Әйгерімнің ата-анасы ажырасқанда ол өтпелі жастағы жеткіншек еді. Содан болар жақындарының жат боп кеткенін ауыр қабылдады. Айналасымен араласуды доғарады. Тіпті, көптен күткен жұмысынан шақырту түскен күні ол кеңсеге емес, базарға барып, қараға тұмшаланады.