Динара Сириядағы сойқанға қатысқаны үшін 12 жылға сотталған Аманжол Жансеңгіровтің жұбайы. Олардың махаббат хикаясы шытырман оқиғаға толы. Отағасы аудандық әкімшілікте жұмыс істеді. Кейін жалақысы аз деп, діни тауарлардың саудасына кетті. Тәкпіршіл топтың торына түскен азамат Ауғанстаннан бір-ақ шықты. Кейін Шам жеріне ойысты. Халықаралық террорлық топтың құрамында болғаны үшін ұзақ уақытқа сотталды.