек білудің, діни сұрақтардың жауабын табудың қажеттілігі туындайды. Осындай кездері Арман Қуанышбаев, Ерлан Ақатаев тәрізді ұстаздардың уағызын тыңдаймын. Өзге интернет сайттарға кіріп діни ақпараттар іздемеймін.
  • Дінге бет бұрып, дін белгілеген қағидалармен жүре бастағаннан кейін өміріңізде қандай өзгерістер орын алды?
  • Дінге келгелі мінезімде айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. Өзім байсалды адаммын. Үйреншікті, қалыпты жағдайды қалаймын. Өзгерістерді ұнатпаймын. Ұрыс-керістен аулақ жүруге тырысамын. Адамдармен тіл табысу қиындық тудырмайды. Бірақ, араласатын достарым аз.

 

 

 

ДанараТулеубаева

(Аты-жөні өзгертілген)

 

  • Сұрақтар қоймас бұрын, өзіңізді және туып өскен отбасыңыз жайлы қысқаша баяндап берсеңіз..
  • Мен 27 жастамын. Білімім аяқталмаған орта. Толық емес отбасында өстім. Ата-анам ажырасқан кезде мен анаммен қалдым. Анам күні бойы жұмыста болды. Маған қарауға уақыты болған жоқ. Мен туыстарымның қолында жүріп өстім. Анамның мейірімін көрген жоқпын. Бәлкім содан кейін болар арамыздағы қарым-қатынас күрделі болды.
  • Яғни, сол кездерде әкеңізбен хабарласып, араласып тұрдыңыз ба?
  • Жоқ,мен17 жасқа толғанда әкеме келдім. Ол кезде әкем Астана қаласында тұратын. Намаз оқып, дін жолында жүрген.
  • Әкеңізбен кездескеннен кейін өміріңізде қандай өзгерістер орын алды?
  • Мені өзімнен 34 жас үлкен намаз оқитын адамға тұрмысқа берді. Мен болашақ жарымның кім екенін, қандай адам екенін білмесем де әкемнің айтқанына қарсы шыға алмадым. Сөйтіп дін жолында жүрген адамның жары болдым. Сәйкесінше мен де дінге келдім.
  • Дінге келіп, өзіңізден біраз жас үлкен кісіге тұрмысқа шығуыңызбен өміріңіздегі өзгерістер тоқталып қалмаған сияқты..
  • Иә, біраз уақыт өткеннен кейін әкем, ағам және жарым Сирияға аттанды. Мен бірге кеттім. Соғыста әкем, ағам, жарым қаза тапты. Мен мүлде жалғыз қалдым. Жалғыз басты әйелдің елден жырақ жерде өмір сүруі өте қиын. Мен де барлық қиындықты басымнан кешірдім.
  • Барлық туған туыстарыңыздан айырылғаннан кейін, кешірім сұраймын осы сұрағым үшін. Бөтен елде ары қарай қалай өмір сүрудің жолдарын қарастырдыңыз?
  • Ақыры Ресей азаматына тұрмысқа шықтым. Бұл некеден бір ұл дүниеге келді. Алайда, соғыс ошағы өршіп тұрған жерде өмір сүруге қолайлы жағдайдың жоқ екені белгілі. Тиісті медициналық көмек, тазалық және дұрыс тамақтану болмаған жерде денсаулықтың да болмайтыны анық. Ұлым ауырып, жасқа толмай қайтыс болды.
  • Осы жасаған таңдауыңыз үшін өкінген кездеріңіз болды ма,
  • Иә,өзімнің шалыс басып, үлкен қателік жасағанымды түсіндім. Елге оралу арман болды.
  • Елге оралуыңыз қалай іске асты?
  • 2019 жылы мемлекет тарапынан ұйымдастырылған «Жусан» гуманитарлық операциясының нәтижесінде Қазақстанға оралдым. Барлық қиындықтар артта қалды. Адасқан азаматтарын далаға тастамай елге әкелген мемлекетімізге алғысым шексіз.
  • Қазіргі жай күйіңізді сипаттап берсеңіз, өткеннің бәрінің ұмытылуы қиын ғой....
  • Әрине, бәрі ұмыт болды, жан жарасы жазылды деп айта алмаймын. Бірақ, жағдайым бұрынғыдан әлдеқайда жақсы. Өмірге қайта келгендеймін. Енді ғана ашылып келемін. Мемлекеттің қамқорлығын сезінемін.

 

Ұсынылып отырған сұхбат жастайынан  өмірдің ирелең жолдарын көрген, тағдырдың кермек дәмін татқан білімсіздік пен аңқаулықтың себебінен теріс ағым жетегіне кеткен әйелдердің бастан кешкен оқиғалары ұсынылды. Теріс ағым арбауының жетегінде кеткенін өздері білмей ата-анасының ақылын тыңдамай, туған-туыстарына, жақынадарына қарсы шығып өз дегенін дұрысқа шығарған кездерін айтып, өкінетіндіктерін, алдарында кінәлі екендіктерін көздеріне жас ала отырып есіне алып, баяндап берді.

Бастан кешкен оқиғалары басқаларға  сабақ болсын, теріс ағымның алдап-арбауының салдары кейін тек өкініш пен қайғы алып келетінін ескертті және  жаман пиғылдағы дін өкілдерінің алдын алуға өздерінің оқиғасы септігін тигізер деген үмітте сұхбатқа келіскендіктерін айтты.

Орталықтың бастамасымен ұйымдастырылған сұхбат қоғамда теріс ағымның жетегінде жүрген азаматтарды бейімдеу мен алдын алу мақсатында іске асып отыр.  Осы тұрғыда дінге қызығушылық танытып жүрген  азаматтар мен қарапайым оқырмандарға  діндер жайлы ақпарат беруге және дін саласында туындаған мәселелерге  жауап беруге Нұр-Сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығы әрқашанда дайын!